Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Аскарбаев Б., Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.13 таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Оқушы:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
оң бағыт; теріс бағыт. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықты дарыту |
оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;
жұптық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;
жұппен жұмыста өз пікірін ашық айту және құрдасының пікірін тыңдай білу;
берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау;
таңбалары әр түрлі рационал сандардың қосындысын табуды үйрену арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу. | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады. Таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу амалдарын қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды және физикада, химияда, биологияда, географияда пәндерінде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі. | |||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 3-6 мин |
Сабақтың сабақ тақырыптары мен мақсаттарын тұжырымдау және жазу. Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу. Сабақтың мақсаты: Оқушылар таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуды үйренеді. Бағалау критерийін оқушылармен бірге құрастыру Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді. Өзара бағалау. Білім жаңғырту Сөйлемді аяқтаңыз: •1. қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан… •2. кез келген санның нөлмен қосындысы... •3. қарама-қарсы сандардың қосындысы... •4. қарама – қарсы сандардың ... өзара тең Оқушы тапсырманы жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң слайдтағы дайын жауабымен бір – бірін тексереді. | Қосымша1. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
7-11 мин 12-15 мин 16-18 мин 19-21 мин 22-23 мин 24-37 мин | Өтілген тақырыпты есептерді шығару арқылы бекіту. Жұптық жұмыс: 1 – тапсырма Фирманың ақша есебінің өзгерісі бірінші айда +5,8 млн тг, екінші айда -3,1 млн тг, ал үшінші айда +0,6 млн тг болды. Фирманың үш айдағы ақша есебінің өзгерісі неше тг? Фирма зиян шеккен бе, әлде пайда тапқан ба? Жауабы: +3,3млн пайда 2 – тапсырма Таңертең ауаның температурасы +8 С болды. Түсте +4 С – қа өзгерді. Кешкі ауаның температурасы тұске қарағанда -3 С-қа өзгерсе, түн ортасында тағы да -2 С – қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды? Жауабы: +7 градус болды 3 – тапсырма Жұлдызшаның орнына «+» немесе «-» таңбасын қойыңдар:
Жауабы: 1)+,- 2)+,- 3)+,+ 4)+,- 5)+,- 4 – тапсырма
Жауабы: 1)6,45а 2)-61,05с 3)9,23д 4) -15b Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады. Жаңа сабақты бекіту. Өзіндік жұмыс: 1 тапсырма. Ауа шары Жер бетінен 400 м биіктікке көтеріліп алған соң, өзінің ұшу биіктігін -70 метрге өзгертті. Сонан соң тағы да -130 метрге өзгертіп, қайтадан +100 метрге өзгертті. Ауа шары соңғы ретте Жер бетінен неше метр биіктікте болды? 2 – тапсырма
3 тапсырма. Футбол ойынының нәтижесі команданың қарсыластарының қақпасына ұрған доп саны мен (+) өз қақпаларына өткізіп алған доп санының (-) айырмасымен есептеледі. Кестені толтырып,ойын нәтижесін анықта:
Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды. | Қосымша2. Матема-тика 6 класс, Т.Алдамұратова., Алматы, «Атамұра» 2012. Қосымша3. Қосымша4. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Сабақты қорытындылау: Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: 1.Нені үйрендім? 2.Нені білгім келеді? 3.Нені түсінбедім? | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау . Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және өзін-өзі бағалайды. | Сабақты бекіту кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасататылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?