Тура және кері пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Тура және кері пропорционалдық тәуелділік»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.1

шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- қандай шамалар тура және кері пропорционалды болатынын түсінеді;

- тура және кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі;

- тура және кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады;

- тура және кері пропорционалдық тәуелділікті ажырата алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасады, көңіл күйлерін смайликтер арқылы біледі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.

Үй тапсырмасын тексереді. Жалпы сынып бойынша өзара тексеріледі.

Өткен сабақты пысықтау, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтары қойылады.

Ой қозғау:

С-1: Қандай шамалар тура пропорциноал шамалар деп аталады?

С-2: Тура пропоционалға мысал келтіріңдер.

С-3: Қандай шамалар кері пропорциноал шамалар деп аталады?

С-4: Кері пропоционалға мысал келтіріңдер.

Бүгінгі сабақтың оқу мақсатына сәйкес екі пропорционал шамаларды ажырата алу мақсатында графикалық диктант жүргізіледі.

Графикалық диктант

-Егер екі шаманың біреуі 3 есе артқанда, екіншісі 3 есе кемитін болса, онда екі шама тура пропорционал болады

- Жылдамдық тұрақты болғанда, уақыт пен арақашықтық арасындағы тәуелділік тура пропорционал болады.

- Шаршының периметрі мен қабырғасының ұзындығы арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады.

- Машинаның жүк көтергіші мен олардың санының арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады.

- Егер екі шама кемігенде біреуі 2 есе, ал екіншісі 4 есе өссе, онда екі шама кері пропорционал болады.

- Адамның жасы мен оның аяқ киімінің размері кері пропорционал болады.

- Уақыт тұрақты болғанда жылдамдық пен арақашықтық арасындағы тәуелділік кері пропорционал болады.

- Трактордың жұмыс жасаған күні мен оның шапқан жерінің аудуны тура пропорционал болады.

- Бірдей дәптер сатып алады. Дәптердің саны мен оның сатып алған құны тура пропорционал болады.

Жауаптың дұрыстығы презентация арқылы тексеріледі: — + — + — — — + +

Әрі қарай осы мақсатқа сәйкес тест жұмысы беріледі, бұл тест жұмыс тілді меңгеру мақсатында да беріледі. Жауаптарын дайын жауаппен өздері тексереді.

Нұсқа 1

  • 3 күнде трактор 250 га жерді жыртты. 6 күнде ол неше гектар жерді жыртады
  • 15 кг томаттан 8 кг кетчуп шығады. 12 кг кетчупқа неше кг томат қажет?
  • 4 трактор 5 сағатта жерді жыртып шықты. 4 сағатта жерді жыртып шығу үшін неше трактор қамжет?
  • 7 сағатта мекеменің терезелерін 80 пайызын жуды. Қалған пайызын неше сағатта бітіретінін тап.
  • 4 балық 3 сағатта 12 құрт жеді. Неше сағатта 5 балық 15 құртты жейді?

Жауаптары:

  • Жауабы:500
  • Жауабы: 6, 2
  • Жауабы: 3
  • Жауабы: 1
  • Жауабы: 3,8.

Нұсқа 2

  • Трактор 4 күн бойы 190 га жерді жыртты. 7 күнде неше гектар жерді жыртады?
  • 10 кг бананнан 12 кг пюре шығады. 15 кг пюреге неше баннан қажет?
  • 4 трактор 1 сағатта жерді жыртты. 2 сағатта жерді жырту үшін неше трактор қажет
  • 3 сағатта 60 пайыз дән себілді. Неше сағатта қалған пайызы себіледі.
  • 2 Ешкі 2 сағатта 48 шиені жеді. 3 Ешкі неше сағатта 72 шиені жейді?

Жауаптары:

  • Жауабы: 333
  • Жауабы: 13
  • Жауабы: 8
  • Жауабы: 2
  • Жауабы: 3 сағат

Сергіту сәті жүргізіледі. «Көңілді күн» интернет ресурс бойынша қимыл қозғалыс жұмыстары жүреді. https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

Тура және кері пропорционалдықтың және бүгінгі сабақтың мақсатын шыңдау үшін жеке жұмыс жүргізіліп, дескриптор арқылы өзара бағалау жүзеге асады.

Жеке жұмыс

1- тапсырма

Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын велосипедші белгілі бір жолдың бөлігін 6 сағатта жүріп өтті.

a) Егер жүрілген жолдың ұзындығы 1,5 есеге артық болса, уақыт қанша есе өзгереді?

b) Егер қозғалысқа кеткен уақыт 1 сағатқа кемитін болса, жүрілген жол қанша есе қысқарады?

Дескриптор: Білім алушы

  • берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;
  • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша уақытты табады;
  • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша жүрілген жолдың өзгерісін есептейді.

2-тапсырма

Агрофирмада егістік алқабын 12 комбайн 8 күнде орып бітіреді деп жоспарлаған.

a) Жұмыс уақытын 2 күнге кеміту үшін дәл сондай қанша комбайн қосу керек?

b) Берілген алқапты 8 комбайн межелеген уақыттан қанша күнге кеш орып бітіреді?

Дескриптор: Білім алушы

  • берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;
  • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;
  • комбайн санын есептейді;

кері пропорционалдық шарты бойынша уақыттың айырмасын есептейді.

3-тапсырма

Қазаншұңқырдан суды 24 сорғымен 30 күнде тартып шығаратыны белгілі. Егер 6 сорғы істен шығып қалса, берілген жұмыс неше күнге кешігіп бітеді?

Дескриптор: Білім алушы

  • берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;
  • пропорция құрастырады;
  • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;

уақыт айырмасын анықтайды.

Сабақ соңында үйге тапсырма беріледі: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті. №147.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

«Сөйлемді жалғастыр»

  • Бүгінгі сабақта... білдім
  • … үйрендім
  • … қиындықт туындады
  • … әлі де жұмыстануым керек
  • … маған қызық болды?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу