Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Бекітемін: _________________________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні: “__”___________”____”

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу

Сабақтың типі

Дағдыларын қалыптастыру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.13 Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

Сабақ мақсаттары

Таңбалары әртүрі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығару дағдыларын дамыту;

Өзін өзі бақылау және өзіне анализ жасау дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсаттарына жетеді:

-таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін білсе;

-таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығара алса.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды біледі. Күнделікті тұрмыста қолданылуын түсінеді.

- қандай санның рационал сан болатынын ауызша және жазбаша түсіндіреді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

- бүтін сан;

- рационал сан;

- оң сан;

-теріс сан;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- таңбалары бірдей сандардың қосындысы;

- таңбалары әртүрлі сандардың қосындысы;

Рационал сан – rational number

Бүтін санinteger

Құндылықтарды дарыту

- құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

- ынтымақтастық; топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

- ашықтық; топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу;

- еңбек және шығармашылық; берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау білу;

- өмір бойы білім алу; натурал көрсеткішті дәреженің қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.

Пәнаралық байланыстар

Ой өрісін кеңейту. Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады .

Бастапқы білім

Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі. Математика-6 кл.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 -2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Көңіл-күйім бүгін менің тамаша,

Достарыммен сыйласамын жараса.

Уақыт, қадам, салмақты да өрнектер

Сандар сырын терең ұғып қараса.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау,

Бағалау критерийімен таныстыру

Презентация

1-3 слайд

Сабақтың ортасы

3-6 минут

7-11 минут

12-15 минут

16-18 минут

19-21 минут

22-23 минут

24-37 минут

Жедел сұрақ. Оқушылар шеңбер құрайды. Мұғалім кез келген бір оқушыға доп лақтырады және сұрақ қояды. Оқушы сұраққа жауап беріп, допты кері қайтарады. Мұғалім осы әрекетті сұрақ санына сәйкес бірнеше рет қайталайды.

1. Натурал сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді? (N).

2. Рационал сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді? (Q).

3. Күн жүйесі жиынына кіретін элементтерді атаңыз (Жер, Марс, Меркурий, Нептун Сатурн, Юпитер, Шолпан, Уран,).

4. Ауа температурасын өлшейтін құрал қалай аталады? (термометр)

5. Натурал сандарды қосу амалының қандай қасиеттерін білеміз? (ауыстырымдылық және үлестірімділік)

6. Кез келген санға қандай санды қосқанда нәтижесі өзгермейді? (нөлді).

7. Нүктенің координаталық түзу бойында орналасуын қалай түсінесің? (өз сөзімен)

8. Ауа температурасының 0 градустан жоғары көтерілгені немесе 0 градустан төмен түскенін қалай түсінесің? (өз сөзімен)

3. Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту.

Класқа сұрақ: 4 слайд

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қалай қосу керек?

Топтық жұмыс (төрт топ)

Амалдарды орындаңыз және нәтижесін жазыңыз:

1 топ тапсырмасы:

2 топ тапсырмасы:

3 топ тапсырмасы:

4 топ тапсырмасы:

Дескрипторлар:

-бүтін сандарға сәйкес нүктелерді координаттық түзуде таба біледі;

-таңбалары әртүрлі сандарды қосуды орындайды;

- нәтижесін жазады.

Әр топ жұмыстарын қалай орындағанын қорғайды.

Bilimland-Арифметика-Бүтін сандар (3 мин)

Видеосабақ: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580

Таңбалары әртүрлі модулдері тең емес екі санды қосу үшін:

1. үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

2. шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.

1-мысал

Қысқаша:

2 мысал:

қысқаша:

3 мысал:

Бөлімдері бірдей әрі таңбалары оң екі бөлшекті қосқанда бөлімдерін өзгеріссіз қалдырып, алымдарын қосады.

Мысал:

Қарама-қарсы бөлшектердің қосындысы нөлге тең. Мысалы,

Сергіту сәті.

Ал, қазір біз өзіміздің омыртқаларымыздың тынығуына мүмкіндік берейік, және координаттық сәуледе сандардың орналасуын қайталап алайық. Бәріміз орнымыздан тұрамыз. Қолымызды қаусырып, «құлыптап» ұстап, жоғары созамыз. Егер мен оң санды атасам, оң жаққа. теріс санды атасам сол жаққа иілеміз. Мұқият болыңыздар.

6; -11; -4,5; 6; -9,2; 0; -7; 8; -; 2,23; -2,8; -10; 200; 0.

Мен 0 цифрын атағанда неге иілмейсіздер?

Топтық жұмыс Есептер мына ретте бөлінеді:

№1

№2

№3

№4

1 топ

1, 2, 3

1, 2

1

1

2 топ

4, 5, 6

3, 4

2

2

3 топ

7, 8, 9

5, 6

3

3

4 топ

10, 11, 12

7, 8,

4

4

№1. Есептеңіздер:

№2. Есептеңіздер:

№3. Кестені толтырыңыздар:

№1

№2

№3

№4

a

b

a+b

№4.

сандарының ішінен:

Теңдеулерінің түбірлерін тауып, х-ті орнына қойып, тексеріңіздер.

Дескрипторлар:

- Таңбалары әртүрлі модулдері тең емес екі санды қосу ережесін біледі;

- үлкен модульден кіші модульді азайту амалын орындайды;

- шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қояды;

- қарама-қарсы бөлшектердің қосындысы нөлге тең екендігін біледі;

-нәтижесін жазады.

Топтық жұмысты оқушылар өзара тексереді, мұғалім бақылайды.

4 слайд

Математика 6 класс, Т.Алдамұ-ратова., Алматы, «Атамұра» 2012.

Математика 6 класс, С.М.Никольский,. М: Просвещение -2012

Презентация

5 слайд

6 слайд

http://bilimland.kz/kk/content/structure/863-algebralyq_ornekterdi_turlendiru#lesson=10063

1 қосымша

7-слайд

2 қосымша

8-9 слайд

Матема-тика 6 класс, Т.Алдамұ-ратова., Алматы, «Атамұра» 2012.

Математика 6 класс, С.М.Никольский,. М: Просвещение -2012

Презентация

Сабақтың соңы

38-40 минут

Үйге тапсырма №442, 448

Рефлексия

1) Рационал сандарды қосуды дұрыс ұғына алдың ба?

2) таңбалары әртүрлі сандарды қосудың қасиетін қолдана алдың ба?

3) берілген тапсырмаларды қаншалықты дұрыс жаза білдің?

10 слайд

11 слайд

Математика 6 класс, Т.Алдамұратова., Алматы, «Атамұра» 2012.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Оқушылардың ерекшелігін ескеріп, деңгейлік тапсырмалар беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Дифференциациялық тапсырмалар беру арқылы қабілеті жоғары оқушыларға өз білімін арттыру

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Жаңа сабақты меңгеру деңгейін бекіту мақсатында топтық тапсырмалар жүргізіледі және алған білімін тексеру үшін бағалау тапсырмасы жүргізіледі.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында кластағы қауіпсідік ережесінің сақталуын ұйымдастыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты тақырыпқа сәйкес қойылған. Натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын пайдаланып, есептер шығарту арқылы оқу мақсатына қол жеткізу;

жеке қабілетін ескеру мақсатында деңгейлік тапсырмалар орындату;

Сабақ кезеңдері сақталуын, жоспардан ауытқымауын бақылау;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу