Пайыз ( Қайталау). Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Қостанай қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
|
| |||||
|
|
| ||||
| Пайыз ( Қайталау) | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.1.16 пайыз ұғымын меңгеру; 5.1.2.33 бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыру ; 5.1.2.34 берілген санның пайызын табу; 5.1.2.35 бір санның екінші санға пайыздық қатынасын және керісінше табу; 5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: - Процент анықтамасын біледі; - Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдырады; - Санның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады; - Пайыз есептерін шығара алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат Оқушылар:пайыз, бөлік ,үлес ұғымдарымен танысады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Санның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Пайыз сөзі «жүзден бір үлес» .Кез келген шаманың жүзден бір үлесі: жол, масса, аудан, көлем… «процент» сөзінің белгісі де берілген - %
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілікке, достық, жанашырлыққа тәрбиелеу. Өз бетінше жұмыс істей алу, жауапкершілік, өзін-өзі бағалай алу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Музыка | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстар. | |||||
Бастапқы білім | Жай бөлшектерге амалдар қолдану | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0 - 2мин. | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал тудыру. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Біз бүгінгі сабағымызды 5 – сыныпта өткен материалдарымызды еске түсіре отырып қайталаймыз. | |||||
Сабақтың ортасы 3 – 17 мин. 18 - 19 мин. 20 - 29 мин.
30 – 37 мин | Мұғалім пайыз ұғымын еске түсіріп оқушылардан сұрақ- жауап алып отырады, презентация арқылы мысалдармен тиянақтайды. Өткен тақырып бойынша сұрақтар: С-1: Пайыз деп нені айтады? С-2: Пайыз бөлшекпен қалай жазылады? С-3: Бөлшек пайызбен қалай жазылады? С-4: Берілген санның пайызы қалай табылады? С-5: Пайызы бойынша санды қалай табамыз? Пайыз сөзі - «жүзден бір үлес» дегенді білдіреді . Процент – Кез келген шаманың жүзден бір үлесі: жол, масса, аудан, көлем… «процент» сөзінің белгісі де берілген - % Процентті ондық бөлшек ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 бөлу немесе 0,01 көбейту керек Мысалы : 125%= 125:100=1,25 немесе 125%=125 * 0,01= 1,25 Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп отырады. Ондық бөлшекті процент ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 көбейту керек Мысалы : 0,7 = 0,7 * 100% = 70% 0,45 = 0,45 * 100% = 45% Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп отырады. Жалпы бөлік, үлестер арқылы 50,25,75 проценттердің шамасына бірнеше мысалдарды оқушылардың өзіне өмірден мысалдар келтіруін талап етеді. Сергіту сәті: Музыка мен мультипликация арқылы көзге шынықтыру жасау. Жалпы сыныппен жұмыс 1.Есеп.Тігін фабрикасы 1500 костюм шығарды. Оның 40% жаңа костюмдер түрі . Фабрика неше жаңа костюмдер шығарды? Шешуі: 1500-і -100%-ті құрайды
Жауабы: 600 жаңа костюм түрі 2.Есеп. Математикадан бақылау жұмысында «5» деген бағаны 15 оқушы алды,бұл барлық оқушының 50%. Сыныпта неше оқушы? Шешуі : Белгісіз сан -100%
Жауабы: 30 Сыныпта оқушы 3.Есеп. 1800 га жердің 558 га жеріне картоп егілді. Жердің қандай бөлігінің процентіне картоп егілді? Шешуі: 1800 га -100%- ті құрайды. 1) 1800: 100 =18 га 1% құрайды 2) 558 : 18 = 31; 558 га 31% құрайды. Жауабы : 558 га картоп 31%құрайды 4.Есеп. 2008 жылы қалада 40000 адам тұрды. 2009 жылы қала тұрғындары 8%-ға өсті. Ал 2010 жылы2009 жылмен салыстырғанда –9%-ға өсті. 2010 жылы қалада қанша адам тұрды? Шешуі: 2009 ж. тұрғындар : 100% +8% =108% (1,08) 400*1,08 =43200 (адам) 2010 жылы тұрғындар: 100% +9% =109% (1,09) 43200 *1,09= 47088 (адам) Жауабы : 47088 адам Жұптық жұмыс. Есеп 1. Мектепті жөндеу кезінде 28 әйнектің 10 пластикаға ауыстырды. Барлық әйнектің қанша процентін пластикалы әйнек құрайды? Есеп 2. «Элекс» дүкені компьютерлі техникаларды 12%жеңілдікпен жаппай сатылым туралы хабарландырды. Мен ата-анамнан 118000 теңгенің ноутбугын сатып алуын сұрадым. Ноутбук канша тұрды? Оқушылар жұптаса отырып «Карусель» әдісі бойынша бірін – бірі тексеріп бағалайды. | Презентация Жауап берген оқушыларды мадақтау Смайликтер беру.
Презентация Қосымша | ||||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин. | Үй тапсырмасы Есеп 1. Дүкенде тон 60000 теңге тұрады. Жазда жеңілдікпен ол 23 %- ға арзандады. Жеңілдікпен тонды неше теңгеге сатып алуға болады ? Есеп 2. Көтерме бағамен 1 кг қарбыздың бағасы 80 теңге, Дүкен 3%-ға көтерді. Біз дүкеннен 1килограмм қарбызды неше теңгеге сатып аламыз? Рефлексия:
| Презентация Қосымша | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен жұмысты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыста оқушылар бірлесе отырып орындайды, өзара көмек беріледі. | Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, жұптық жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. | Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?