Тура пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тура пропорционалдық тәуелділік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.2

қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну;

- тура пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын білу;

- тура пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алу.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

- қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсінеді;

- тура пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі;

- тура пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;

- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;

- шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- пропорция;

- пропорцияның негізгі қасиеті;

- пропорцияның шеткі мүшелері;

- пропорцияның ортаңғы мүшелері;

- пропорцияның белгісіз мүшесі;

тура пропорционалдық тәуелділік;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;

- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;

- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;

- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;

- берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты есептер

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Сәлем, достым! (Амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарымен қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (Колдарын жүректеріне қояды)

Сен келдіңіз. ( Құшақтарын жаяды)

Жақсы болды (Құшақтайды)

Үй тапсырмасын тексеру.

Презентация

6 – 20 мин

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мынадай мысал қарастырайық.

Мысал: Егер бір дәптер 90 г қағаздан дайындалса, екі, үш, торт... Сегіз дәптер неше грамм қағаздан дайындалатытын табу үшін кесте құрайық.

Дәптер саны

1

2

3

4

5

6

7

8

Қағаздың массасы

90

180

270

360

450

540

630

720

Дәптер саны нешеге өссе немесе кемісе оны дайындалатын қағаздың массасы сонша есе өсетінін немесе кемитінін көрдік.

Егер шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда (кеміткенде) екіншісі де соншаға артып немесе кемісе, мұндай шамаларды тура пропорционал шамалар дейміз.

Тура пропорционалдылықты әріптермен жазсақ,

х11 = х22 немесе х1 : х2 = у1 : у2 .

Мұндағы, х1 ; х2 - бірінші шаманың мәндері,

у1 ; у2 - екінші шаманың сәйкес мәндері

Тура пропорционал екі шаманың біреуінің мәндерінің қатынасы сәйкес екіншісінің мәндерінің қатынасына тең болады. Бұл тура пропорционалдылықтың негізгі қасиеті.

Мысалы, тура пропорционал шамалар:

  • Заттың бағасы тұрақты болғандағы оның құны мен мөлшері (массасы, ұзындығы, саны);
  • Тұрақты жылдамдықпен жүргендегі жол мен уақыт;
  • Квадраттың қабырғасының ұзындығы мен оның периметрі;
  • Заттың көлемі мен массасы.

Мысалы: массасы 300г, концентрациясы 15% қантты су ерітіндісіне 60 г таза су құйылды. Соңғы ерітіндінің концентрациясы неше процент.

  • масса процент 300 г------------------ 100 %

Х г-----------------------15 %

Х= (15*300): 100 =45

демек, алғашқы ерітіндіде 45 г қант бар.

2. Соңғы ерітіндінің массасы 300г + 60г(су) =360 г 3. Соңғы ерітіндінің концентрациясы (у %) неше процент екенін табамыз масса процент

360 г------------------ 100 %

45 г-----------------------у%

у =(45*100) : 360 = 12,5

Презентация

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

25-26 бет.

http://kid-mama.ru/otnosheniya-i-proporcii/pryamaya-i-obratnaya-proporcionalnaya-zavisimost/

https://studopedia.ru/6_136339_tura-proportsional-shamalar.html

21 – 28 мин

Жалпы сыныппен жұмыс.

А деңгейі

№89. Ауызша орындау.

у – тің мәні х – тің мәніне тура пропорционал. Кестені толтырыңдар:

х

3

4

6

8

9

12

15

у

12

36

№90. Автоматты станок сағатына 58 бөлшек дайындап, берілген уақытта 348 бөлшек дайындады. Егер осы автоматты станок сағатына 75 бөлшек дайындайтын болса, берілген уақытта неше бөлшек дайындайды?

№91. 500 г ерітінді де 40 г тұз бар. Осы ерітіндінің 200 грамында неше грамм тұз бар?

В деңгейі

№101. Ұзындықтары әр түрлі, ендері бірдей екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ұзындығы 10,2 см, ауданы 51 см2. Екінші тік төртбұрыштың ұзындығы 6,8 см. Екінші тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.

№103. Алтын мен күмістің қоспасынан қорытпа дайындады. Ондағы алтынның массасының күмістің массасына қатынасы 3:5 қатынасындай. Қорытпадағы күміс алтыннан 12 г артық. Қорытпаның массасы неше грамм? Қорытпадағы алтын неше грамм?

С деңгейі

№108. Жұмыс өнімділіктері бірдей 3 станокта 3 минутта 9 сақина дайындалады. Осындай 6 станокта 24 сақина неше минутта дайындалады?

№109. 4 тігінші 15 күнде 20 көйлек тіккенде, 2 тігінші 9 күнде неше көйлек тіккен?

Презентация

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

27-29 бет.

Қосымша 1

29 – 30 мин

Сергіту сәті: «Жунглидағы жаңбыр»

Нұсқау; -Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр.

Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).

Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)

Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)

Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).

Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).

Тағы да нөсер жауын жауды.

Ұсақ жаңбыр сіркіреді.

Дауыл соқты.

Жел соқты.

Жел басылып келеді.

31 – 37 мин

Жеке жұмыс

Интернет ресурс бойынша өз беттерімен орындап сол жерде жауабын тексеру.

https://school-assistant.ru/?predmet=matematika&theme=pramaja_i_obratnaja_proporzionalnaa_zavisimost

Интернет ресурс

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті. №92-93.

Сабақты қорытындылау:

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

1.Нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3.Нені түсінбедім?

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақта жалпы сыныппен жұмысты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жеке жұмыста оқушылар өз білімдерін тексереді.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, жеке жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу