Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
Күні: Сынып: 8 Сабақ 5 |
| ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадраттық функция және оның графигі | ||||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді кешенді қолдану сабағы | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар квадраттық функцияның қасиеттерін есептер шығаруда қолданады | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар квадраттық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды, қасиеттерін айта алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
функцияның монотонды аралығын табу үшін парабола төбесінің абсциссасын табу жеткілікті. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алуға бейімдеу, дұрыс шешім қабылдау, қоғамдық өмірге қатысу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру. Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Квадраттық функцияның физикада қолдануы | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Desmos бағдарламасы көмегімен функциялардың графиктерін салады және сипаттайды. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Квадраттық функция графигін қалай салу керектігін біледі, оның қасиеттерін анықтай алады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 5 мин 3 мин | Амандасу. Жағымды психологиялық орта құру: «Clock Buddies» ойыны. Оқушылар әр цифрдың тұсына сыныптастарының есімін жазады. Мұғалім осы цифрларға қатысты әрекеттерді көрсеткеннен кейін, есімге сәйкес осы оқушыға жақындап әрекетті орындайды. Оқушылар сыныпта еркін қозғалады. 1. Қол ұстасу (Shake hands) 2. Арқасынан қағу (Tap the back) 3. Күлімдеу (Smile) 4. Қол сілтеу (Wave hands) 5. Көз қысу (Wink) 6. Комплимент сыйлау (Give a compliment) 7. Тілек айту (Wish anything) Үй тапсырмасын тексеру Квадраттық функция графигін салу алгоритмі жазылған постерлер конкурсы. Оқушылардың естеріне өткен сабақта құрастырылған критерийлерді түсіру. Оқушылар постерлерді партаға қояды, кейін сыныпты аралап жүріп барлық критерийлерге сәйкес орындалған постерлерге қарындашпен жұлдызша қояды. Жеңіп шыққан постерді құрастырушы барлық сыныпқа квадраттық функцияның графигін салу алгоритмін айтады. Оқушылардың естеріне графигін түрге түрлендіріп алып та салуға болатынын түсіру керек. 2-тапсырманың орындалуы жұпта дұрыс жауаппен талқылау арқылы жүргізіледі. | Презентация 1 слайд Оқушылардың постерлері | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 мин 10 мин 5 мин | Есептер шығару Оқушылар тапсырманы таратылған парақта орындайды, бұл жерде графиктің сұлбасын салу жеткілікті. 6-7 тапсырмалар орындауға міндетті тапсырма емес 1. у = х2 + х – 2 функциясының кему аралығы: А) В) С) D) Е) 2. у = х2 + 2х – 2 функциясының нөлдері: А) В) С) D) Е) 3. у = – 9х2 + 6х – 1 функциясының мәндер жиыны: А) В) С) D) Е) 4. у = х2 + 2х + 3 функциясының ең кіші мәні: А) В) С) D) Е) 5. у = х2 + х – 12 функциясы мына аралықта оң мән қабылдайды: A) B) C) D) E) 6*. у = х2 – 4х + а функциясының мәндер облысы сәулесі болса, а-ның мәні: А) 3 В) 7 С) 5 D) 4 Е) 6. 7*. у = х2 – 2х + а функциясының ең кіші мәні –3 болса, а –ның мәні: А) 3 В) 2 С) 5 D) 4 Е) 1. Қалыптастырушы бағалау үшін оқушыларға А- Е әріптері жазылған парақтар таратылады (Қосымша 2). Оқушылар әріптерді дұрыс жауабын мұғалімге көрсету үшін пайдаланады. Бұл мұғалімге әрбір сұрақты түсіну деңгейін бағалауға көмектеседі. Оқушылар өз шешімдерін ауызша түсіндіреді. Жұппен жұмыс Оқушылар 9 тапсырмадан тұратын карточкалар алады. Олардың міндеті - әрбір тапсырманың деңгейін анықтап А, В және С әріптерімен белгілеп шығу. Кейін ең қиын тапсырманы орындау идеясы талқыланады.
| Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 5 слайд | |||||||||||||
Сабақтың соңы 4 мин 1 мин | Рефлексия Есіме түсті ……………………………….. Қиындықтар туындады …………….. Білгім келеді ………………………... Қолымнан келді ……………………………… Маған ұнайды ………………………….
Үй тапсырмасы Оқушылар диагональ бойымен, бағанмен, жолмен орналасқан кез келген 3 тапсырманы орындайды. | 6 слайд Қосымша 3 | |||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Материалды меңгеру кезінде қиындық туындаған оқушыларға жеке көмектесу. Саралау оқушылардың тест тапсырмаларын әртүрлі деңгейде орындаулары, үй тапсырмасының деңгейін оқушылардың өздері анықтап алуы негізінде жүргізіледі. | Мұғалім білімді есептер шығаруда қолдану дағдысын қалыптастырушы бағалау үшін карточкалар қолданады. | Сергіту сәті Интерактивт тақтаны қолдану барысында санитарлық тәртіпті сақтау | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды