Көктем деген - бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?!

 Көктем деген - бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?!

Көктем деген кім өзі?
Өзің бе екен,
Өзіме қадалатын көзің бе екен,
Даланың кеудесінен сен гүл үзіп,
Еркелейтін, ұялшақ кезім бе екен.

Бұл дауыс па?
Дүниеде бармын деген,
Қараңдаршы жүректе жандым деген,
Аялаңдар, жоғалтып алмаңдаршы
Қар сияқты,
Енді мен қармын деген.

Көктем деген көк майса шалғын ба екен,
Бүр атарын білемін талдың неден...
Жаңбыр салды бейнесін әйнектерге,
Сен мені жүрегіңе салдың ба екен?!..

Шымшықтарды үркітіп, сай жағалап,
Бөліп ап енесінен тайды аралап
Бұл, әлде, бейқам бала шағымыз ба -
Жұлдызды қызықтайтын, айды алалап

Апам да шалын түртіп назданатын,
Атамыз жер иісіне мас болатын
Бұл - біздің ақпейіл ме,
Жаңбыр төксе,
Жаңбырға шомылып ап мәз болатын.

Көктем деген кім өзі?
Өзім бе екен,
Сәттерім бе бақытты сезінбеген...
Айдың жарығындағы, түсімдегі
Саған айтамын деген сөзім бе екен?!

Әлде, өрімін тарқатқан бұрымым ба,
Далада ойнақтаған құлыным ба?
Желмен бірге жүйткіген,
Көктем деген –
Бір сенің қолыңдағы ғұмырым ба?!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Arujan Nurtaza
    Arujan Nurtaza 01.10.2015 18:09
    1 + 1 -
    көктем деген өлең екен,зор екен,осы өлеңді апайға айтып берсем бекен,осы өлеңді шығарған адамға рахмет-десем бекен