Процентке мәтіндік есептер шығару. Математика, 5 сынып, диактикалық материал.
- Бірінші сан екінші санның 80% -ін құрайды. Екінші сан бірінші санның неше процентін құрайды? Жауабы: 125%
- Егер квадраттың қабырғасын 30%-ке арттырсақ, онда оның ауданы неше процентке артады? Жауабы: 69%
- Құрамында 70% суы бар алма кептіру барысында өз салмағының 60%-ін жоғалтады. Кептірілген алмада неше процент су бар? Жауабы: 25 %
- Жаңа саңырауқұлақ құрамында 90%, ал кепкен саңырауқұлақта 12% ылғалдылық бар. 13,2 кг жаңа саңырауқұлақтан неше кепкен саңырауқұлақ алынады? Жауабы: 1,5 кг.
- Концентрациясы 15% ерітінді алу үшін 300г тұзды қанша литр сумен араластыру керек? Жауабы: 2 л.
- Концентрациясы 30% массасы 200г қант ерітіндісіне 100 г таза су құйды. Соңғы ерітіндідегі қант концентрациясы неше процентті құрайды?
Жауабы: 20%
- Концентрациясы 15% массасы 600 г тұзды ерітіндіге, концентрациясы 50% массасы 240 г тұзды ерітіндіні араластырды. Алынған жаңа ерітіндідегі тұз неше процентті құрайды? Жауабы: 25%
- Тауардың бағасын алғашында 20%-ке төмендетті, сосын жаңа бағаны 25%-ке тағы да төмендетті. Тауардың бастапқы бағасы неше процентке төмендеді? Жауабы: 40%
- Санды 25%-ке арттырды. Бастапқы санды қайтып алу үшін, алынған санды неше процентке төмендету керек? Жауабы: 20%
- Кітапханада 9450 кітап бар. Балаларға арналған кітаптар 30%-ті құрайды. Кітапханада балаларға арналған қанша кітап болды? Жауабы: 2835.
- Тауардың бағасы 1200 теңге. Тауардың бағасын 25%-ке арттырғаннан кейін, жаңа баға қанша теңгені құрайды? Жауабы: 1500.
- Кітапханадағы барлық кітаптың 15%-і сөздікті құрайды. Егер кітапханада 600 сөздік кітап бар болған болса, барлығы неше кітап болған?
Жауабы: 4000.
- Тәтті сусын дайындау үшін 3 кг алма мен 7 кг қара өрікті араластырды. Қара өрік неше процентті құрайды? Жауабы: 70%
- Сенбілікке 160 адам шықты. Жолды жөндеуге барлық адамның 25%-і қатысты, ал қалғаны ағаш отырғызды. Қанша адам ағаш отырғызды?
Жауабы 120.
- 300 тенгені құрайтын театр билетінің бағасын 12%-ке көтерді. Билет құны неше теңгеге көтерілді? Жауабы: 36.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?