Қазақстандағы полимер өндірісі. Химия, 11 сынып, қосымша материал.
Пластмассадан жасалатын материалдар
Орманда қарағай діңінен мөлдіреп шығып тұрған шайыр тамшыларын көргендерің бар шығар. Оның икемге келгіштігін жұрт баяғыдан білуші еді. Бірақ оны іске жарату мүмкін емес-ті, өйткені шайыр суықта қатып, морт сынғыш күйге түсіп, ал жылыда балбырап еріп кететін. Химиктер шайырдың осы қасиетін ескере отырып, оның көптеген жасанды түрлерін – «ағайындарын» жасап шығарды. Оның бойында өңдеуге қолайлы қасиеттер мол еді. Қыздырған кезде тез жұмсаратын және қажетті пішінге келуі оңай болатын. Міне, осындай жасанды материалдардың бәрі – пластикалық массалар – пластмасса деп аталады.
Пластмасса – синтетикалық материалдардың бір түрі. Ол өзінің негізі болып табылатын полимердің арқасында қалыпқа түскен пішінін жақсы сақтайды.
Ғалымдар пластмассалардың небір түрлерін жасап шығаруда. Кейбір пластмассалар ең сапалы деген болаттан да берік, енді біреулері – резинадан да жұмсақ, ал үшінші біреулері – хрустальдай мөлдір әрі оңайлықпен сынбайтын мықты болып келеді. Жоғары температураға төзімді, сондай-ақ кәдімгі тоз тығыннан 100 есе жеңіл пластмасса да бар.
Кейбір пластмассаларды қажетті температураға дейін қыздырады да, иненің жауындай ғана тесіктерден қысыммен сығып шығарады. Одан шыққан жіңішке талшықтар суына келе жіпке айналады. Капрон және нейлон жіптері міне, осылайша алынады.
Пластмассалардың бәрі дерлік ылғалға және күйдіргіш қышқылдарға төзімді, тот баспайды және шірімейді де. Олардың енді бір тиімді жері – анағұрлым арзан шикізаттардан алынады. Пластмассалар ағаш, металл, шыны орнына жүре береді. Өзінің осы бағалы қасиеттерінің арқасында, олар өнеркәсіпте, құрылыста, ауыл шаруашылығында және медицинада кеңінен қолданылады.
Полимерлер өнімінің көлемі аз-ақ және олардың құны едәуір жоғарылау. Сондықтан да, полимерлер негізінде жасалынатын материалдар мен бұйымдар қымбат және айтарлықтай жетіспейді. Сондай-ақ пластмассалардың өздеріне тән өзгеше қасиеттері оларды тиімді түрде құрылыста қолданатын жерлерін анықтауды қажет етеді. Мұндай материалдарға жататындар ең алдымен, қазіргі кезде пайдаланып жүрген дайындығы толық өңдеуші құрылыстық бұйымдар (жуылатын тұсқағаз – әшекейлі жапсырма қағаз немесе мата, декоративтік өзі жапсырылатын пленкалар, жапырақты өңдеуші пластиктер, т.б.); еденді жабуға жұмсалатын өңдеуші материалдар (линолеум, плиткалар), тиімділігі жоғары жылу қоршағыш материалдар, әсіресе көбіктелінген пласмасса негізіндегі бұйымдар, құбырлар мен санитарлық-техникалық бұйымдар (шайып тұратын бочоктар); арнаулы полимер ерітінділері мен полимер бетондар.
Сөздік:
қарағай діңі – сосновый фуст шайыр – смола
қалып – опалубка қысым – давление
тығын, бітеуіш – пробка, заглушка пішін – форма
Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Шайырдың өзіне тән қандай қасиеттері бар? 2. Пластмассаның қандай түрлері жасалынады? 3. Капрон мен нейлон жіптер қалайша алынады? 4. Пластмассалардың тиімділігі неде?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?