file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мұнайды өңдеу. Химия, 11 сынып, қосымша материал 3.


Мұнайды фракциялық айдау

Фракциялық айдау

Мұнай фракциялық айдау нәтижесінде бірнеше фракцияларға бөлінеді.

Мұнайды фракциялық айдау мұнай өңдеуші зауыттарда арнайы фракциялаушы қондырғыларда жүргізіледі.

Фракциялық айдау күрделі процесс. Бұл процесс – сұйықтықтар қоспасын бірнеше әр түрлі компоненттерге немесе фракцияларға бөлу процесі. Бұл процесс шикі мұнайды бөлу үшін қолайлы. Себебі мұнай қайнау температуралары әр түрлі көмірсутек қосылыстарының қосындысы. Қайнау температураларының әр түрлі болуының негізгі себебі олардың молекулаларындағы көміртек атомдарының саны. Көміртек атомдарының тізбегі ұзын болған сайын, соғұрлым қайнау температурасыда жоғары болады. Мысалы, метанның (CH4) қайнау температурасы – 162°C және деканның (C10H22) қайнау температурасы – 174°C.

Фракциялық айдау кезінде шикі мұнай қыздырылып, буланады. Одан кейін ол мұнараға өтіп, конденсацияланады да, бу қайтадан сұйықтыққа айналады. Фракциялар түріне байланысты түрлі температуралар аралығында конденсацияланады, себебі кейбірі ұзын молекулалардан, ал енді бірі қысқа молекулалардан тұрады. Фракциялық айдау кезінде тізбектегі көміртек атомдары арасындағы коваленттік байланыстар үзілмейді. Қайнау кезіндегі энергия молекулаларды бір-бірінен ажыратады, осылайша молекулааралық күшті бұзып өтеді.

Бензин сияқты молекула саны аз сұйықтықтар тез тұтанады, сондықтан олардан жақсы отын алынады. Молекула саны көп битум секілді көмірсутектер инертті және тұтқыр болып келеді. Олар майлайтын материалдар ретінде гидрооқшау және жол қаптау үшін қолданылады. Аралық фракциялар, керосинді қосқанда авиация отыны ретінде, ал лигроин пластмасса сияқты химиялық материалдар өндірісінде қолданылады.



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?