Пропорционалды бөлуге берілген есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: №1 сабақ | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жанбыршиева А.Б. | ||||||
Сынып: 4 сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||
Тақырыбы: | Пропорционалды бөлуге берілген есептер | ||||||
Оқу мақсаты: | есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану. | ||||||
Бағалау критерийлері | Жұмыс, өнімділік, уақытқа берілген тапсырмалармен танысады. Өнімділікке берілген есептердің жаңа түрімен танысады. | ||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||
Құндылықтар | Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру | ||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану,жаратылыстану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | |||||||
Сабақ барысы : | |||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Өткенді қайталау. (Математикалық диктант) Өрнектер ауызша оқылады, оқушылар жазбаша жазады. 25 819 + 1=25820 395 000 : 100=3950 500 000 – 1=499999 309 * 100=30900 75 800- 10 000 =65800 130 007 +8 000=138007 Бағалау. Қасында отырған көршісімен дәптерін ауыстырады. Дұрыс жауабы оқылады. Оқушылар «+» немесе «-» белгісін қойып отырады. Соңында тексеріледі. Көркем жазу минуты -0,2,3,6 сандарын пайдаланып екі және үш таңбалы сандарды жазу. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға көбінесе өмірлік жағдайларға байланысты тапсырмаларды орындау керек болатынын айту. Мысалы, ваннаға белгілі бір уақытта қанша мөлшерде су құйылады? Оқушылар өз жауаптарын айтады және түсіндіреді. Ұнатқан нәрсені сатып алу үшін және т.б. қалай үнемдеу керек? Бүгінгі сабақта өмірімізді жоспарлауды және практикалық мәнге ие тапсырмалар орындалады. Топқа бітіктіру (түстерді таңдау арқылы 1,2,3 топқа бірігу) Оқушыларды топтарға бөліп, топтарда ұл балаларға тапсырманы орындауға көмек көрсетуді ұсыну. Оқушыларға келесі сұрақтарды қою: Егер компьютер ойынының бағасы 1520 теңге екені белгілі болса, Әміржан қанша уақыт ақша жинауы тиіс? *Әміржан күнде неше теңге алады? Ол күнде неше теңге жұмсайды? Күнде ол неше теңге жинайды? Жиналатын ақша аптасына қалай ұлғаяды? Бір айда ше? 100 – 60 = 40 (тг); 40 ∙ 7 = 280 (тг) – аптасына; 280 ∙ 4 = 1120 (тг) – айына; 1500 : 40 = 38 (күн). Бағалау: Сөздік мадақтау арқылы бағалау . Тапсырманы өте жақсы орындағандарға «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша!» Жақсы орындағандарға «Бұданда жақсы орындай аласыңдар» Қателіктер жіберген оқушыларға «Мұқият болыңдар» деген сөздермен ауызша бағалау. Жұмыстың жаманы жоқ … (Ө) Оқушыларды тақтаға өнімділікке қатысты тапсырмаларды шығаруға қажет үш формуланы жазуды сұрау. Оқушылармен бірге әр тапсырманың талдауын жүргізіңіз және есептеулерді дәптерге орындауды ұсыну. Сұрақтар қою: а) Бірінші кезекте нені білу қажет? (ортақ өнімділік) Жауабы : 1)6 + 8 = 14 (м/с), 2)140 : 14 = 10 (сағ); ә) Не белгілі? Нені табу керек? Оны табу үшін не белгісіз? Оны қалай анықтайды? Шығарудың екі тәсілін тауып көріңдер. Жауабы : 1-тәсіл: 350 : 7 = 50 (м3/сағ); 50 – 27 = 23 (м3/сағ). 2-тәсіл: 27 ∙ 7 = 189 (м3); 350– 189 = 161 (м3); 161: 7 = 23 (м3/сағ). б) Бірінші тапсырманың шығарылуын қолданып орындап көр. Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін, ортақ тексеруді жүргізіңіз. 28 + 32 = 60 (хабарлама/с; 900 : 60 = 15 (мин). Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы. Оқушылардан тапсырманы қаншалықты түсінгенің сұрау. Оқушылар жасыл түсті көтерсе-мақсатқа қол жеткізді. Барлығы түсінікті. Сары-біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер түсініксіз,кеңес көмек сұрайды. Қызыл-жетістікке қол жеткізбеді. Мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға көмегін тигізеді. Құю және ағызу. (Ұ) Оқушыларға сұрақтар қою: «Суретте не көріп тұрсыңдар? Шланг арқылы су құятын сорғының өнімділігі қандай? Су ағатын шүмектің өнімділігі қандай? Нені білу керек?» Тапсырманы орындаудың жоспарын оқушылармен бірге құру: 1.Сорғы 25 минутта соратын су мөлшерін табу; 2.Шүмектен 23 минутта ағып кететін су мөлшерін табу: 3.Бұл мәндердің арасында айырмашылықты табу. Оқушыларға тапсырманы жұптарда орындауды ұсыну, ал кейін мүшелері ауысатын жұптарда тексеру жүргізу үшін нәтижелермен алмасуды ұсыну. Жауабы: 1) 25 ∙ 23 = 575 (л) – сорғы; 2) 23 ∙ 7 = 161 (л) – шүмек; 3.575 – 161 = 414 (л) минуттан кейін. Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы. Оқушылардан тапсырманы қаншалықты түсінгенің сұрау. Оқушылар жасыл түсті көтерсе-мақсатқа қол жеткізді. Барлығы түсінікті. Сары-біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер түсініксіз,кеңес көмек сұрайды. Қызыл-жетістікке қол жеткізбеді. Мұғалімдерге қиындықтарды ерте анықтауға көмегін тигізеді. Кіріс пен шығыс. (Ө) Ай сайын шағын фирманың кірісі 620 000 Фирманың айлық кірісі 780 000 теңге, ал шығыны 750 000 теңге. Бір жылда шығысы 690 000 теңге. Жарты жылда фирманың шығыны қандай болады? Фирманың капиталы қанша болады? Оқушылардан «кіріс, шығыс» мағыналарын қалай түсінетіндерін сұрау. Оқушыларға кім қандай жерде жұмыс істейтіндіктерін жұптарда талқы-лауды ұсыну. Оқушылар тапсырманы орындағаннан кейін, тексеру үшін жұмыстарымен алмасуды ұсыну. Шығару барысында оқушыларға көмек көрсету. Жауабы: 750 000 – 620 000 = 130 000 (тг) шығыс;
Бағалау. Ынталандыру арқылы бағалау. *Жарайсың! *Мен сабақтағы жұмысына ризамын *Сіз жақсырақ жұмыс істей алар едіңіз Шығарып көр. (Ө) Айкөркем 460 беттік кітапты оқып жатыр. Ол күніне 30 бет оқиды. Екі аптада кітапты оқып бітіре ала ма? Егер күніне 35 бет оқыса, неше күнде оқып бітіреді? Тапсырманың ортақ талдауын келесі сұрақтар арқылы жүргізу: Тапсырмада не белгілі? Нені табу керек? Тапсырманы орындау жоспарын оқушылармен құру:
Оқушыларға жуық сан шығатыны туралы айтыңыз (қалдықпен бөлу) Жауабы:
Бағалау. «Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау. Бұл үшін ұстаз алдын-ала оқушыларға қолмен белгі көрсетулерді үйретеді. Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады) Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды) Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау) Қорытынды тапсырма Ойлан. Сиқырлы қыш құмыра әр 10 минут сайын 20 адамға ботқа пісіреді. Таусоғар ми-нутына екі адамның ботқасын жейді. Таусоғар 10 минутта сиқырлы қыш құмыраның пісіргенін жеп үлгере ала ма? Жауабы: 20 : 10 = 2 (минутына екі адамның ботқасын жейді); 10 ∙ 2 = 20. Үлгереді. Бағалау. Ынталандыру арқылы бағалау. *Жарайсың! *Мен сабақтағы жұмысына ризамын *Сіз жақсырақ жұмыс істей алар едіңіз Қайтала. «Бағандап» бөлу дағдысын қайталауға ар-налған өзіндік жұмыс. Жауабы: а) 8235 : 27 = 305; ә) 2482 : 73 = 34; б) 1222 : 47 = 46; в) 6748 : 14 = 482; г) 91375 : 43 = 2125; ғ) 43248 : 16 = 2703. Қосымша тапсырмалар Күн сайын Әмір жолға 30 теңге, ал түскі асқа 120 теңге жұмсайды. Қараша айында Әмір неше теңге жұм-сайды? Желтоқсан айында ше? 3 адамнан тұратын сырлаушылар тобы жаңа ғима-раттағы қабырғаны сырлаулары керек. Егер әр сырлаушы күніне қабырғаны сырлайтын болса, олар бұл жұмысты 3 күнде бітіреді ме? Принтер 10 секундта 1 бет басады. 5 минутта ол 30 бетті басып үлгереді ме? Резервуардағы су екі құбыр арқылы ағады. Жуан құбыр арқылы секундына , ал жіңішке құбыр арқылы секундына су ағады. Егер екі құбыр бір уақытта жұмыс істейтін болса, резервуарда бір минут ішінде неше литр су қалады? Жауабы: (30 + 120) ∙ 30 = 150 ∙ 30 = 4500 (тг); (30+ 120) ∙ 31 = 150 ∙ 31 = 4500 (тг). 40 ∙ 3 = 120 (м2); 120 ∙ 3 = 360 (м2) – үлгереді. 5 мин = 300 с; 300 : 10 = 30 (бет) – үлгереді. 15 + 8 = 22 (л/с); 22 ∙ 60 = 1320 (л) | Тапсырма жазылған таратпа қағаздар Тапсырма жазылған карточкалар | |||||
Кері байланыс | Рефлексия «Көз жұмып ойлану»әдісі Оқушылар көздерін жұмып,мына сұрақтарға іштей жауап береді. -Мен бүгін не білдім/үйрендім? - Сабақта мен өзімді қалай сезіндім? -Мен үшін не қызық болды? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?