Кері пропорционалдық шамалар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары № 5
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.1.1.2 қандай шамалар кері пропорционалдық болатынын түсіну, мысалдар келтіру, есептер шығару; | |
Сабақ мақсаттары |
| |
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
3) Өзіне-өзі бақылау жасай білуге жаттығады; | |
Тілдік мақсаттар | Оқушыларға: Арнайы лексика және терминология Шамалар, тура пропорциналдық, кері пропорционалдық Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры Кері пропорционалдық шамаларды анықтай білу... Шамалардың біреуі бірнеше есе артса немесе кемісе ... | |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. | |
Пәнаралық байланыстар | Физика, география, биология, қоршаған өмірмен байланыстыру | |
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | |
Бастапқы білім | Пропорция, тура пропорционалдық шамалар |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылығын ояту (Білу және түсіну) 5 минут | Ұйымдастыру. 1. (Амандасу, сыныпты түгендеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру) Дүниедегі барлық нәрсені білетін данышпан болыпты. Бір кісі сол данышпанның барлық нәрсені біле бермейтінін дәлелдегісі келді. Көбелекті жұдырығына қысып, данышпаннан сұрайды: “Данышпан, менің қолымдағы көбелек тірі әлде өлі ме?”. Ал өзі ішінен “ Тірі десе мен қысып өлтірем, өлі десе мен оны жібере саламын” деп ойлайды. Сол кезде данышпан ойланып, “Бәрі де сенін қолында” деп жауап береді 2. «Ақиқат немесе жалған, True or False» Мақсаты: Өткен тақырыпты бекіту. 3. Оқушылармен диалог жүргізіп, сабақ мақсаттарын бірлесіп қою. Мақсаты: Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен танысатындарын және оны өмірмен қалай байланыстыруға болатынын анықтауға жетелеу. | Қосымша № 1. Қосымша №2. Оқушылар интербелсенді тақтада шығатын мәліметтердің ақиқат не жалғандығын карточкалар көтеру арқылы көрсетеді. |
Сабақтың ортасы Мағынаны ажырату (Қолдану және талдау) 30 минут | 4. Жаңа сабақпен таныстыру. Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділік түрінің қандай болатынымен таныстыру.
5. Топта зерттеу жүргізу. (Сынып оқушыларын 4 топқа бөлу.) Мақсаты: Берілген пікірлерді талдап, оның ішінен кері пропорционалдық шамаларды анықтау. Бағалау: «Бас бармақ» бойынша әрбір топтың пікірлерді талдауына баға беру. 6. Демалыс сәтін өткізу. (Көздеріне жаттығу жасату. 1.Ең алыс нүктені тауып оған 1-2 секунд қарау. 2. Содан кейін ең жақын нүктеге қарау. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталау) 7. Жұппен жұмыс. Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікті көрсететін қысқаша жазылу бойынша есеп құрастыру және оны шығару. Бағалау. Жұптар арасында критерийлер бойынша бағалау өткізу. 8. Жеке жұмыс. ( Қалыптастырушы бағалау жұмысы ) Мақсаты: Өткен тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау және келесі сабақтағы түзету жұмысының бағытын анықтау.
| Оқулық: Алдамұратова Т.А. 6-сынып, 2-бөлім, 51-53 беттер Қосымша №3. Қосымша №4. Тексеру. Топтар жалпы сыныпқа өз жұмыстарының қорытындысы туралы хабарлама жасайды. Қосымша №5. Тексеру. Жұптар бірін-бірі тексереді. Қосымша №6. Тексеру. Өзін-өзі дайын жауаптары бойынша тексеру және өз жұмысына рефлексия жасау Кеспе қағаздармен таратып беру.
|
Соңы 3 минут | 1) Сабақты қорытындылау. 2) Үйге тапсырма. Тура пропорционалдық шамалар туралы қосымша материалдар дайындап келу. | Презентация |
Қорытынды 2 минут | 2) Рефлексия. Синквейн 1 жол – 1 зат есім(тақырыппен байланысты кілтті сөз) 2 жол – 2 сын есім 3 жол –3 етістік 4 жол – 4 сөзден құрастырылған 1 сөйлем 5 жол – кілтті сөзге синоним | Қосымша №7. Стикерлер арқылы өз ойларын жазу. |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды. Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?