Қазақша Жаңылтпаш: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Қазақша Жаңылтпаш: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Қырда қылау.
Қызыл ала бұзау.
Жатыр жалмаң құлағы,
Қиқу қыздардың қызыл ала тырнағы.
Қызыл тырнағы қылтылдақ,
Сүйір тырнағы жылтылдақ.

Тауда татақ тарғылша,
Матақ суда сотақ,
Солқылдайды қу бұтақ.

Отырар таудың басынан
Отау тікпек ойнайық.
Ор киіктің (ор қоянның ) терісін
Сыпыра (отыра) сілікпек ойнайық:
Олай сілікпе, бұлай сілік,
Жан-жағыңа қарай сілік,
Отарбайдың үйін сілік,
Үйі толған қызын сілік,
Семіз қызын серпей сілік,
Арық қызын аяй сілік.

Мынау кімнің қотаны,
Қайын атамның қотаны.
Қотаныңда қос терек,
Жайылып шыққан (айналасы) жас терек.
Қайын атамның қотаны,
Маған тік тұрды,
Мен қайын атамның
Қотанына тік тұрдым.

Жүк үстінде төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік,
Кел, қыздар, сол бөрікті тігіселік, сөгіселік!
Кел, қыздар, тігіселік, сөгіселік,
Кел, қыздар, тігіселік, сөгіселік!

Дарияның ортасында сең келеді,
Сеңменен сексен серке тең келеді.
Сексен серке біреуін ұстап алып,
Сақалын суға салып-малып,
Сілкіп, сығып, сақалын суға малып-малып,
Сілкіп, сығып, сақалын суға малып-малып,
Сілкіп, сығып!

Жаңбыр жауып келеді, қар аралас,
Насыбайдың ішінде күл аралас.
Бір топ қатын келеді қыз аралас,
Ойпаң жерге шөп шығар көде аралас.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?