Әртүрлі есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Әртүрлі есептерді шығару

Оқу мақсаты:

4.2.1.8** қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алу және қолдану

4.4.2.2 кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық есептерді шешу

Бағалау критерийлері

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

қуып жету қозғалысы мен қалып қою қозғалысына байланысты формулаларды шығарып алады және қолданады;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қуып жету қозғалысы

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

сызба, график, схема, бағыт;

үштік шама, шамалар тәуелділігі;

қуып жету және қалып қою қозғалысы

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма. «Есептер галереясы» ойыны.

Жан-жағына кеспеқағаз жапсырылған текшені лақтыру. Текшенің жоғарғы бетіне түскен

есептің шартын топ алады. Оқушылар есепті топта талдайды, сызбасын А3 парақтарға сызып, есепті шығарады. Топтар тапсырманы орындау барысына қарай есептер жазылған өз плакаттарын тақтаға немесе қабырғаға іледі. Жұмысты орындау уақытын белгілеу.

Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топтың бір өкілін шақырып, өз жұмыстарының презентациясын жасау. Есептің шарты жазылған 6 кеспеқағаз дайындау.Кеспеқағаздарды текшенің жақтарына бекіту.

1. Бір мезгілде екі қаладан бір-біріне қарама қарсы екі кеме жүзіп шықты. Біріншісінің жылдамдығы 41 км/сағ, екіншісінікі 58 км/сағ. Егер екі қаланың арақашықтығы 495

км болса, олар неше сағаттан кейін кездеседі?

Жауабы:

41 + 58 = 99 км/сағ; 495 : 99 = 5 сағ.

2. Бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан

екі велосипедші 25 секундтан кейін кездесті. Біріншісі 6м/с, ал екіншісі 5м/с жылдамдықпен жүрсе, екеуінің жүріп өткен арақашықтығы неше метр?

Жауабы:

6 + 5 = 11 м/с; 11 · 25 = 275 м.

3. Бір мезгілде екі мемлекеттен бір-біріне қарама-қарсы екі ұшақ ұшып шықты. Олар 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 170 км/сағ. Егер екі мемлекеттің арақашықтығы 960 километр болса, екіншісінің жылдамдығы қандай?

Жауабы:

960 : 3 = 320 км/сағ; 320 – 170 = 150 км/сағ.

4. Арақашықтығы 78 км болатын екі ауылдан бір

мезгілде екі салт атты бір-біріне қарама-қарсы шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Егер біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ болса, екіншісінің жылдамдығы қандай?

Жауабы:

12 · 3 = 36; 78 – 36 = 42; 42 : 3 = 14.

Жауабы: 14 км/сағ.

5. Екі ауылдан бір мезгілде екі велосипедші бір-біріне қарама-қарсы шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 27 км, ал екіншісі одан 7 км артық жүрді. Екі ауылдың арақашықтығы неше километр?

Жауабы:

S = 61 км.

6. Екі қаладан бір мезгілде екі автокөлік бір-біріне қарама-қарсы шықты. Олардың біреуі кездескенге дейін 348 км, ал екіншісі одан 3 есе кем жол жүрді. Қалалардың арақашықтығы қанша километр?

Жауабы:

348 : 3 = 116 км (V2);

348 + 116 = 464 км;

S = 464 км.

№1-слайд

Кеспеқағаздар

Сабақтың ортасы

(Ж) Велосипедші. Оқушылар жұпта сурет бойынша есеп құрастырып, есептің қысқаша шартын сызба түрінде орындайды. Сұрақтар қою:

-Велосипедшінің жылдамдығы қандай?

-Жаяу адамның жылдамдығы қандай?

-Велосипедші мен жаяу адамның арақашықтығы қалай өзгереді?

-Қуып жету қозғалысы кезінде жақындау жылдамдығын қалай табу керек?

Есепті шығару. Бірнеше жұп өз шешімдерін тақтаға көрсетеді. Шешуін салыстыру. Жұптың жұмысын бағалау.

Жауабы:

Vжақындау = V1 – V2, (V1 > V2).

14 – 2 = 12 (м/с) — жақындау жылдамдығы;

60 : 12 = 5 (с) — қуып жету уақыты;

60 : (14 – 2 ) = 5 (с)

Жауабы: велосипедші 5 секундтан соң қуып жетеді.

Vжақындау = V1 – V2 — формуласына түсінік беру.

(Ұ)Шығарып көр.

Оқушылармен бірге есептің шарты мен координаталық сәуледегі сызбаны талқылау.

-Автобус қай нүктеде орналасқан?

-Велосипедші қай нүктеде?

-Қозғалысқа дейінгі екеуінің арақашықтығы қандай болды?

Оқушылар кестені толтырады.

-Бір сағаттан кейін автобус қай жерде болады?

-Велосипедші қай жерде?

-Сан сәулесінде көрсет.

Екеуінің арақашықтығы қалай өзгерді?

Оқушылар қорытынды жасайды: нысандардың

арақашықтығы әр уақыт бірлігінде бір санға азаяды.

Оқушылар өрнек құрып, кестеге жазады.

Сан сәулесінде қозғалыс нысандары қай нүктеде болатынын белгілеу.

Содан соң оқушыларға есепті топта шығаруды ұсыну. Саралау мақсатында ынтасы жоғары оқушыларға есепті өз бетінше орындауды ұсыну. Әр топтың спикеріне өз шешімдерін тақтаға көрсетеді. Есептің шешуін оқушылармен талқылау. Шешуін салыстыру. Оқушылар өз тобының жұмысы туралы қорытындылайды. Топтардың жұмыстарын және есепті

өз бетінше шығарған оқушыларды бағалау.

d = S – (V1 – V2) • t — формуласымен таныстыру.

Орындап көр. Бұл тапсырма танымдық сипаттағы тапсырма. Оқушылар өрнектердің мәнін тауып, қалың қардан пайда болған табиғат құбылысын табады.

Жауабы: Қар көшкіні.

Сен білесің бе? Оқушыларды танымдық ақпаратпен таныстыру.

Қар көшкіні — тау бөктерінен қалың қардың опырылып құлауы.Таудан құлаған қар көшкіні пойыз жылдамдығындай болады. Ал қалың

қар көшкіні «Формула-1» жарысындағы

автокөліктердің жылдамдығындай.Қар көшкінінің көлемі 1 шаршы метрден бірнеше жүз

тоннаға дейін жетеді.

Ойлан. Бұл айдардағы тапсырмалар оқушылардың

кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық

есептерді шығаруға бағытталған.

а) Қар бүршігі.

ә) Сиқырлы майлық қағаз.

№2 слайд

№3 слайд

№ 4 слайд

№ 5-6 слайд

№ 7-8 слайдтар

Сабақтың соңы

Сабақтың рефлексиясы

Рефлексия — Бес саусақ

әдісі.

Шынашақ — Ойлау үдерісі. Қандай тәжірибе және білім алдым?

Шылдыр шүмек — мақсатқа жақындау. Не істедім және қандай нәтижеге жеттім?

Ортаңғы саусақ — көңіл-күй жағдайы. Менің көңіл-күйім қандай болды?

Сұқ саусақ — көмек. Қалай көмектестім, немен қуанттым және неге септігін тигіздім?

Бас бармақ – сергектік , физикалық жағдайы. Мен өзімді физикалық тұрғыдан қалай сезіндім?

№9 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу