Қазақша Жаңылтпаш: "А" әрпі

Қазақша Жаңылтпаш: "А" әрпі

Абжыландай арбамасаңшы,
Абдырамай тал жинасаңшы.

Абалақ-сабалағы шыққан иттерді абалатпасаңдаршы,
Абат бақты абалаған иттерге аралатпасаңшы.

Аббат абдырағыш па,
Абақ абдырағыш па?
Аббат абдырағыштау,
Абақ қодыраңдағыштау.

Ағасы қарындасын іздеп жүр,
Қарындасы қарындашын іздеп жүр.
Ағасына қарындасы керек,
Қарындасына қарындашы керек.

Адамды алдама, алдатпа,
Ардагер атаңды ардақта.
Ананы әлпештеу - адалдық,
Айрылу, аздыру - арамдық.

Айбалтасы айдардай,
Айбарлы тұр Хайдарбай.

Айбүбі
Қай күні
Әйгілі
Бәйгіні
Алудан
Айныды.

Айғырсасыр сай- салада өсетін шөп пе екен?
Ай тақырда айғырсасыр көп пе екен?

Айдын шалқарға малтырда,
Абай бол, оралып қалмағын балдырға!

Айбар мен Жайдар
Айқайласып жай тайталасқан ба?
Апаң-сапақта тағы да қайталасқан ба?

Айқаста, әй, қасқа, кім-кіммен айқасты?

Айқұш-ұйқыштанғанша,
Айқындау жазбайсың ба?
Ақ қағазды шимайлап тастайсың ба?

Айлар өтеді,
Күндер жылжиды.
Жылдар кетеді,
Уақыт сырғиды.

Айналасы таза ауадан тұратын,
Айдананың қай баласы?

Айранның қаймағын
Асасам да тоймадым.

Айтпақшы, айтыста кім айтқыштық танытты?

Айтысса, айтысшы, ақындардың
Айшықты айтыса алатыны қайсысы?

Айшықты айшылық алыстан
Ап-анық көзге шалынардай етіп,
Айшықтаған қай ұста?

Ақ байпақтың ұлтаны жап-жайпақ па?

Ақиық қарады ақиып,
Аңңал тұра қалды аңқиып.

Ақтанкер - маңтанкер.
Ақтаубек тарыны шала ақтапты,
Ақтаңдақ етпей, қайтадан аңтаңқырасыншы.

Ақылсынған ақылшы ма?
Астамсымай нақыл ұсынған
Ақсақал ақылшы ма?

Алагеуімде алағаншықтанған дауылды
Атам көріп, алағызып, аралады ауылды.

Алақай, сатып алып малақай,
Алақайлап алаңда жүр балақай.

Алақ-жұлақ алабас
Адамды ешкім қаламас.

Ажарландырамын деп қалаңды,
Аламыштаныңқыратып сырлапсың ғой алаңды.

Алданышсыз отырса әжем — алаңдайды,
Алдану үшін аралайды алаң-жайды.

Алманы алып ектім,
Өрікті теріп ектім.
Алма еккенде барып ектім,
Өрік еккенде келіп ектім.

Андыз жапырағын
Аң ба таптап, шығарған әлем-тапырығын?

Аңғал аңғармай ма,
Аңғарса да аңдамай ма?

Аңдысын аңдамай Қонай
Алдамназға иланып,
Аңырайып қалды оңай.

Анам апалаң-сапалақ,
Алаңғасар балаға қатал-ақ.

Арман «арба» деп еді,
Жанар тілі келмей «сарба» деді.
Ажар «әріп» деп еді,
Айнұр тілі келмей «Шәріп» деді.

Аршалы қияқ қабақта
Алшаң басқан ғана ат па?

Аралас-құралас араласса,
Ағайын аралассын, бірақ табаласпасын.

Ақ тайыншаның қатығын,
Аппағыма берейін.
Аппағымның атын тез,
Айтқаныңа беремін.

Аралдағы ауылды аралатқызса, ағайын
Аралатқызсыншы, мен де еріп барайын.

Арбасқандарды арашалаттырса,
Арашал атқызыңдаршы.

Арлан қасқыр арпалысса, Арсалақтайды.
Арып-ашып қырды шарлап құр салақтайды.

Аршысуға арықты
Аршынбар бешпетті
Аршын төс ару да барыпты.

Арықтың бойында
Арықша Ақбала
Асыға кірісті ойынға.

Асанқайғыланбай-ақ, жасарда шатыр,
Ағайындарды асарға шақыр.

Асатаяқ ұзын ғой, аса таяп ұстамашы,
Аса таяп ұста деп Құмашты қыстамашы,

Асауды бастықтырайық,
Ауыздықтатқызыңызшы,
Алқымынан біз басып тұрайық.

Асаусынған ала құнан бұлқынып,
Ауыздықпен алысып тұр жұлқынып.

Асқабақ басқарақ өскен бе,
Ашқарақ піспей-ақ кескен бе?
Ассалаумағалейкум, Астана,
Аспаңдап ажарланған Бас қала!

Астапыралла, найзағай шатырлап жарқ етті.
Астан-кестен нөсер құйып сатырлап
Аспанды осқан найзағай от жалт етті.

Асығын Асан:
- Алшы түс, - деп иірді,
Асықпай сақасын шиірді.

Ауаннан жүр аулағырақ,
Адалдықтан аума бірақ.

Аусарлау аусар,
Аусарланса, нені аңсар?

Ауыздықпен алысқан арғымағы
Арнасы кең арықтан қарғымады.

Ауылда асық ойнап, қозы бақтым,
Ауылдастан тай бәйгеде озып ақтым.

Ауытқыш ауытқушылыққа араша тұра ма?
Ауытқушымен тіл тауып жараса тұра ма?

Аша ағаштан ашамайды
Айшықтап неге қашамайды?

Аша мұрт шаянды
Асауға балықтар таянды.

Аңпаңылатып, томпай ойнап жатқанда,
Айтақырдағы асықшылар оп-оңай тапқан ба?

Атырапқа сары күз кеп,
Ағаш жапырақтары саудырап,
Аунады топыраққа қаудырап.

Ауан аңқаулау дуанадай ма,
Аужайлап бақсыша қуалай ма?

Аша тұяқ аңдар да
Аялдады аршалы аңғарға.

Ашаң бойлы жасаң Ашахан
Ашамайды қашан жасаған?

Ашқарақтанған ашқарақ он ұрланып,
Ашығыңқырағасын ас ішіпті обырланып.

Аюбарам ырғайды
Аю ғана жырғайды.

Аюбалдырған шатырланып гүлденіпті,
Азықтың собығы түйнектеліп, Айшықты түрге еніпті.

Аяғыш ағасы бардың -
Аясы кең жағасы бар.

Аяз Ата аязданып келе ме,
Аяздың өзін маздатып келе ме?

Аяң-табақ араласын аяң сытпаған ағайын
Азаматын алалап саяқсытпаған ағайын

Аялдап ғарышқа, Аяқ асты жолықтым да Барысқа,
Ауыздықтап қосылдым жарысқа.

Аянкес айлашыл Асан
Аянкестіктен арылады қашан?

Аяңшыл аттармен
Аяңдасатындар алаңда
Аттарды аяңдаттыртсыншы.

Аяусыз айыпталғанды,
Аяғы баңтан тайып ңалғанды,
Аяулы адамдар ғана аяйды.

Ала жаздай, бал аралары
Дала аралады, сай аралады.
Шүпілдеп тұрған шаралардағы
Мысқалдап жиған сары ала балы аппақ па?

Ара, ара, аралар,
Ара алысқа бара алар,
Бала арадан бал алар,
Балды жалар балалар.

Ақ мақта ақ қарда аппақ па?
Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?

Ала бие құлындады,
Қара бие құлындамады.
Әжем соны ырымдады,
Атам оны ырымдамады.

Ала тайды - балақай мініп жүр.
Ала тай балақайдың мінгенін біліп жүр.

Ат жарыс —
Бақ жарыс.
Сыналар
Ар-намыс.

Аталар,
Өжелер,
Ағалар,
Әпкелер,
Апалар,
Балалар -
Әр әулетте
Бар олар.

Атпақ ек бір-бір құр,
Қу екен құр құрғыр.
Қалдырмай қырдан қыр,
Қайттық біз құрдан-құр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Лесбек Жотабаев
    1 + 0 -
    менің жігітім красааавчик
    1. Оқырман Аяу
      Оқырман Аяу 14.03.2024 01:57
      1 + 0 -
      есің дұрыс паа