Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу(1 сағ) (жаңа білімді меңгеру сабағы). Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

5.3В - бөлім

Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану.

Физика-математика бағытындағы НЗМ Орал қаласы

Күні:

Кариева Г.Ж

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Ондық бөлшек.

Ондық бөлшектерді оқу және жазу(1 сағ)

(жаңа білімді меңгеру сабағы)

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.13 ондық бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.3.5 ондық бөлшектерді оқу және жазу;ө

 Сабақ мақсаттары

  • Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;
  • Белсенділіктерін жәнеоқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, дамыту;

 Бағалау критерийлері

Дағдылар

Білу және түсіну

-ондық санау жүйесінің көптеген математикалық санау жүйелерінің бір баламасы екенін түсінеді

-үтірмен ажыратылатын таңбалар саны;

- үтірден кейінгі таңбалар саны;

- ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер ұғымын біледі.

 

Білімін қолдану

жай бөлшектерді оқу және жазу алгоритмін түсіндіре алады;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

танымдық қызығушылыққа, жолдастық сезім, ұқыптылық,

мақсатқа жете білуге тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Фильм көрсету арқылы тақырыптың өмірмен байланысы көрсетіледі.

Тапсырма мазмұны арқылы география пәнімен байланыс жүзеге асырылады.

Бастапқы білім

Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

5 – мин

3 мин

І. Ұйымдастыру

«Өмірмен байланыс»

  • Біз неге ондықтармен санаймыз?

Мақсаты:Ондық санау жүйесінің көптеген математикалық санау жүйелерінің бір баламасы екенін түсіну.

Сипаттама: Бұл фильмде ондық сандарға кіріспе беріледі және қолдануға анағұрлым қолайлы келетін басқа негіздер тұрғанда, неліктен біздің 10 негізін қолданатынымыз туралы айтылады.

Оқушы қызметі:фильмді тыңдап «Біз неге ондықтармен санаймыз?» сұрағына жауап беру.

Бағалау: Фронтальды сұрау арқылы оқушылардың жауаптарының дұрыстығына көз жеткізу.

«Сақина ойыны»

Мақсаты: бөлімдері 10,100,100 болатын бөлшектерді ажырату

Сипаттама:

Мұғалім қызметі:оқушыларға бөлімдері 10,100,1000 болатын жай бөлшектер мен аралас сандар жазылған кестелер таратады. Мысалы:

  • Бөлімі он /жүз,мың/ болатын бөлшектер ортаға шық!-деп сақина ойынын жүргізеді.

Оқушы қызметі: қос-қостан ортаға шығып, жұп құрайды.

Бағалау: мұғалім оқушылардың бөлімдері 10,100,1000 болатын сандарды ажыратуын қадағалайды. Қате жауаптар талданып, түзетіледі.

https://www.twig-bilim.kz/film/why-do-we-count-in-tens-5870/

топша

5 – мин

«Проблемалық ахуал тудыру»

Мақсаты:

Оқушылардың ондық бөлшек ұғымын өз беттерімен фронтальды жұмыс арқылы қалыптастыруларына проблемалық жағдай туғызу арқылы жағдай туғызу

Сипаттама: Разрядтар кестесін қарастырып, бірнеше сұрақтарға жауап берейік:

Мыңдықтар класы

Бірліктер класы

Жүздік

Ондық

Бірліктер

Жүздік

Ондық

Бірліктер

 

1

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

1

Сұрақтар:

  • Әрбір жолдағы бірліктердің орны келесіге қарағанда қалай өзгерген?
  • Бірліктердің орнының өзгеруіне қарай олардың мәндері қалай өзгерген?
  • Бұл өзгеріске қандай арифметикалық амал сәйкес келеді?

Қорытынды: бірлікті бір разрядқа оңға жылжыта отырып біз әр жолдағы сәйкес санды 10 есе кеміттік және біз осы амалды соңғы бірліктер разрядына жеткенге дейін жүргіздік.

Сұрақ: Ал бірді 10 есе кемітуге бола ма?

Жауап : Әрине!

Проблема: Бірақ біздің разрядтар кестесінде ол сан үшін әзірге орын жоқ. Ойланыңдар: санын жазу үшін разрядтар кестесін қалай өзгертуге болады?

Иә,бірлікті тағы бір орынға оңға жылжытуға болады. Дәл солай,келесі жолда да орындаймыз: т.с.с

Енді разрядтарға атаулар енгізейік: ондық, жүздік, мыңдық үлестер, т.с.с., бүтін бөлігі, бөлшек бөлігі.

Мұғалім қызметі: сұрақтар қою арқылы оқушылардың алдына проблема қойып, оны шешуге бағыттау.

Оқушы қызметі: сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты меңгеру

Бағалау: мұғалім белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтайды, қате жауаптарды өзге оқушылардан сұрау арқылы түзейді.

презентация

7 – мин

8 мин

«Ондық бөлшектерді кесте арқылы оқу»

Мақсаты:

Оқушылардың ондық бөлшектерді кестені пайдаланып оқуға жағдай туғызу,ондық бөлшектің бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін ажырату, ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. үлестер ұғымдарын ажырату; ондық бөлшектерді оқу дағдысының қалыптасуына жағдай жасау.

Сипаттама:

Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрлары ондық таңбалар деп аталады.

Мысалы: 5,128, мұндағы 1, 2, 8 цифрлары –ондық таңбалары

Оқылуы: бес бүтін мыңнан бір жүз жиырма сегіз.

Мұғалім қызметі:

Кесте бойынша оқушыларды ондық бөлшектің бүтін және бөлшек бөлігі, ондық, жүздік, мыңдық т.с.с. үлестер ұғымымен таныстырады; ондық бөлшектерді оқуға бірнеше мысал келтіреді.

Оқушы қызметі:

Кесте бойынша жұмыстанады және бірнеше ондық бөлшектерді жұпта оқиды.

Бағалау: Жұпта бір-бірін дайын жауаптар бойынша тексереді.

«Ондық бөлшектерді жазу»

Сандарды кестені пайдаланбай қалай жазуға болады?

Ол үшін бізге оның бүтін бөлігі мен бөлшек бөлігін бөлуіміз керек болады. Оларды бөлу үшін үтір немесе нүктені қолдану келісілген. Біздің елімізде үтірді пайдаланады, ал АҚШ тағы басқа елдерде нүктені пайдаланады.

Сонымен ондық бөлшектер былай жазылып оқылады:

2,3 немесе 2.3

Оқылуы:екі бүтін оннан үш

Жазылуы:екі, үтір,үш немесе екі, нүкте, үш

Ереже: Егер санды жазуда үтір не нүкте қолданылса оны біз ондық бөлшек түрінде жазылған дейміз. Қысқаша ол сандарды ондық бөлшектер дейді.

Ескерту: Ондық бөлшектер сандардың жаңа түрі емес, сандарды жазудың жаңа әдісі ғана.

Мұғалім қызметі:

Кестені пайдаланбай оқушыларды ондық бөлшектерді жазуға дағдыландыру үшін бірнеше мысал келтіреді.

Оқушы қызметі:

Мұғалім нұсқауы бойынша жұмыстанады және бірнеше ондық бөлшектерді жазады.

Бағалау: Жұпта бір-бірін дайын жауаптар бойынша тексереді.

10 - мин

«Еліміздегі ең ...тапсырмасы.

Сипаттама: Оқушыларға әртүрлі сандар топшалары таратылады:

9

7

5

0

1

2

6

0

4

а

н

х

ә

і

т

р

ң

і

Төмендегі шарттарды қанағаттандыратындай санды құрастырып, сол атау арқылы мына сөйлемді аяқтаңыз. Еліміздегі ең ...

  • Жүздік және мыңдық үлесінде 0 саны.
  • Ондық және миллиондар үлесінде жұп сан
  • Бүтін бөлігінің бірлік разрядында және он мыңдық үлесінде тақ сан.
  • Бүтін бөлігіндегі ондықтар разрядында және бөлшек бөлігіндегі жүзмыңдық үлесінде 3 ке еселі сан.
  • Жүздіктер разрядында 15 тен 3 есе кем сан.

Дұрыс жауабы:597,200164

Мақсаты:

Ондық бөлшектердің разрядтар атауын білу дағдыларын тексеру және пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы оқушының қоршаған ортаны танып білу дағдысын дамыту.

Мұғалім қызметі:

Топтық жұмысқа нұсқау беру, бағалау.

Оқушы қызметі: Шартқа сәйкес ондық бөлшекті құрастырып, сөйлемді аяқтау.

Бағалау критерийі: « Еліміздегі ең үлкен тау-Хан Тәңірі» сөйлемін құрастырады.

топша

5 - мин

«Жаз және оқы»

Сипаттама : Жұпта берілген сандарды жазып, оқу ұсынылады.

Мақсаты: Ондық бөлшектерді оқып,жаза білу дағдысын тексеру.

Мұғалім қызметі:

Жұптық жұмысқа нұсқау беру, бағалау.

Оқушы қызметі: Ондық бөлшектерді оқып,жаза білу

Бағалау критерийі: 6 тапсырманың 5-ін дұрыс жазады

Сабақтың соңы

2 - мин

VIII. Рефлексия(оқушылар тақырып бойынша кері байланыс парағын толтырады)

Білемін

Білдім

Білгім келеді?

Үйге:

Тапсырма 1 тарихи мәлімет жинақтау

Тапсырма 2 Бөлімі 100 және 10000 болатын екі аралас сан жазып оларды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау топтық жұмыстарда жекелеген оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдер: өзара бағалау, топтық жұмысты бағалау, марапаттау

АҚТ қолдану кезінде қауіпсіздік техникасы сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу