№ 11сабақ. Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу тәсілдері. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Көптаңбалы сандарды нөмірлеу және олармен амалдар орындау № 11сабақ. Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу тәсілдері | Мектеп: 7 | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 4.1.2.8 көптаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көптаңбалы сандарды нөмірлеуді, сандардың дағдылы қатарының пайда болу принципін, тиісті ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерін , үш және көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындай алады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Жағымды психологиялық ахуал Көзіммен қараймын және көремін Құлағыммен тыңдаймын және естимін Алдымен ойлаймын және айтамын Сыныпта жалғыз емес екендігімді білемін Достарымның пікірін тыңдаймын Уақыттың меніі тоспайтындығын түсінемін... Топқа бөліну Балаларға 1-ден 9-ға дейінгі цифрлар әр түрлі түсте таратылып беріледі. Түстер бойынша 4 топқа бөлініп отырады. | Белгі кеспеқағаздары; Ламинатталған қағаздың парақтары; топқа арналған мысалдар мен жауаптар жазылған дөңгелек. №4 слайд | |||||||||
Сабақтың ортасы | Кіріспе тапсырма. «Құрастыр» ойыны арқылы қолдарындағы цифрлар бойынша 4-5 таңбалы сандар құрастырады, құрастырылған сандарды жазуға тапсыру, үш сан құрастырғанша ойын жалғасады. Осылайша соңғы санды жазғаннан кейін оқушылар жұпқа бірігіп, жазған сандарын қосады. Жазбаларын алмастырып, бірін-бірі тексереді. Оқушылардан қандай сандарды қосуды орындағандарын және бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болатыны туралы не ойлайтыны сұралады. Сабақтың тақырыбы не туралы болатындығын сұрай отырып, жаңа сабақ тақырыбы жария- ланады, сабақта көптаңбалы сандарды қосу алгоритмімен танысатыны айтылады. «Қалай ойлайсыңдар: көптаңбалы сандарды қалай қосуға болады?» Балалар үш таңбалы сандарды қосу сияқты қосуға болатындығын түсінеді. Тапсырмалармен жұмыс (Т) Аралықты жүріп өт. Тапсырма алгоритм бойынша жұмыс істеуге негізделген. Оқушылардын «Алгоритм бойынша орындау деген не? Санды арттырғанда қандай нәтиже аламыз? Азайтқанда ше?» сұрақтарына жауап алу. Сандар шағын топтарға бөлініп беріледі: 1-топқа – 50000, 2-топқа – 30000, 3-топқа – 60000, 4-топқа – 80000. Барлық топтар тапсырманы орындап болған соң әр топтан бір оқушы топтың жауабын таныстырады, қалған оқушылар тапсырманың дұрыс орындалғанын бағалау сигналдары арқылы бағалайды. Жауабы: 50000 + 40000 = 90000; 90000 > 100 000 жоқ, демек 90 000 + 20000 = 110 000. 30000 + 40000 = 70000; 70000 > 100 000 жоқ, демек 70000 + 20000 = 90000. 60000 + 40000 = 100 000; 100 000 > 100 000 жоқ, демек 100 000 + 20000 = 120 000. 80000 + 40000 = 120 000; 120 000 > 100 000 иә, демек 120 000 – 20000 = 100 000. (Ж) Сандарды қос. Тапсырма көптаңбалы сандарды баған түрінде разрядтан аттамай қосу алгоритмін бекіту- ге арналған. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды, соңында кезекпен бір мысалды түсіндіріп, өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды. Жауабы: а) 3241 + 4537 = 7778; ә) 223 213 + 324 143 = 547 356; б) 40067 + 43234 = 83301; в) 36604 + 2013 = 38617; г) 766 408 + 20491 = 786 899; ғ) 705 444 + 62303 = 767 747. (Ж) Түсіндір. Бұл тапсырма оқушылардың көптаңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша қосу алгоритмін түсінгенін тексеруге арналған. Тапсырма жұпта орындалады. оқушылар мысалдарды кезекпен бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыс барысын оқушылардың терминдермен дұрыс сөйлеуін, разрядтан аттап қосуды қатесіз орындағанын қадағалау. Қате терминдерді дұрыстап, түсіндіру жұмысын жүргізу. (Ө) Есептеп жаттық. Тапсырма көптаңбалы сандарды разрядтан аттап қосу алгоритмін бекітуге арналған. Оқушылар тапсырманы өз бетінше көптаңбалы сандарды қосу алгоритмі бойынша орындап, соңында орындалу алгоритімі бойынша кезекпен бір-біріне түсіндіреді. Жауабы: а) 737 272 + 237 373 = 974 645; ә) 234 567 + 789 = 235 356; б) 459 368 + 828 = 460 196; в) 715 708 + 897 = 716 605; г) 579 256 + 60023 = 639 279; ғ) 461 484 + 682 = 462 166. (Ө) Ойлан. Тапсырманы орындағанда оқушылар көп- таңбалы сандарды разрядтан аттап баған түрінде қосу алгоритмін пайдаланады. Жауабы:
4 3 7 8 5 + 3 5 7 2 9 7 9 5 0 4 1 2 9 0 6 4 8 + 1 4 2 3 8 7 4 3 3 9 3 5 0 8 7 3 0 5 2 9 + 1 4 7 4 1 1 7 1 0 1 0 4 6 4 6 2 (Т) Шығарып көр. Астана мен Қарағанды қалаларының арасы 217 км. Қарағандыдан Алматыға дейінгі жол одан 1006 км артық. Автокөлік Астанадан Алматыға дейін барып, қайтарда Алматыдан Қарағандыға келіп тоқтады. Автокөлік неше километр жол жүрді? Сұрақ қою арқылы есеп шартына талдау жасау. «Есептің шарты бойынша не белгілі? Не белгісіз? Нені табу керек? Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма? Алдымен нені біліп алу керек? Содан кейін ше?» Астана Қарағанды Алматы 217 км 1016 км-ге артық-? Есепті оқушылардың жеке- жеке шығарып, шешуі мен жауабын жұпта талқылау. Соңында тақтада дұрыс жауабын Көрсету және өзін-өзі бағалау. Жауабы: 196 + 817 = 1013 (км) – Қарағанды мен Алматының арақашықтығы; 196 + 1013 = 1209 (км) – Астана мен Алматының арақашықтығы. | №5 слайд №6 слайд №7 слайд
№8 слайд
№9 слайд №10слайд №11 слайд | |||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «Жаңадан не білдіңдер? Жаз- баша қосуды және азайтуды орындауда не қиын болды? Кімге қосымша көмек керек?» сұрақтарына жауап алу. Кері байланыс Оқушыларға сабақты бір сөзбен аяқтауды ұсыну: «Бүгінгі сабақ – ол (бұл)... Бүгін мен сабақта...» «керемет», «күшті», «қуандым», «үйрендім», «үйреттім», «іздендім» «таптым» | «Стикерлер. №12 слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?