14280 : 42 түріндегі бөлудің алгоритмі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Көбейту және бөлу

№ сабақ. 14280 : 42 түріндегі бөлудің алгоритмі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

14280 : 42 түріндегі бөлудің алгоритмі

Оқу мақсаты:

4.1.2.11**екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану;

Бағалау критерийлері

Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қолдана отырып мысалдар орындайды

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлу алгоритмі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Сендердің алгоритмдерің дұрыс құрастырылған ба?

• Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен айналысамыз?

(Нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға бөлу алгоритмі).

• Бұл алгоритмде қандай өзгешелік бар? (Шамалау).

Бөлу алгоритмі:

1. Шамалап есептеймін.

2. Бірінші толымсыз бөлінгішті анықтап, оның разрядтық құрамын түсіндіремін.

3. Бөліндіде болатын цифрлардың санын анықтаймын.

4. Бөліндінің әр разрядындағы цифрларды анықтаймын.

5. Дөңгелек санды екі таңбалы санға бөлгенде, бөлін-

гіштегі бөлуден ауысқан нөлдерді бөліндіге тіркеп жа-

замын.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Жазбаша көбейту және бөлу тәсілін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Т)Кіріспе тапсырма. Топқа бөлу алгоритмін ламинатталған параққа жазуға тапсыру.

Оқушылар бөлу алгоритмін ламинатталған параққа жазады

(қандай сандар екенін тексерілмейді). Жазып болған соң

алмасуға берілген белгі бойынша көрші топқа жіберіп

бір-бірінің алгоритмімен танысады.

Топтағы оқушылар алгоритмді құрастыруға

көп уақыт жұмсамауы керек, себебі топтың құрамында

қабілеті әртүрлі оқушылар болады. Осыдан кейін ізденіс

жұмысын ұйымдастыру. Тақтаға бөлу мысалын жазып,

(292 400 : 68) оқушыларға өздері құрастырған алгоритм

бойынша мәнін есептеуді тапсырыңыз (барлық топ тапсырманы табысты орындайды деп сенуге болады, себебі бұл алгоритм осындай көптаңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритміне ұқсас). Өздерінің жұмысын тексеру үшін басында оқулықта берілген алгоритммен танысу сұралады: Сұрақтарға жауап алу арқылы бүгінгні сабақ тақырыбы анықталады.

• Сендердің алгоритмдерің дұрыс құрастырылған

ба?

• Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен айналысамыз?

(Нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды екі

таңбалы санға бөлу алгоритмі).

• Бұл алгоритмде қандай өзгешелік бар?

(Шамалау).

Оқушылар жоғарыдағы мысалды шығарғанда шыққан

санды атайды (4300). Тақтадан дұрыс жауабы көрсетіледі

Осыдан кейін оқулықта берілген алгоритм бойынша жұмысты қорытындылау ұсынылады.

(Т) Есепте және түсіндір. Тапсырманы топта орындауға тапсыру. Олар төрт мысал бойынша әрқайсысы бір мысалды қалай шығарғанын басқаларына көрсетіп түсіндіреді, қатесі болса құрдастары оны жөндейді. Оқушылардың талқылауын тыңдап

Бақылау, математикалық терминдердің дұрыс айтылуы-

на мән беру. Жауаптарға не ортақ екенін сұрау

(бөліндінің мәнінде нөл бар).

Жауабы:

а) 640;

ә) 520;

б) 23400;

в) 24100.

(Ж) Қателерді тап. Тапсырма жұпта орындауға ұсынылады. Оқушылар бөлуді түсіндіріп орындау арқылы қатені табады. Бірнеше оқушыны тақтаға шығарып, талдап, дұрыс жауабының мысалы тақтада көрсетіледі. Оқушылардың жауабын бағаланады. Тапсырманы тез орындаған оқушыларға осыған ұқсас мысал құрастыруды тапсыру.

Жауабы:

Бірінші мысалда бөліндінің мәнінде 7-ден кейін 0

жетіспейді.

Екінші мысалда бөліндінің мәнінде 8-ден кейін 0

жетіспейді.

Үшінші мысалда бөліндінің мәнінде соңғы 0 жетіспейді.

(Ө) Өрнек құрастыр.

Тапсырманы өз бетінше орындауға беру. Үлгерімі орташа оқушыларға бөлу мысалдарын қарастыруды, үлгерімі жоғары оқушыларға бөлу нәтижесін көбейту арқылы тексеру жасауды тапсыру. Бірнеше оқушыны тақтаға шығарып, дұрыс жауабын көрсету. Қай мысалдың артық екенін сұрау (екінші көбейткіші 12 және 36 болатын мысалдар, себебі бөліндінің мәнінде жоқ).

Жауабы:

20340, 38985, 12995.__

(Т) Шығарып көр. Топтық жұмыс ұйымдастыру. Әр

топ кестедегі мәліметке сәйкес есеп құрастырады. Ал-

дымен берілген қабырғасы мен ауданы бойынша тіктөрт-

бұрыштың екінші қабырғасын табу формуласын жазу сұралады. Барлық топтың өкілдері жауабын тақтаға шығып

таныстырады. Барлық есептерді оқушылармен бірге

талдап, шығару жолының дұрыстығын тексеру.

Оқушылардың құрастырылған есептер бойынша ойын білу мақсатында сұрақтарға жауап алу. «Қай топтың құрастырған есебі ұнады? Нелік-

тен?» Оқушылардың жауабын бағалап, қорытынды жасалады.

109

Жауабы:

1) 28300 м. 2) 16930 м. 3) 20425 м.

(Ө)Ойлан. Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды, дәптерлерін өзара ауыстырып, бірін-бірі (өзін-

өзі) бағалайды. Оқушылардың дәптерін тексеріп, кері

байланыс беріледі.

Жауабы:

5030.

(Т)Қайтала. Тапсырма жылдамдық, уақыт және арақашықтықты формула арқылы табуды қайталауға арналған.

Жауабы:

а) S1 = 16 км, S2 = 20 км;

ә) t = 8 сағ;

б) v1 = 72 км/сағ.

№4 слайд

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

Кері байланыс

РефлексияОқушылардың сабақты түсіну деңгейін

бағалау үшін нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды

екі таңбалы санға бөлу алгоритмін кейбір сөздерін ауы-

стырып (қате жіберіп) жаймен оқыңыз (бұл алгоритм

нөлмен аяқталатын көптаңбалы сандарды бір таңбалы

санға бөлу алгоритміне ұқсас болғандықтан оқушылар

оны тыңдағанда оңай қабылдай алады). Қате жерінде

оқушылар қол соғып белгі береді.

Бөлу алгоритмі:

1. Шамалап есептеймін.

2. Бірінші толымсыз бөлінгішті анықтап, оның разрядтық құрамын түсіндіремін.

3. Бөліндіде болатын цифрлардың санын (анықтау қажет емес) анықтаймын.

4. Бөліндінің әр разрядындағы цифрларды анықтаймын.

5. Дөңгелек санды екі таңбалы санға бөлгенде, бөлін-

гіштегі бөлуден ауысқан нөлдерді бөліндіге тіркеп (жазу қажет емес)жазамын.

Бірнеше оқушыдан алгоритмді толық айтуды сұрауға болады.

№9 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу