Сызба қаріптері. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары –Графика және жобалау пәні
Бөлім 1: Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары Кіші бөлім: Сызба орындаудың негізгі ережелері Тақырыбы: Сызба қаріптері | Мектеп: | ||||||||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: | |||||||||||
Оқыту мақсаты | 10.1.3.3 Сызба қаріптерінің орындалу ережелері бойынша білімдерін көрсететін графикалық жұмыстарды орындау | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды сызба қаріптері түрлерімен таныстыра отырып, әріп ерекшеліктерін ажыратуға үйрету, графикалық сауаттылықтарын дамыту. Әріптер мен сандарды, шарттық белгілерді өрнектеу ережелері бойынша сызбаны өрнектеу дағдысын қалыптастыру | ||||||||||||
Тілдік мақсат | Оқушылар сабақ тақырыбына байланысты мәселелерді талқылайды. Сөздердің арнайы терминдері: қаріп, градус, көлбеулік, өлшем, әріп биіктігі, әріптің ені, бас әріп, кіші әріп, сызық Диалогтар мен жазбалар үшін пайдалы сөздіктер жиынтығы: Сызба қаріптерін орындағанда әріптердің ара қашықтығын сақтаймын, өйткені ... Бас әріптер мен кіші әріптердің биіктік өлшемдерін орындауда ... қолданамын Әріптердің сызылуы жеңіл болу үшін көмекші тор көздерді пайдаландым, себебі ... | ||||||||||||
Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты.
| |||||||||||||
Бағалау критерийлері | Сызба қаріптерінің өрнектелу ережелерін біледі; Әріптердің орналасу ара қашықтығын сақтайды; Сызба қаріптерінің өрнектелуін ережеге сай қолданады; Жұмысты орындауда тиісті көлбеулікті дұрыс орындайды; Әріптердің орындалуында жеке ерекшелігі бар әріптерді ережеге сай дұрыс өрнектейді | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | «Металдар технологиясы және конструкциялық материалдар», «Техникалық өлшеу және стандарттау негізі», «Техникалық механика негізі», | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны пайдалану. Планшеттер мен ноутбуктер көмегімен ғаламтордан сызба қаріптерін орындаудың негізгі ережелері туралы қосымша ақпараттар алу | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
| ||||||||||||
Алдыңғы білім | Негізгі сызу құралдары, жұмыс әдісі және жұмыс орнын ұйымдастыру жөніндегі білімдері | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланған мерзім | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Дереккөздері | |||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы
Практикалық сабақ Сабақ соңы | Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары:1.Сызба сызықтары қандай түрлерге бөлінеді?2.Әр сызба сызығының қызметі қандай?3. Өлшем сызығын сызба контурынан қандай қашықтықта жүргізу керек? 4. Сызба өлшемдерін қою ережесі қандай? Сызба қаріптері жайлы мағлұмат. Мұғалім оқушыларды сызба қаріптерінің түрлерімен таныстырады. Интерактивті тақтада бейнекөрсетілім көрсетіліп, көрнекі плакаттарды қолданып, бұдан бұрынғы оқу жылдарындағы оқушылардың сызба қаріптерін орындаған жұмыс үлгілері ұсынылады. Бұған қоса түсіндірме ретінде мұғалім жұмыс тақтасына сызба қаріптерін бейнелеу үшін алдын ала дайындалған, белгіленген биіктік өлшемдері бойынша параллель сызылған сызықтар бойына әріптердің жазылу үлгісін салып көрсетеді. Бұл орайда әріптер орналасуының шамамен 750 көлбеулігін көрсетіп, сөздегі әрбір әріптің орналасу ара қашықтығын сақтау керектігін ескертеді. Алфавитте кездесетін, енінің өлшемі жалпақтау болатын әріптерге де мысал келтіріп, олардың сызық бойына орналасу тәртібін түсіндіреді. Сызба қаріптерін жазуды жеңілдету үшін параллелограм пішінді көлбеу торлы ұяшықтар сызу керектігін айтады. Әріптердің контурын жұқа сызықтармен белгілеп, әріптер дұрыс жазылғанына көз жеткізгеннен кейін ғана оларды жұмсақ қарындашпен бастыруды ескертеді. Оқушыларға сызба қаріптерінің ерекшеліктері, әріптер мен сандардың жазылу үлгілері жайлы төмендегі мазмұнда таратпа материалдар үлестіріледі.
Оқушылар сызба қаріптері жайлы алған мағлұматтары негізінде алдарындағы сызба қағазына тапсырманы орындауға кіріседі. Алдымен белгіленген аралықта параллель түзулер жүргізіп, олардың арасына 75° мөлшеріндегі көлбеулікпен параллелограм пішінді торлы ұяшықтар сызады. Сызылған ұяшықтарға алдымен бас әріптер, содан соң кіші әріптер және сандар үлгісін орындайды. Жұмыс барысында мұғалім аралай жүріп, кейбір оқушылар жұмысына түзетулер енгізеді, қосымша түсіндірме береді. Рефлексия. Жұмыстарын аяқтаған оқушылар төмендегі сұрақтар төңірегінде кері байланыс береді: Не білдім? Нені үйрендім? Мен үшін не қиындық туғызды? Жорамал жауаптар: Сызба қаріптерін бейнелеу тәртібін білдім Қосымша көмекші сызықтарды қолданып, сызба қаріптерін орындауды үйрендім. Әрбір әріпті бейнелеу үшін көлбеу торлы ұяшықты сызу қиындық туғызды Қорытындылау: Сабақтың соңында оқушылар: Бағалау парақтары арқылы өзінің және бір-бірінің жұмысын жұмысын бағалайды | Көрнекіліктер, қосымша әдебиет, дидактикалық материал: И.С.Вышнепольский «Техникалық сызу», Москва «Жоғары мектеп», 1988 жыл, тапсырмалар сызбасы С.К. Боголюбов, А.В. Воинов «Черчение» Москва «Машиностроение», 1982
Дәптер, сызба аспаптары: даярша, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б. Жай қарындаш жиынтығы. А4 пішіндегі қағаз. Постерлер, сызба қаріптерін жазу ережесі бар кесте МЕСТ, КҚБЖ сызбаны безендірудің жалпы ережелері | |||||||||||
| |||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау– Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау, іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып іріктеу (Гарднердің жиынтық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданылуы мүмкін | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер көрсетіледі | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Рефлексия |
| ||||||||||||
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)
1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болатын қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?