Натурал сандарды координаталық сәуледе салыстыру. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Қысқа мерзімдіжоспарбөлімі:

Натурал сандар және нөль

Мектеп: Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева Д.Б.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Натурал сандарды координаталық сәуледе салыстыру

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.3.1.1 әртүрлі бірлік кесінді ұзындықтарын біледі және координаталық сәуледегі бірлік кесінді ұғымын түсінеді

5.5.3.2

Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндейді;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар орындай алады:Натуралсандарң жазылуын,реқатарын 1..Координаталық сәуледегі бірлік кесіндіні біледі

2. Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндей алады;

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына

жетеді

Координаталық сәуледегі бірлік кесіндіні біледі

Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндей алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар жаңа лексиканы өздерінің оны түсінгенін көрсету үшін дұрыс пайдалануға қабілетті

Пәнге қатысты лексика мен терминология :

Координаталық сәуле, бірлік кесінді, ұзындық, натурал сан .

Үш тілде терминдермен таныстыру

Қазақша

Орысша

English

1

Координаталық сәуле

Координатный луч

coordinate beam

2

Бірлік кесінді

единичный отрезок

unit interval

3

Ұзындық

длина

length

4

Натурал сан

Натуральные числа

Integers

5

Құндылықтарды дарыту

Жауапты азаматтық позиция, өмір бойы оқу, академиялық шыншылдық, ынтымақтастық, өзіне және айналадағы адамдарға құрмет

Пәнаралық байланыстар

-

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Натурал сандар. Жұп және тақ сандар

Сабақ барысы

Сабақтыңкезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Сабақ ресурстары

Сабақтың басы

3 мин

I кезең. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру.

Сұрақ-жауап:1. Натурал сан дегеніміз не?

2. Натурал сан қатары дегеніміз не?

3. Тақ сандарға қандай сандар жатады?

4. Тақ сандарға қандай сандар жатады?

Сабақтың ортасы

12 минут

10 минут

7 минут

8 минут

II кезең Жаңа сабақты меңгерту

ІІІ. Координаталық сәуле ұғымы бойынша жұмыс.

А) Сәуле ұғымы бойынша түсінік беру.

Б) Сәуле бойында натурал сандарды орналастыру

Ойын.Торғайлар сап түзейді. Тақтада жол бойындағы торғайларды сапқа тізу бойынша жұмыстар. Ойын шарты: Торғайлар бір түзу бойында және бір бірінен бірдей қашықтықта орналасуы шарт.

  • * * * * * * * * * * * * * * * * * *

Оқушылар әрбір торғайды натурал сандармен белгілейді. Тексеріледі. Координаталық сәуленің бас нүктесі, бағыты анықталады.

Оқушылар торғайлардың есімдерін ойлап табады. Бұл ойын бойынша әр нүктеге сәйкес орындар анықталып, нүктенің координатасы ұғымы енгізіледі.

1. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.

2. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.

3. Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы бойынша салыстыру.

Натурал сандарды әртүрілі тәсілдермен салыстыруға болады.

I тәсіл. Натурал сандарды санауы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санды санағанда өсуретімен алғашқы айтылғаны кіші, ал кейін айтылғаны үлкен болады. Мысал келтіріңдер:

II тәсіл. Натурал сандарды жазылуы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санның жазылуында қайсысының разряды үлкен болса, сол сан үлкен және қайсысының разряды кіші болса сол сан кіші болады.

Мысалы, 101 > 99, өйткені 101 санның жазылуында үш разряд, ал 99 санның жазылуында екі разряд бар, яғни 101 санның разрядтар саны 99 санның разрядтар санынан көп.

Анықтама: Разрядтары бірдей екі натурал санның қайсысының (солдан оңға қарай) бірдей разрядтағы цифры үлкен болса, сол сан үлкен болады.

Мысалы, себебі 3>1.

Салыстырыңдар: 5814 □ 5814, 6230□6240

Анықтама: Екі натурал санның разрядтар саны мен бірдей разрядтағы цифрлары бірдей болса, онда олар тең болады.

Мысалы,

III тәсіл. Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы бойынша салыстыру.

Анықтама: Екі натурал санның координаталық сәуледе сол жақта орналасқаны кіші, ал оң жақта орналасқаны үлкен болады.

Мысалы, О

1-сурет

0 1 14 19

19 саны 14 санының оң жағында орналасқан, сондықтан 19 >14.

Егер қандай да бір сан біреуі сол жағында, ал екіншісі оң жағында орналасқан екі санмен салыстырылса, онда қос теңсіздік қолданылады.

Мысалы,

О

• • • • 2-сурет

0 1 12 15 19

15 саны координаталық сәуледе 12 санының оң жағында, ал 19 санының сол жағында орналасқан. Онда 12<15 <19 деп жазамыз. Мұндай жазуды қос теңсіздік дейміз.

12<15 <19 қос теңсіздігінің оқылуы:

-15 саны 12-ден үлкен, бірақ 19-дан кіші немесе 15 саны 19-дан кіші, 12-ден үлкен.

қосындысынан кіші болады.

Топтық жұмыс

1. у-тің орнына қойғанда 1) 13<y<19 2) 31<y<37 қос тенсіздігі дұрыс болатындай барлық натурал сандарды атаңдар және жеке -жеке координаталық сәуледе кескіндеңдер.

Шешімі: 1) 13<y<19 13< 14, 15,16,17,18< 19

O

0 1 13 14 15 16 17 18 19

3.Төменде кескінделген координаталық сәулені қолданып, мүмкін болатын барлық қос теңсіздіктерді жазыңдар.

О

• • • •

0 a b c

Шешімі: 1) 0 < a < b; 2) 0 < b< c; 3) a < b < c; 4) 0 < a < c .

Жеке жұмыс. Өтілген сабақ материалдары бойынша тестік

тексеру.

1. Ауаның таңертеңгі температурасы 170С болды, ал күндіз 140С –ға көтерілді, кешке 60С-қа төмендеді. Кешкі температураны анықтаңдар..

240 С; 250 С; 260 С; Басқа жауап.

2. Берілген нүктелердің қайсысы қалғандарына қарағанда солға қарай орналасқан?

А(7); В(10); С(11); D(4).

3. Координаталық сәуледе 19 және 43 сандарының арасында неше бірлік кесінді бар?

23; 24; 25; Басқа жауап.

4. Берілген нүктелердің қайсысы координаталық сәуледе екі нүктенің ортасында орналасқан?

А(18); В(14); С(11); D(8)

5. Координаталық сәуледе 7-ден кем сандарды белгілеңдер.

  • * * * * * * * * * * *

0 х

6. Координаталық сәуледе 9-ден кем, 3-тен артық болатын сандарды белгілеңдер.

  • * * * * * * * * * * *

Пән: Математика

Сынып: 5

Бөлім: Натурал сандар

Сабақ тақырыбы: Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндеу

Оқыту мақсаттары:

5.3.1.1 әртүрлі бірлік кесінді ұзындықтарын біледі және координаталық сәуледегі бірлік кесінді ұғымын түсінеді

5.5.3.2

Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндейді;

Бағалау критерийі :

1..Координаталық сәуледегі бірлік кесіндіні біледі

2. Натурал сандарды координаталық сәуледе кескіндей алады;

1 1. 25<y<31 қос тенсіздігі дұрыс болатындай барлық натурал сандарды атаңдар және жеке -жеке координаталық сәуледе кескіндеңдер.

Жұмыс парақшалары

Сызғыш, өшіргіш, қарындаш, маркер

Презентация

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

Сабақтың

соңы

5 минут

Үйге тапсырма. №11, №12

Рефлексия/ – 2 минут/ стикерлер

Стратегия «Жетістік ағашы»

стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз?Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есептерді қалай қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Сілтемелер

Денсаулық жағдайын тексеру

АТ құндылықтар

Өткен материалды қайталау мен тапсырмаларды орындау барысында саралау жүзеге асырылады. Тапсырмалар оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне, тапсырма қиындығына байланысты, оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: топпен, жұппен және жекеше жұмыс түрлеріне сай ұсынылды.

Қосымша №1 парағындағы бағалау критерийлері және дескрипторларына сай өздері бағалайды. Бақылау және комментарий жасау, ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы бағалау жүреді. Жұппен, топпен жұмыста әрбір оқушының қатысымы жіті қадағаланады.

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.

Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.

Бейнелеу

Сабақ міндеттері/ Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Оқушылар бүгін нені білді?

Бүгін сыныпта қандай атмосфера болды?

Менің дифференциалдау бойынша жұмысым жақсы өтті ме?

Барлығы жоспарланған уақытқа сәйкес өтті ме?

Мен жоспарға қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос орынды Сіздің сабағыңызды бағалау үшін пайдаланыңыз.

Сол жақтағы кестедегі Сіздің сабағыңыз туралы сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Қандай екі мезет бәрінен де ұнады (сабақ беру мен оқытуды ескергенде)

1:

2:

Қандай екі мезет сабақты жақсартар еді (сабақ беру мен оқытуды ескергенде)

1:

2:

Мен сабақтан топпен келесі сабақта менімен болатын жекелеген оқушылар туралы не білдім

Қолданылған мәлімет көздері https://infourok.ru/prezentaciya-po-matematike-na-temu-koordinatali-sule-natural-sandardi-zhne-nl-sanin-koordinatali-sulede-keskindeu-klass-978129.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу