Сызбаны орындаудағы негізгі ережелерСызықтың түрлері (пішім, масштаб, негізгі жазу).Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Өнер студиясының» ӘБ жетекшісі

Алтаева Т.А. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 1: Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары

Мектеп: Ақтау қаласындағы Химия -биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жасмағамбетова Б.А.

Сынып:

сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Сызбаны орындаудағы негізгі ережелерСызықтың түрлері (пішім, масштаб, негізгі жазу).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына

сілтеме)

11.1.3.2

Сызық түрлерінің классификациясын білу және графикалық жұмыстарды орындауда дұрыс қолдану

Сабақ мақсаттары

Сызық түрлерімен таныса отырып өз сызбаларында қолдану.

Бағалау критерийлері

- Сызық түрлері туралы түсінікті біледі.

- Сызба сызуда жасырын сызықтарды сыза біледі.

Тілдік мақсаттар

Кескіндерді визуалдау мен ақпараттарды беру әр түрлі қызмет (ғылым, өнер және техника) салаларында және адам өміріндегі алатын орны туралы пікірлерін айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Эстетикалық талғам, қарым-қатынас, шығармашылық жұмыс

Пәнаралық байланыстар

тарих, география, биология.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ пайдалана отырып презентациямен таныстыру.

Бастапқы білім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру: Сабақ мақсаттары мен бағалау кретерийлерімен таныстыру.

Өткен материалды жалпылау.

Бұл тапсырманы орындау оқушыларда сызықтар туралы түсінік және жасырын сызықтарды сызу ережелерімен таныстыру мақсатынада ұсынылады.

Сызықтардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.

1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5мм-ден 1,4мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуға тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.

2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Шығару және өлшем сызықтары, проекция осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима мен тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.

3. Тұтас жіңішке іркісінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығыңдай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылды.

4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан жүргізіледі.

5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2мм-ден 8мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың ара қашықтықтары 1мм-ден 2мм-ге дейінгі аралықта алынады. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Үзілме сызық сызбада көрінбейтін сызықтарды жүргізу үшін қолданылады.

6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Бұл сызықтың жуандығы да S/3 ... S/2 тең болады. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5мм-ден 30мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3мм-ден 5мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбаның осьтік және центрлі сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.

7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызыктың жуандығынан 1,5 – 2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3 – 8мм, ал олардың аралықтары 3 – 4мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.

8. Жіңішке қос нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады, яғни S/3 ... S/2 тең. Бөліктерінің ұзындықтары 5 – 30мм, олардың аралығы 4–6мм болады.

9. Үзілме сызық. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы 1 ... 1,5 S-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен турады, бөліктерінің аралығы қимасы немесе тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты.бір бөлігінің ұзындығы 8 – 20мм-ге тең.

Оқушыларға заттың/тетіктің сызбаларын қарастыруды ұсыныңыз (мысалы, жиһаз сызбасы: шкаф, стөл, орындық жиһаз бөліктері және т.б.) және олардың орындалу тәсілдерін анықтау, оқушылар безендірудің конструкторлық құжаттардың бірыңғай ережесін сақтай отырып, масштабты дұрыс қолдануын қадағалау. Оқушылардың негізгі жазудың орналастыруын және сызба ларды дұрыс безендірулеріне көңіл бөліңіз. Заттың/ тетіктің сызбаларын ашық және жабық сұрақтар стратегиясы бойынша талқылаңыз.

-Берілген сызбалардың ортақ белгілері?

-Олардың айырмашылығы?

Мектепте сызба орындауда негізгі жазудың жеңіл түрін қолдануды түсіндіру ұсынылады.

Сызық түрлерін сызуда жәй қарындаштың қаттысын таңдауға назар аудару ұсынылады.

Дәптер, сызба аспаптары: даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б.

Жәй қаламдар жиынтығы.

Интернет-дереккөзі:

http://cadinstructor.org/eg/lectures/1-konstruktorskaya-dokumentatcia/

Сабақтың ортасы

Шығармашылық жұмысты рәсімдеңіз. Көрме ұйымдастыру.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • нені білдім, нені үйрендім
  • нені толық түсінбедім
  • немен жұмысты жалғастыру қажет Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді

жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың

материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Саралау мақсатында үш деңгейлі тапсырмалар беріледі:

Сабақ соңында оқушылардың жұмыстары көрмеге қойылады. Оқушылар таңдаған бір жұмысқа «Үздік сызба» деген жазумен стикер жапсырады. Қай жұмыс ең көп стикер жинаса сол үздік жұмыс атанады.

Сызба сызу барысында құралдардыды қауіпсіз қолдану. Жұмыс орынын тазалау.

 Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу