Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар | |||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадраттық функция және оның графигі | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді бекіту сабағы | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.2 түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Әртүрлі әдіспен берілген квадрат функцияның графигін салу. Графиктерді түрлендірулерді орындау. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар квадраттық функцияның графигін салудың негізгі қадамдарын ауызша айтып береді. Пәндік лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыйластық, бірлестік, жайдарлылық Құндылықтарды дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Геометрия, физикадан есептер шығару | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар y = ax2 , y = (x – m)2, y = ax2 + n түріндегі функция графиктерін сала алады. | ||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 7 мин | Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу. Назарларын сабаққа аудару. Жұппен жұмыс Әрбір жұптың оқушысына төмендегі тапсырмалардың бірі беріледі, оқушылар тапсырманы орындап, кейін өз жұбына қалай орындағанын түсіндіру керек. №1 тапсырма: Функция графиктерін бір координаталық жүйеге салыңыз:
№2 тапсырма: Функция графиктерін бір координаталық жүйеге салыңыз:
| Презентация 1-2 слайдтар Қосымша 1 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 8 мин 13 мин 5 мин 8 мин | Жаңа материалды меңгеру y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графигін салу үшін оқушыларға алгоритмі жазылған слайд көрсетіледі. Оқушылар оны түсініп, дәптерлеріне көшіріп алады. Кейін осы алгоритмді негізге ала отырып мысалды шығарады. Көршілерімен өзара бағалау жүргізеді. Мысал: y=3(x-1)2+2 Жеке тапсырма Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды, жауапты Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары арқылы тексереді, кейін мұғалімге немесе өзінен бұрын шығарып болған оқушыға шешу жолын түсіндіреді де тақтадағы кестенің сәйкес ұяшығына өз атын жазып, келесі тапсырманы шығарады.
Сәйкестендіру тапсырмасы Жұптық жұмыс ретінде сәйкестендіру тапсырмалары беріледі. Олар шығарып болған соң келесі жұппен жауаптарын салыстырып, тексеру жүргізеді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы І нұсқа (Жалпы сыныпқа берілетін нұсқа)
ІІ нұсқа (Деңгейі жоғары оқушыға берілетін нұсқа)
| 3 слайд Қосымша 2 Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары жүктелген ноутбуктер Қосымша 3 Қосымша 4 | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия Мұғалім кішкене жұмсақ материалдан немесе қағаздан жасалған допты кез келген оқушыға төмендегі сұрақтардың бірін қойып лақтырады, оқушы жауап береді де басқа оқушыға лақтырады. • Бүгінгі сабаққа ризасың ба?• Сабақ саған қызықты болды ма?• Жаңа білім ала алдың ба?• Сабақта белсенді болдың ба? • Тақырып бойынша өзіңнің біліміңді көрсете алдың ба?• Үй тапсырмасын қандай көңілмен орындайсың? Үй тапсырмасы 1. Функция графиктерін салыңыз: а) ; б) ; в) . 2. Квадрат үшмүшеліктерден толық квадратты бөліп шығарыңыз: а) ; б) . | 4 слайд Қосымша 5 | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау тапсырмаларды таңдау кезінде жүргізіледі. Қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптастарына көмектеседі. Қалыптастырушы бағалау кезінде оларға басқа нұсқаның есептері беріледі. | Сабақта өзара бағалау, өзін-өзі бағалау жүзеге асады. Мұғалім қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетеді. | Сынып сабақ алдында желдетіледі. Оқушылар сабақ бойы іс-әрекет түрлерін ауыстырып отырады. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?