Есептерді әртүрлі әдіспен шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Есептерді әртүрлі әдіспен шығару

Оқу мақсаты:

4.5.1.9

бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс/ артынан қуып жету, бір бағыттағы қалып қою қозғалысына берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу

Бағалау критерийлері

шамалар арасындағы тәуелділікті орнату және түсіндіру;

модель бойынша есепті құрастыру;

есептерді шешу алгоритмі кезеңдерін айту;

есептер мен олардың шешімдерін салыстыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

бір-біріне кездесу;

қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс;

артынан қуып жету;

бір бағыттағы қалып қою қозғалысы

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

шамалар арасындағы тәуелділікті біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

) Кіріспе тапсырма.Сыныппен жалпылай жұмыс өткізу. Оқушыларға есептер жазылған парақтарды тарату. Есепті ұжыммен талдау. Содан соң жұмысты топта жалғастыру. Әр топқа шешу жоспарын құру. Есепті қандай тәсілмен шығаруға болатынын сұрау. Оқушыларға есептің әртүрлі шығару жолдарын қарастыруды ұсыну. Алгебралық тәсілмен шығару үшін, белгісіз шаманы х — деп алып, есепті теңдеу құру арқылы шығару. Есептерді орындап болған соң топтар бірін-бірі тексереді және бағалайды. Тапсырманы орындаған соң, әрбір топтан өз шешімдерін презентациялау үшін бір-бір өкілден шығады.

Әр топқа есептер және кесте жазылған кеспеқағаздар тарату.

Жеңіл автокөлік пен автобус бір уақытта бір елді мекеннен шықты. Жеңіл автокөлік сағатына 95 км жалдамдықпен, ал автобус сағатына 65 км жылдамдықпен жүрді. 3 сағаттан соң олардың арасындағы жылдамдық қандай болады? (Осы есепке ұқсас басқа қозғалыс нысандарымен құрылған есептерді ұсыну: көбелектер, құстар, жануарлар, т.с.с) 95 – 75 = 20 (м/мин) — жеңіл автокөліктің автобустан қашықтау жылдымдығы. 20 · 3 = 60 (м) — 3 сағаттан кейінгі олардың арасындағы қашықтық.

Шешу жоспары: 1) алыстау жылдамдығын табу; 2) олардың 3 сағатта бір-бірінен алыстау қашықтығын табу. Есепті басқа тәсілмен шығаруға да болады. Жоспары: 1) жеңіл автокөліктің 3 сағатта жүріп өтетін қашықтығын табу; 2) 3 сағатта автобустың жүріп өтетін қашық тығын табу. Жеңіл автокөлік автобусқа қарағанда қанша жер көбірек жүріп өтетінін табу.

№1-2-слайдтар

Таратпа қағаздар

Сабақтың ортасы

Ж)1. Түйелер. Сызбаны ұжыммен талқылау.

-Бұл қандай қозғалысқа берілген есеп?

-Сызба бойынша не белгілі?

-Нені табу қажет?

Жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар жұпта есеп құрастырады. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару. Қиындыққа кездескен жұптарға көмек көсету. Арақашықтығы 60 км болатын екі ауылдан бір уақытта және бір бағытта екі түйе шықты. Бірінші түйенің жылдамдығы 11 м/с, екінші түйенің жылдамдығы 14 м/с. Екінші түйе біріншісін қанша уақыттан кейін қуып жетеді?

Жауабы: 66 : (14 – 11) = 22 (с);

66 : х = 14 – 11.

(Т)Шығарып көр. Тапсырма бір бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді әртүрлі әдіспен шығару дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар топта жұмыс атқарады. Есептердің шартымен танысқан соң, топ болып есептердің шығару жоспарын құру. Жоспар арқылы оқушылар есептердегі амалдарды айқындайды. Есептерді орындап болған соң топтар бірін-бірі тексереді, бағалайды.

\Жауабы: 1200 : 80 = 15 (сағ) — автобустың жолда болған уақыты;

15 – 2 = 13 (сағ); 1200 : 8 = 150 (км/сағ);

жеңіл автокөлік – х км;

1200 : x = 8;

x = 1200 : 8;

x = 150. Жауабы: 150 (км/сағ).

(Ж) 2. Неше сағат бұрын келді?

- Мотоциклшы екінші ауылға неше сағат бұрын келгенін табуға бола ма?

-Қалай? Содан соң оқушыларға есепті шығаруды ұсыну. Бірнеше жұпқа өз шешімдерін тақтаға көрсету. Оқушылармен бірге есептің сызбасы мен шешуінің жазбасын талқылау. Шешуін салыстыру. Жұптың жұмысын бағалау.

Жауабы: 1) 12 · 3 = 36;

2) 36 : 12 – 36 : 36 = 3 – 1 = 2 (сағ).

Жауабы: 2 сағат бұрын

(Ө) 3. Кемелер жылдамдығы.

Тапсырманы өз беттерінше орындайды. Содан кейін балалар жұпта шешімдерімен алмасады. Жауабы:

1) 120 : 3 = 40 (км/сағ);

2) 150 : 3 = 50 (км/сағ).

Жауабы: 40 км/сағ, 50 км/сағ.

(Т) Ойлан. Топтық жұмыс. Оқушыларға ойлануға уақыт беріледі. Жұмыстың барысын бақылау. Оқушылар есептің сызбасын талдап, оның шешуін өрнек құрып есептеу арқылы көрсетеді. Есептің жауабын тексеру үшін оқушылар өзара дәптерімен алмасады.

(Ж) 4. Қала мен ауыл. Оқушылар алдымен тапсырма бойынша өз бетінше ойланып, одан кейін жұпқа бірлесіп талқылауына болады. Тапсырманы орындап болған соң жұп тақтаға шығып көрсетеді. Қателескен оқушыларға тиімді кері байланыс ұсыну.

Жауабы: 60 · х + 90 = 270

№3 слайд

№4-5 слайдтар

№6-7 слайдтар

№8-9 слайдтар

№10слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Екі жұлдыз бен бір тілек» стратегиясы ойыны түрінде өткізу. Сары жапсырмалардағы оқушылар сабақта оларға ұнаған екі мезетті бекітеді, ал жасыл жапсырмадағы оқушылар өздерінің ойынша жұмысын жақсартуы мүмкін бір тілекті бекітеді.

№16 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу