file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Реакция өнімінің шығымын есептеу. Химия, 11 сынып, дидактикалық материал.


Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу

Реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі (η-эта) деп атайды.

η=mпр./mтеор.*100% (масса бойынша) (1)

η =Vпр./Vтеор.*100% (көлем бойынша) (2)

Есеп 1. 1.2 г магний күкірт қышқылының ерітіндісімен реакцияға түскенде 5.5 г. тұз түзілді. Өнімнің шығымын табыңыз. (%).

1. Берілгенін жазады

Берілгені:

m (Mg) = 1,2 г

практ (MgSO4) = 5.5 г

____________________

Т/к:η =?

2. Реакция теңдеуін жазып, теңестіреді

Mg+Н2SO4=MgSO4+ Н2

3. Теңдеудегі қажетті заттың, молярлық массын есептейді

M(Mg) = 24 г/моль

M(MgSO4) = 24 + 32 + 4 · 16 = 120 г/моль

4. Берілген реагенттің зат мөлшерін есептейді

n(Mg) = 1,2 г / 24(г/моль) = 0.05 моль

5. Реакция теңдеуібойынша (коэффициент бойынша) өнімнің зат мөлшерін анықтап, теориялық массасын(mтеор) есептейді.

n(Mg) = n (MgSO4)

m = n · M

mтеор(MgSO4) =M(MgSO4) · n (MgSO4) =

120 г/моль · 0.05 моль = 6 г

6. Формуланы (η=mпр./mтеор.*100) пайдаланып өнімнің шығымын табады

(MgSO4)=(5,5г ·100%)/6г=91,7%

Жауабы: 91.7%

Есеп 2.

21,3г хлоры бар ыдысқа темірді қосып жаққанда 24,3г темір(III) хлориді түзілді. Реакция өнімінің шығымын есептеңіздер.

Есеп 3.

Массасы 1г сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г хлорсутек газы алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық үлесін (%) анықтаңыз.

Есеп 4. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25.12 % болса, массасы 3.8 г аммиак алу үшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.) әрекеттесетінін есептеңіз.



Толық нұсқасын 29 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды