Шамалар арасындағы тәуелділік. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Математикалық модельдеу

4А Есептер және математикалық модель

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Шамалар арасындағы тәуелділік

Оқу мақсаты:

4.5.1.2

есептерді шығаруда жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларырының өзара тәуелділігін пайдалану

Бағалау критерийлері

- өнімділік, орындалған жұмыстың көлемі мен уақыт арасындағы тәуелділікті біледі;

- есептерді шығару барысында формулаларды қолдануды үйренеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: өнімділік, жұмыс, уақыт

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

- Шамалар арасындағы тәуелділікті анықтап көр. Нені байқадың?

-Егер өнімділікті 3 есе арттырса, жұмыстың көлемі қалай өзгереді?

Жазу:

-Тапсырманы алгоритм бойынша орындап жаз

Құндылықтар

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

-орындалған жұмыстың көлемін қалай табатынын;

-жұмысты орындауға кететін уақыт пен өнімділікті қалай табатынын үйренеді

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

(Ұ) Ынталандыру.

«Жұмысшылар бригадалары» тапсырмасы

Оқушыларға сабақ барысында олар өндіріспен және оның жұмыс барысымен танысатындықтарын айту. Зауыт әрқайсысында белгілі бір өнімді шығаратын цехтардан тұратынын, ал адамдар бригадаларға біріккендіктерін айту. Барлық оқушыларды 1,2,3 санағы бойынша да белгілі бір жұмысты орындау үшін, бригадаларға біріктіру. Әр бригада орындайтын тапсырмаларын алады.

Бригадаларға арналған тапсырмалар: 1) Хауызды 2 сағатқа жалдау 1400 теңге тұрады. Бір сағатқа жалдаудың бағасы қандай?

2) Жолаушылар ұшағы 2 сағат ішінде 1400 км арақашықтықты ұшып өтеді. Ұшақтың жылдамдығы қандай? 3) Конвейерден 2 сағат ішінде 1400 зат шығады. Конвейер қандай өнімділікпен жұмыс жасайды?

4) Фабрикада 2 күн ішінде 1400 м мата жұмсалды. Егер әр күн сайын бірдей мөлшерде мата жұмсалғаны белгілі болса, бір күн ішінде қанша метр жұмсалды?

5) 2 кг апельсин үшін 1400 тг төленді. Бір килограмм апельсин неше теңге тұрады?

Оқушылар топта тапсырманы орындап, тақтаға жазады. Орындағаннан кейін, оқушылар тапсырма мен шығарылуын оқиды.

– сендер не байқадыңдар?

– бұл тапсырмалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

– қандай қорытынды жасауға болады?

(Т) 1. Анықта.

а) Жұмыс істей отырып, оқушылар жұмыстың көлемін анықтайтын формула көбейтіндінің мәнін табу формуласына сәйкес келетіндігі туралы қорытынды жасайды.

ә) Оқушыларға өздерінің жорамалдарын тексеру үшін формулаға кез келген мәндерді қойып есептеуді ұсыну. Қосымша сұрақтар :

Егер өнімділік өзгеріссіз қалса, ал уақыт үш есе артса, орындалған жұмыстың көлемі қалай өзгереді?

Ал уақыт екі есе артса? Егер өнімділік және уақыт екі есе артса?

Жауабы: ә) тікелей тәуелділік: орындалған жұмыстың көлемі сәйкесінше 3 есе артады, 3 есе кемиді.

Бағалау «Смайлик» әдісі

Әр топ оқушылары өзара тексеруді таратпа қағаздарды тексеру арқылы жүргізеді. Оны смайликпен белгілейді. Смайликтің күліп тұрғаны-жарайсың, ренжіп тұрғаны-тағы да тырыс дегенді көрсетеді.

Сабақтың тақырыбын хабарлау

Бүгін сабақта біз есептерді шығару барысында жұмысқа жіберілген уақыт, атқарылған жұмыс, өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалануды үйренеміз.

(Т) Зауытта.

Бірінші тапсырманың талдауын бірігіп келесі сұрақтар бойынша жүргізу: Тапсырмада не белгілі? Нені табу керек? Тапсырманың сұрағына бірден жауап бере аласыңдар ма? Неліктен? Бірінші кезекте нені анықтау керек? Одан кейін? Есептеуді ауызша орындайды.

(Ж) Келесі екі тапсырманың шығарылуын оқушылар жұптарда орындайды және құрамы ауысатын жұптарда алынған қорытындыларымен алмасады. Оқушыларды олар тапсырманы шығару үшін қандай формулаларды қолданғандықтарын сұрау.

Жауабы: а) 120 тетік; ә) 56 тетік; б) 7 тетік/сағ.

Бағалау «Бармақ арқылы»

Жауап дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

(Ө) «Шығарып көр» айдары

. Әр жұпқа тапсырмада берілгендермен толтыруға арналған сызбалар тарату.

Қиындықтар туындаған жағдайда тапсырманы шығарудың жоспарын құру бойынша ұжыммен жұмыс жүргізуді ұсыну: 1) екінші жұмысшының өнімділігін анықтау; 2) 8 сағат ішінде бірінші жұмысшы орындаған жұмыс көлемін анықтау; 3) екінші жұмысшы орындаған жұмыстың көлемін анықтау; 4) жұмыстың ортақ көлемін анықтау.

Кейін тапсырманы жұптарда орындау үшін уақыт беру. Тапсырманы орындағаннан кейін, тексеру ретінде жұптардың біріне өз шығарылуын оқуды ұсыну. Оқушылардан бұл тапсырманың басқа шығарылу жолы бар екендігін сұрау. Ұсынылған нұсқаны талқылау.

Жауабы:

1) 240 + 20 = 260 (тетік/сағ);

2) 240 · 8 = 1920 (тетік);

3) 260 · 8 = 2080 (тетік);

4) 1920 + 2080 = 4000 (тетік).

Бағалау «Шапалақ» әдісі

Жұптар нәтижелерімен өзара алмасады, тексереді.

Дұрыс орындалған тапсрымаға 3 шапалақ соғады.

(Ұ) Салыстыр.

Тиімді жұмыс үшін оқушыларға жұмысты бөліп орындауды ұсыну.

Мысалы, тапсырмадағы а) бір оқушы бірінші бақылаушының өнімділігін, ал екінші оқушы екіншінікін есептейді. Кейін алынған нәтижелерді салыстырады. ә) және б) тапсырмаларымен ұқсас жұмыс жүргізу. Оқушылардан алынған нәтижелер туралы сұрау.

Қосымша сұрақтар :

-бірінші бақылаушының өнімділігі нешеге кем?

ә) Шебер өзінің шәкіртіне қарағанда қанша тетікке артық жасады? Екінші шебер біріншіге қарағанда қанша сағатқа артық жұмыс істейді?

Жауабы:

а) 1320 : 6 = 220 (тетік);

1320 : 5 = 264 (тетік).

Екінші бақылаушының өнімділігі артық.

ә) 11 · 8 = 88 (тетік);

5 · 8 = 40 (тетік).

Шебердің орындағаны артық.

б) 96 : 8 = 12 (сағ);

96 : 6 = 16 (сағ).

Бірінші шебер бірінші аяқтайды.

Бағалау. Бағдаршамның көздеріне сәйкес сигналды карталарды көрсетеді. Жасыл-сенемін, қызыл-сенбеймін

Белсендіру

(Ө)Дәптермен жұмыс

1. Құрылыста.

а) Шамалар мен олардың өзара байланысын бекіту үшін, оқушыларға өз бетінше тапсырма орындауды ұсыну.

Барлық қажет берілгенді ұсынылған сызбада таба алатындықтарын айту.

ә), б) ұқсас жұмыс. Өзіндік жұмыс барысында қажет болған оқушыларға көмек көрсету.

Жауабы:

а) Жұмыстың өнімділігі 15м/сағ;

3 сағат ішінде – 45 метр;

5 сағат ішінде – 75 метр.

Барлық жұмыс барысында – 105 метр.

ә) 2-қабат/аптасына; 6 апта; 4 апта.

2. Құрылыс материалдары.

Берілген тапсырманың орындалуы өнімділік пен жұмыс көлеміне тапсырмаларды шығару дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Қандай қадамдар орындаулары керектігін талқылау. Оқушылардың көбі кестені толтырып, тапсырманы амалдап орындайды, аса қабілетті оқушылар өрнек құрады. Тапсырманы орындағаннан кейін, оның шығарылуын бірігіп талдау.

Жауабы: 1-тәсіл 1) 1200 : 40 = 30 (шеге/мин); 2) 3600 : 30 = 120 (минут) – 2 сағат; 3600 · (1200 : 40) =120 (минут).

Бағалау «Отшашу»

Оқушылар еңкейген күйден шапалақ соғып, бой түзеп, екі қолын айқара ашқанға дейін қол согады.

(Ө)Ойлан.

Оқушылардың назарын уақыттың әртүрлі өлшем бірлігіне аудару. Оқушыларға бірінші принтер сағатына неше бет шығара алатынын анықтауды ұсыну (ол үшін оқушылар 1 мин = 60 с, 1 сағ = 60 мин немесе 1 сағ = 3600 с екендігін естеріне түсірулері тиіс)

Кейін нәтижелерді салыстыру керек.

Жауабы:

1-әдіс: 2 · 3600 = 7200 (бет/сағ) – бірінші принтерді сатып алу тиімді.

2-әдіс: 2 · 60 = 120 (бет/мин);

120 · 60 = 7200 (бет/сағ);

7200 – 7100 = 100 (бет/сағ).

(Ө) «Орындап көр» айдары.

Өнімділік шамаларының өзара тәуелділігін пайдалану дағдысын бекітуге тапсырма.

1.Қазақ тілі пәнінен үй тапсырмасын жазбаша орындағанда басталу уақытын белгіле.

2.Орындап болған соң қанша уақыт кеткенін есепте.

3.Жазған әріп санын сана.

4. р=А:t формуласы бойынша жазбанынң жылдамдығын анықта.

Бағалау. «Жұлдызша» әдісі

Тапсырманы орындауда дұрыстығына қарай жинаған жұлдызшаларын санау арқылы қорытындылауға болады.

(Ұ) Қайтала.

Санды көбейтіндіге көбейту және бөлуді қайталауға берілген тапсырмалар.

Жауабы:

а) 80 : (5 · 2) = 8; ғ) 100 : (2 · 5) = 10;

ә) 140 : (4 · 7) = 5; д) 12 · (5 · 7) = 420;

б) 270 : (9 · 5) = 6; е) 29 · (2 · 5) = 290;

в) 240 : (4 · 10) = 6; ж) 17 · (4 · 10) = 680.

г) 180 : (2 · 3) = 30;

Бағалау «Бас бармақ»

Оқушылар дұрыс жауапты тексере отырып, бас бармақтарын көтереді.

Рефлексия

Адам бір күнде 150 литр су жұмсайды. Бір аптада ол қанша литр жұмсайды? Ваннаға 245 литр су сыяды. Егер минутына 35 литр ағатын болса, барлық су қанша уақытта ағып кетеді? Жауабы: 150 · 7 = 1050 (л); 245 : 35 = 7 (мин).

Оқушының қаншалықты дағдыларға ие болғанын тексеру мақсатында параққа есепті шығарып жазғызу, өзара тексеру жүргізу. Кері байланыс беру.

-Есепті шығару үшін не қажет болды?

-Қандай қиындықтар туындады?

Интербелсенді тақта

Таратпа қағаз

Слайд № 3

Слайд № 4

Оқулық

Смайликтер

Слайд №5

Слайд № 6

Оқулық

Слайд № 7

Сызбалар

Слайд № 8

Слайд № 9

Сигналды карталар

Жұмыс дәптері

Слайд № 10

Слайд № 11

Дәптер

Слайд № 12

Слайд № 13

Жұлдызшалар

Слайд № 14

Слайд № 15

А4 парақтар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу