Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Мәдени мұра 2А Көбейту және бөлу № 6 сабақ. | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Зейнелова Гулнар Мараловна | ||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||
Тақырыбы: | Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді шығару | ||||||
Оқу мақсаты: | 4.5.1.9** кездесу қозғалысына, бірінен – бірі қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдістермен шығару | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||
Құндылықтар | Халқымыздың мәдени мұрасын сақтауға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру | ||||||
Пәнаралық байланыс | Өзін өзі тану | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жиындардың арасындағы қатынастарды біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | (ОТ) Өрнектер құрастыр Оқушыларға қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа арналған есептермен жұмыс істейтіндерін айту. Әр жұпқа алыстау жылдамдығы мен уақыт аралығындағы алыстау арақашықтығының формулаларын қағаз бетіне жазуды ұсыну. Берілген формулалар оларға бүкіл сабақ барысында қажет болатынын ескерту. Сыныпта тәжірибе жүргізу. Екі оқушыны бір-біріне арқаларымен тұрғызу. Олардың біріне қозғалысты бірден бастауды, ал екіншісіне 5 секундтан кейін бастайды. Оқушылардан қайсысы, неліктен көбірек жүргенін, кім жолға артық уақыт жұмсағанын, неліктен артық жұмсағанын сұрау. Оқушыларға келесі жағдайды ұсыну: Екі оқушы мектептің қақпаларының жанында тұрып, ертеңге дейін қоштасты. Кейін бірінші оқушы қарама-қарсы жаққа 60 м/мин жылдамдығымен кетті, ал екіншісі бауын байлай бастады және үйге 2 минуттан кейін 50 м/мин жылдамдығымен кетті. Олар екінші оқушы үйге жеткеннен 5 минуттан кейін қандай арақашықтықта болады? Жауабы:
Екеуінің арақашықтығы 770 м болды (Т) Топтарда келесі сұрақтарды талқылауды ұсыну: 1) Бірінші оқушы өзі жалғыз неше минут жүрді? 2) Ол барлығы неше минут жүрді? 3) Бұл уақыт ішінде ол неше метр жүргенін қалай анықтауға болады? 4) Екінші оқушы неше минут жүрді? 5) Бұл уақыт ішінде ол неше метр жүрді? 6) Оқушылар қандай арақашықтықта болады? Топтарға өз ойларын айтқызу, бір ортақ шешімге келулерін сұрау. (Ұ) Есепке қатысты өрнектер құрастыр. а) Оқушылардан арақашықтықты анықтау үшін қандай формула қолданатынын, алыстау жылдамдығын қандай формуламен анықтайтын сұрау. Жұптардағы оқушыларға әріпті мәндермен формулалар жазуды ұсыну. Жауабы: (а+b)*с ә) Алдымен құрлықтан аралға дейінгі жолды, кейін аралдан құрлыққа дейінгі жолды анықтайтын өрнекті жазуды ұсыну. Кері жылдамдықты қалай анықтайтынын сұрау. Жауабы: n • t : m б) Алыстау жылдамдығын қалай табатынын, көбелектің жылдамдығын қалай табатынын сұрау. Жауабы: s : р – а (Т) Қысқы тапсырмалар а) Топтарда сызбаны қарастыруды және есептеулерді жазбаша орындап, сұрақтарға жауап беруді ұсыну. Оқушылардың назарын аэрошана мен шаңғышы жолда әртүрлі уақытта болғандығына аудару. ә) Оқушыларға тапсырманы жұптарда талқылату. Кейін өз нәтижелерімен бөлісуді ұсыну. Жауабы: а) 1) 3 + 2 = 5 (сағ) – аэрошана жолда болған уақыт; 2) 56 · 5 = 280 (км) – аэрошана өткен жол; 3) 12 · 2 = 24 (км) – шаңғышы өткен жол; 4) 280 + 24 = 304 (км). ә) 1) 2 + 2 = 4 (сағ) – бірінші шаңғышының жолда болған уақыты; 2) 9 · 4 = 36 (сағ) – бірінші шаңғышы өткен жол; 3) 58 – 36 = 22 (сағ) – екінші шаңғышы өткен жол; 4) 22 : 2 = 11 (сағ) – екінші шаңғышының жылдамдығы. (Ұ) Шығарып көр Көру қабілеті арқылы ойда сақтау үшін сызба сызғызу. Оқушылардан жүк көлігінің неше километр жүріп өткенін, оның қандай жылдамдықпен жүргенін сұрау. Осыдан кейін нені анықтауға болатынын айтқызу. (уақыт) Жүк көлігі мен автокөлік бірге неше сағат жүргенін, оны қалай анықтауға болатынын, жүк көлігі мен автокөлік бірге жүргенде қандай арақашықтықты өткенін, оны қалай анықтауға болатынын, ортақ арақашықтық пен ортақ уақытты біле тұра, есептің сұрағына жауап беруді тапсыру. (Әр сұрақтан кейін оқушылар амалды қағаз бетіне жазады және амалды түсіндіре отырып, есептеулер орындайды). Әр амалдан кейін тексеруді орындату. Жауабы: 1) 120 : 60 = 2 (сағ) – жалғыз жүрді; 2) 640 – 120 = 520 (км) – бірге жүрді; 3) 6–2= 4 (сағ) – бірге жүрді; 4) 520 : 4 = 130 (км/сағ) – алыстау жылдамдығы; 5) 130 – 60 = 70 (км/сағ) – автокөлік жылдамдығы. (Ж) Ойлан. Оқушыларға суретті қолданып, тапсырманы жұптарда орындату. Кейін мүшелері ауысатын жұптарда өзара тексеруді жүргізу. Қалауы бойынша жауаптарын оқып, ойларымен бөлісу. Жауабы: 1) 5 – 2 = 3 (метр) – екі минутта; 2) 36 : 3 = 12 (рет) – 3 метрден; 3) 12 · 2 = 24 (минут) – інге дейін. Жұмыс дәптерінде орындалатын тапсырмалар (Ө) 1. Байланыстыр Оқушыларға ден қойып сызбалар мен формулаларды қарастыруды және формулаларды сәйкес сызбалармен байланыстыруды ұсыну. Бір сызба үшін екі формуланы қолдануға болатынын айту. Аса ынталанған оқушыларға қалған формулаларға сызба сызуды ұсыну. (Ө) 2. Велосипедшілер Оқушыларға оқулықтағы сызбаларға қарап, сызба сызғызу. Кейін сұрақтарға жауап бере отырып, есепті кезеңдермен шығарады. Орындағаннан кейін есептің шығарылуын бірігіп тексеруді тапсыру. Жауабы: 1) 16 : 8 = 2 (сағ); 2) 2 + 3 = 5 (сағ); 3) 5 · 8 = 40 (км); 4) 3 · 10 = 30 (км); 5) 40 + 30 = 70 (км). (Ө) 3. Өшіргіштің тапсырмасы Жауабы: а) х = 20; ә) а = 38400; б) х = 132; в) у = 9; г) х = 42; ғ) х = 420. (Ө) Қосымша тапсырмалар 1) Қайықтар айлағынан 34 км/сағ жылдамдықпен моторлы қайық шықты. Ол 68 км өткеннен кейін, дәл сол айлақтан қарама-қарсы бағытта екінші моторлы қайық 28 км/сағ жылдамдықпен шықты. Олардың арақашықтығы 440 км болғанда, әр қайықтың жолда болған уақыттары қандай? 2) Ауылдан 12 км/сағ жылдамдықпен велосипедші шықты, 3 сағаттан кейін, сол ауылдан қарма-қарсы бағытта 4 км/сағ жылдамдықпен жаяу адам шықты. Жаяу адамның шыққанына сағат болғанда олардың арақашықтығықандай болды? Рефлексия Оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшалар таратып, оқушылардан өз ойларын жалғастырып жазуды сұрау. Мен тапсырмаларды ... орындадым. Мен енді ... алатынымды түсіндім. Маған сабақ ... болды. Бүгінгі алған білімімді күнделікті өмірде .... . Мен ... алғанымды сезіндім. | Қозғалыс бағыттары сызылған парақтар №3 слайд №4 слайд №5 слайд №6 слайд №7 слайд №8 слайд Тапсырмалар және олардың жауаптары жазылған парақтар №9 слайд Бағдаршам көздерінің түсіне сәйкес қағаздар №11 слайд Сызбалар №14 соайл №15 слайд Жұмыс дәптері №16 слайд №17 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?