Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары №7
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар | Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | |
Сабақ тақырыбы: | Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді танып білу және шығару; | |
Сабақ мақсаттары | -тура пропорционал шамалар ұғымын біледі; -кері пропорционал шамалар ұғымын біледі; -тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырата алады; -есептер шығара алу; | |
Бағалау Критерийлері | Білу және түсіну. тура және кері шамаларға байланысты есептерді танып білу және шығару;
алған білімін есептер шығаруда қолдану; | |
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Қатынас,пропорция,шамалар Тура/кері пропорционал шамалар, есе арттыру, есе кішірейту, | |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек. Оқушылар әртүрлі есептер шығару үшін шығармашыл болу керек, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек. Сонымен қатар жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. | |
Пәнаралық байланыстар | Өтілетін материалдар математикалық модельдеу, | |
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |
Бастапқы білім | Қатынас ұғымы, пропорционал |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | |||
Сабақтың басы 10минут | 1.Ұйымдастыру:1-2 Слайд Оқушылар назарын сабаққа аудару, сабақ тақырыбымен сабақ мақсатымен таныстыру. 2.Cтартер: 3-10 Слайд, Сұрақ-жауап, слайтағы жағдайларлардың тура немесе кері пропорционалдық шамалар болатындығын анықтау. | |||
Сабақтың ортасы Минут 25 минут | 3.Пропорционалдықтың өмірмен байланысты суреттерін көрсетіп мақал-мәтелдерді анықтау. 11-16 Слайд. 4. Жұптық жұмыс: (практикалық тапсырма) 10минут 1-тапсырмаАрман 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ол 1; 3; 6; 10 сағатта қандай қашықтыққа барады ? Уақыт пен арақашықтық тура пропорционал шамалар. 2-тапсырма Арман 36 км жол жүрді. Ол осы жолды 1; 2; 3; 6 сағатта жүрген болса, жылдамдықтары қандай болған ? Уақыт пен жылдамдық кері пропорционал шамалар. Оқулықмен жұмыс:( жеке жұмыс ) 15минут № 135,136,156,157 | ТА.Алдамұратова, ТС.Байшоланов 6-сынып,математика | ||
Сабақтың соңы 5 минут | Кері байланыс 1.Тура пропорцинл шамаларға мысал келтіріңіздер? 2. Кері пропорционал шамаларға мысал келтіріңіздер? Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үйге тапсырма /қайталау №137,158 | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | |||
Оқушылар математикалық мәтінмен жұмыс жасайды. Өзара бірлескен оқу жүзеге асырылады. Сабақ өз күшіне сенімсіз оқушыларды күшті оқушылармен жұпта жұмыс істеп, көбірек білетін түрде ұйымдастырылған. Өздігінен жұмыс істеген кезде Сіз жекелеген оқушыларға сұрақтар беру арқылы көмектесе аласыз | Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау Ауызша және жазбаша жұмыстар Мәтінмен, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау үшін және қателердің бар-жоқтығын түсіну үшін мұқият қарастырылады. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?