Тәжірбиелік жұмыс (сызық түрлері, сызба қаріптері, өлшемдерді түсіру). Графика және жобалау, 10 сынып, дидактикалық материал.


Сызба сызықтары

Сызба деп нәрсенің кескінінен және оны жасауға керекті басқа да мәліметтерден тұратын құжаттарды айтады. Кескін белгілі бір ережелер бойынша сызу аспаптарының көмегімен әртүрлі сызықтармен салынады. Сызбада 9 түрлі сызық қолданылады:

- тұтас жуан негізгі сызық, сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады. Жуандығы С(латын әріпі) мен белгіленеді де, өлшемі 0,6мм-ден 1,5мм-ге дейінгі аралықты алынады;

- тұтас жіңішке сызық, сызбада шығару мен өлшем сызықтарын, проекция жане координата осьтерін, көмекші тұрғызу сызықтарын, қима мен тіліктерді штрихтауын үшін қолданылатын сызық. Оның жуандығы негізі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- тұтас жіңішке іркісінді сызық, сызбада ұзын түзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- тұтас ирек сызық, сызбада үзу сызықтары, тілікті көріністен бөлу үшін жане жергілікті көріністер мен жергіліктерді тіліктерді көрсету үшін қолданылады. Ирек сызық қлдан жүргізіледі , жуандығы негізгі сызықтызықтың жуадығынан екі-үш есе жіңішке болады;

- үзілме сызық, сызбада тетікбөлшектің көрінбейтін сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта , ал олардың арағашықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады;

- жіңішке нүктелі үзілме сызық, сызбада осьтік жане орталық сызықтарын көрсетеді. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе жіңішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі , ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады;

- жуандатылған нүктелі үзілме сызық, сызбада шынықтырылатын жане қапталатын беттерді, қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан 1,5-2есе жіңішке болады;

- жіңішке қос нүктелі үзілме сызық, сызбада модельдер жаймасының бүгу сызықтарын көрсету үшін қолданылады. Жуандығы негізгі сызықтан екі-үш есе

жің

ішке болады, сызық бөліктерінің ұзындығы 5...30мм, олардың аралығы 4...6мм болады;

  • үзік сызық, сызбада қиюшы жазықтардың орындарын көрсеттеді, сондықтан қима сызыңы деп атайды., Жуандығы негізгі сызықа тең немесе 1,5 есе жуан болады, бөлігінің ұзындығы 8...20мм-ге тең. Сызбада сызықтардың түрін дұрыс пайдалану және әр түрлі сызықтарды әр түрлі қарындаштармен жүргізу керек. Мысалы, жіңішке сызықты Т (немесе Н) белгілі, ал негізгі жуан сызықтарды М (немесе В) белгілі қарындашпен орындаған дұрыс болады.

Сызба қаріптері.

Қаріп деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады. Ғылымда, техникада, сәулет өнерінде неше түрлі қаріптер қолданылады. Сызбаларды салу, оларды іс жүзінде қолдану тәжірбиелерін жалпылаудың нәтижесінде сызбалардағы өлшемдердің шамасын көрсету жане жазуларды орындау үшін қалыптасқан арнаулы сызба қаріптері тағайындалған. Қаріптің өлшемі (h) деп бас әріптердің миллиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптің биіктігі (h) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді. Сызба қаріптерінің тағайындалған өлшемдері: 2,5;3.5; 5; 7; 70; 14; 20; 28; 40. Қаріп сызығының жуандығы d әріпімен белгіленеді. Сызба қаріптері екі түрі де тік жане көлбеу жазылады. Көлбеу қаріптерді жазу жолына 75*-қа тең бұрыш жасап көлбейді. Қаріп сызығының жуандығы А типінде d=1/14h-ке тең, ал Б типінде d=1/10h-ке тең. Кіші әріптердің биіктігі с деп белгіленеді, А типінде c=10/14d-ге , ал Б типінде c=7/10d-ге тең болады. Сызбаларда көбіне Б типі қаріптер қолданылады. Әріптердің ені g белгіленеді де қаріптің өлшеміне байлаысты анықталады.

-Г,З,С әріптері үшін g=5d –ға тең;

- А,Д,М,Х,Ц,Ы,Ю әріптері үшін g=7d –ға тең;

- Ж,Ф,Ш,Щ, Ь әріптері үшін g=8d–ға тең;

- Қалған әріптер үшін –ға тең болады.

Кіші әріптердің ені q деп белгіленіп ,төмендегідей анықталады:

- з,с әріптері үшін q=4d –ға тең;

- м,ь,ы,ю әріптері үшін q=6d –ға тең;

- ж,т,ф,ш,щ әріптері үшін q=7d –ға тең;

- қалған кіші әріптер үшін q=5d–ға тең болады.

Әріптердің арақашықтығы (а) қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алынады а=2d –ға тең.

Жазу жолдарының қадамы b=17d-ға тең.

Сөздердің арақашықтығы e=6d-ға тең.

Сызба қаріптерін жазуды жеңілдету үшін көмекші тор (сетка) пайдаланады.

Сызбаға өлшемдерді түсіру

  • Сызбада кескінделген заттың өлшемі, шығару сызық және өлшем сызықпен көрсетіледі де, оның үстіне өлшем сандары жазылады.
  • Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі.
  • Сызықтық өлшемдер миллиметр есебімен көрсетіледі, өлшем бірліктері жазылмайды.
  • Бұрыштық өлшемдер градус, минут және секундпен есептеліп, өлшем бірліктері көрсетіп жазады.
  • Өлшем сызықтары көрсетілетін кесінділерге параллель орналасып, шығару сызықтарына тірілетін нұсқамалармен аяқталады.
  • Шығару сызықтары өлшемі көрсетілетін сызыққа перпендикуляр орналасады.
  • Өлшем саны өлшем сызығының ортасына жазылады.
  • Нұсқама ұзындығы 3...5 мм, төбесіндегі бұрышы шамамен 20* /градус/ болатын теңбүйірлі үшбұрыш тәрізді болады.
  • Өлшем және шығару сызықтары тұтас жіңішкесызықпен орындалады.
  • Өлшем сандарының биіктігі 3,5-5 мм аралығында.
  • Өзара параллель көршілес орналасқан өлшем сызықтарының аралығы 6-10мм.
  • Өлшем сызықтарын мүмкіндігінше сызбадан тыс орналастыру керек.
  • Өлшем сызығы мен шығару сызығының өзара қиылыспауын қадағалау қажет.
  • Шығару сызығын нұсқамадан әрі 2- 4 мм-ге созу керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу