Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.13 таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
оң бағыт; теріс бағыт. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықты дарыту |
оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;
жұптық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;
жұппен жұмыста өз пікірін ашық айту және құрдасының пікірін тыңдай білу;
берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау;
таңбалары әр түрлі рационал сандардың қосындысын табуды үйрену арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қоршаған ортада кездесетін өлшемдері әртүрлі шамаларды есептеуде таңбалары әртүрлі сандарды қосу тақырыбында алған білімдерін қолданады. Таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу амалдарын қолдану күнделікті өмірде есептеулер жүргізу үшін маңызды және физикада, химияда, биологияда, географияда пәндерінде сандық есептеулер жүргізуге көмектеседі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Рационал сандарды салыстыруды, координаталық түзуде кескіндеуді және координаттық түзу көмегімен қосуды біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 -2 мин 3 -6 мин |
Көңіл-күйім бүгін менің тамаша, Достарыммен сыйласамын жараса. Уақыт, қадам, салмақты да өрнектер Сандар сырын терең ұғып қараса.
Бағалау критерийін оқушылармен бірге құрастыру Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар жұп болып жұмыс жасап, бір-бірінің есебін тексереді. Өзара бағалау. Жедел сұрақ. Оқушылар шеңбер құрайды. Мұғалім кез келген бір оқушыға доп лақтырады және сұрақ қояды. Оқушы сұраққа жауап беріп, допты кері қайтарады. Мұғалім осы әрекетті сұрақ санына сәйкес бірнеше рет қайталайды. 1. Натурал сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді? (N). 2. Рационал сандар жиыны қандай әріппен белгіленеді? (Q). 3. Күн жүйесі жиынына кіретін элементтерді атаңыз (Жер, Марс, Меркурий, Нептун Сатурн, Юпитер, Шолпан, Уран,). 4. Ауа температурасын өлшейтін құрал қалай аталады? (термометр) 5. Натурал сандарды қосу амалының қандай қасиеттерін білеміз? (ауыстырымдылық және үлестірімділік) 6. Кез келген санға қандай санды қосқанда нәтижесі өзгермейді? (нөлді). 7. Нүктенің координаталық түзу бойында орналасуын қалай түсінесің? (өз сөзімен) 8. Ауа температурасының 0 градустан жоғары көтерілгені немесе 0 градустан төмен түскенін қалай түсінесің? (өз сөзімен) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
7-11 мин 12-15 мин 16-18 мин 19-21 мин 22-23 мин 24-37 мин | Жаңа сабақты түсіну Жаңа тақырыпты проблемалық оқыту Сыныппен жұмыс: Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қалай қосу керек? Топтық жұмыс (төрт топ) Амалдарды орындаңыз және нәтижесін жазыңыз: 1 топ тапсырмасы: 2 топ тапсырмасы: 3 топ тапсырмасы: 4 топ тапсырмасы:
Жауабы: 1 топ тапсырмасы: 1)-3 2)5 3)0 4)-6,4 2 топ тапсырмасы: 1)5 2)-3 3)0 4)6,4 3 топ тапсырмасы: 1)-3 2)3 3)0 4)1,8 4 топ тапсырмасы: 1)-3 2)4 3)0 4)-1,8 Дескриптор: Білім алушы -бүтін сандарға сәйкес нүктелерді координаттық түзуде табады; -таңбалары әртүрлі сандарды қосады; - нәтижесін жазады. Әр топ жұмыстарын қалай орындағанын қорғайды. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс: Оқушыларға видеосабақ ұсынылады. Жұпта видеосабақты көріп болғаннан кейін, талқылау ұсынылады. Оқушыларды өздері қорытынды шығаруға жетелеу. Bilimland-Арифметика-Бүтін сандар (3 мин) Видеосабақ: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580 Таңбалары әртүрлі модулдері тең емес екі санды қосу үшін: 1. үлкен модульден кіші модульді азайту керек; 2. шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек. 1-мысал Қысқаша: 2 мысал: қысқаша: 3 мысал: Бөлімдері бірдей әрі таңбалары оң екі бөлшекті қосқанда бөлімдерін өзгеріссіз қалдырып, алымдарын қосады. Мысал: Қарама-қарсы бөлшектердің қосындысы нөлге тең. Мысалы, Оқушылардың талқылауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Сергіту сәті. Ал, қазір біз өзіміздің омыртқаларымыздың тынығуына мүмкіндік берейік, және координаттық сәуледе сандардың орналасуын қайталап алайық. Бәріміз орнымыздан тұрамыз. Қолымызды қаусырып, «құлыптап» ұстап, жоғары созамыз. Егер мен оң санды атасам, оң жаққа. теріс санды атасам сол жаққа иілеміз. Мұқият болыңыздар. 6; -11; -4,5; 6; -9,2; 0; -7; 8; -; 2,23; -2,8; -10; 200; 0. Мен 0 цифрын атағанда иілмейсіздер? Неге? Жаңа сабақты бекіту. Топтық жұмыс: Оқушыларға есептер мына ретте бөлінеді:
№1. Есептеңіздер: №2. Есептеңіздер: Жауабы: №1. 1)-0,7 2)-4,7 3)-2,8 4)1,6 5)0,5 6)2,8 7)-3,1 8)-2,3 9)-0,5 10)-2,4 11)-11,6 12)-0,1 №2. 1)1/8 2)10/9 3)-0,5 4)-(1/7) 5)1/4 6)5/6 7)1/3 8)-(4/15) Дескрипторлар:
№3. Кестені толтырыңыздар:
Жауабы:
№4. сандарының ішінен: Жауабы: 1)-8 2)3,56 3)-89,76 4)-2(1/4) Теңдеулерінің түбірлерін тауып, х-ті орнына қойып, тексеріңіздер. Дескрипторлар: -теңдеудің белгісіз компонентін өрнектейді; -модульдың қасиетін қолданады; -рационал сандарға амалдар орындайды; -теңдеудің түбірін табады. Топтық жұмысты оқушылар өзара тексереді, мұғалім бақылайды. | Алматы, «Атамұра» 2012. Математика 6 класс, С.М.Никольский,. М: Просвещение -2012 Қосымша 1. http://bilimland.kz/kk/content/structure/863-algebralyq_ornekterdi_turlendiru#lesson=10063 Қосымша 2. Қосымша 3. Қосымша 4. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Сабақты қорытындылау: Рефлексия 1) Рационал сандарды қосуды дұрыс ұғына алдың ба? 2) таңбалары әртүрлі сандарды қосудың қасиетін қолдана алдың ба? 3) берілген тапсырмаларды қаншалықты дұрыс жаза білдің? | Матема-тика 6 класс, Т.Алдамұратова., Алматы, «Атамұра» 2012. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді. | Жаңа сабақты меңгеру деңгейін бекіту мақсатында топтық тапсырмалар жүргізіледі және алған білімін тексеру үшін бағалау тапсырмасы жүргізіледі. Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады. | Оқушылардың қауіпсіздігін ұйымдастыру мақсатында сыныптағы қауіпсідік ережесінің сақталуын қадағалау |
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?