№ 12 сабақ. Көптаңбалы сандарды жазбаша азайту тәсілдері. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көптаңбалы сандарды нөмірлеу және олармен амалдар орындау

№ 12 сабақ. Көптаңбалы сандарды жазбаша азайту тәсілдері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

4.1.2.8 көптаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Көптаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолданады

Оқушылардың көпшілігі:

Көптаңбалы сандарды қосу,азайту алгоритмін түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Көптаңбалы сандарды қосу ,азайтуға байланысты есеп құрастыра алады және диаграмма жасай алады.

Ғылыми тіл

Жазбаша азайту «қарапайымнан күрделіге қарай» қағидатымен жүзеге асырылады. Алдымен азайғыштың әрбір разрядындағы разрядтық бірліктердің саны азайтқыштың әрбір разрядтық бірліктерінің санынан артық жағдайы қарастырылады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Қалай ойлайсыңдар: көптаңбалы сандарды қалай азайтуға болады?» (Үш таңбалы

сандарды азайту сияқты қосады) «Алгоритм бойынша орындау деген не? Санды арттырғанда қандай нәтиже аламыз? Азайтқанда ше?»

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көптаңбалы сандарды нөмірлеуді, сандардың дағдылы қатарының пайда болу принципін, тиісті ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерін , үш және көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық ахуал.

«Гүлмен тілек» әдісі, бір-біріне тілек айтып , гүл түстеріне қарай 3 топқа топтасады

1 топ: қызыл гүл

  • топ: жасыл гүл

3 топ: сары гүл

4 топ: көк гүл

 Гүлдің астында қандай сандарды көріп отырсыңдар?

Оқушылардың жауабы. Көптаңбалы сандар. Сол сандарды (үлкенінен кішісін) азайтады. Топтар парақтарын өзара алмастырып, бірін- бірі тексереді. Жауабын оқып, оқушыларға бүгін сабақта көптаңбалы сандарды азайту алгоритмімен танысатындарын хабарлау.

Содан соң оқушылардан «Көптаңбалы сандарды қалай азайтуға болатынын кім айта алады? сұрағына жауап алу. (Үш таңбалы сандар сияқты азайтады)».

Белгі кеспеқағаздары;

Ламинатталған қағаздың парақтары;

топқа арналған мысалдар мен жауаптар жазылған парақшалар

№4 слайд

Сабақтың ортасы

Тапсырмалармен жұмыс оқулық бойынша.

(Т) Азайту алгоритмі. Тапсырма алгоритм бойынша

есептеуді бекітеді. Тапсырманы орындамас бұрын «Алгоритм бойынша әрекет жасау деген не? Санды арттырғанда қандай нәтиже шығады? Азайтқанда ше?» сұрақтарына жауап алу. Берілген сандарды 4 топқа бөліп беру.

1-топқа — 16800, 2-топқа — 27000,

3-топқа — 38600, 4-топқа — 45700.

топтағы оқушылар өздеріне берілген санмен амалдарды көрсетілген сызба (азайту алгоритмі) бойынша орындап болған соң, бір оқушы топтың жауабын таныстырады. Қалған оқушылар бағалайды.

«Есептеуді қалай орындадыңдар?» сұрағына жауап тыңдау.

Жауабы:

16800 – 6700 = 10100, 10100 > 37 мыңд. жоқ, демек

b = 10100;

27000 – 6700 = 20300, 20300 > 37 мыңд. жоқ, демек

b = 20300;

38700 – 6700 = 32000, 32000 > 37 мыңд. жоқ, демек

b = 32000;

45700 – 6700 = 39000, 39000 > 37 мыңд. иә, демек

39000 – 6700 = 32300, 32300 > 37 мыңд. жоқ, демек b

= 32300.60000 + 40000 = 100 000; 100 000 > 100 000 жоқ,

демек 100 000 + 20000 = 120 000.

80000 + 40000 = 120 000; 120 000 > 100 000 иә, демек

120 000 – 20000 = 100 000.

а

16800

27000

38700

45700

б

?

?

?

?

Есте сақта!

Интербелсенді тақта арқылы көптаңбалы сандарды азайту алгоритмімен таныстыру.

Сәйкес тапсырма орындау.

(Ж) Азайт. Тапсырма көптаңбалы сандарды разрядтан

аттамай азайту баған түрінде жазып азайту алгоритмін

қолдануды бекітуге арналған. Оқушылар тапсырманы

жеке орындап, нәтижесін бір-біріне түсіндіру арқылы

өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды.

Жауабы:

а) 95186 – 4076 = 91110;

ә) 678 989 – 213 453 = 465 536;

б) 84988 – 63217 = 21771;

в) 75825 – 13005 = 62820;

г) 147 607 – 16505 = 131 102;

ғ) 753 997 – 143 532 = 610465.

(Т) Жоғалған цифрлар. Тапсырма оқушылардың

жоғарғы разрядтың бір бірлігін қарызға алу арқылы

көптаңбалы сандарды жазбаша азайтуды қаншалықты

түсінгенін тексеруге бағытталған. Оқушылар айырманың мәніне қарап сандардағы жетіспейтін цифрларды табады.

Жауабы:

а)

6037

-1765

4272

ә)

7508

-5079

2429

б)

60000

4013

55987

в)

287000

38054

248946

(Т) Шығарып көр. Есепті сұрақ қою арқылы талдау жасау. «Есептің шартынан не белгілі? Нені табу

керек? Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

Алдымен нені білу керек? Содан кейін нені табамыз?»

Есептің сызбасына мұқият қарауды тапсыру. Топтағы оқушылар есептің шартын табады.

Бір оқушы тақтаға шығарып шығарылу жолын түсіндіреді немесе дұрыс жауабын тақтадан көрсетіп, өзін-өзі бағалайды. Есепті басқа тәсілмен шығаруды тапсыру.

Назерке Сәуле

Ержан

Жауабы:

3843 – 2335 = 1508 (ұп.) Сәуленің ұпайы

3843 + 1508 = 5351 (ұп.) – Назерке мен Сәуленің ұпайлары

5351 – 3188 = 2163 (ұп.) – Ержанның ұпайы

Екінші тәсіл: 3843 ∙ 2 – (2335 + 3188) = 2163

(Ж) Есептеп жаттық. Тапсырма оқушылардың жоғарғы

разряд бірлігіне жүгініп, көптаңбалы сандарды баған

түрінде жазып азайту дағдысын бекітуді көздейді. Оқушы-

лар тапсырманы өз бетінше жеке орындап, соңында бірін-

бірі тексереді.

Жауабы:

а) 84836 – 23318 = 61518;

ә) 786 547 – 3278 = 783 269;

б) 428 053 – 147 347 = 280 706;

12-сабақ 35

в) 367 423 – 234276 = 133 147;

г) 178 834 – 43579 = 135 255;

ғ) 293 054 – 134 047 = 159 007.

(Ж) Орындап көр. Тапсырма көптаңбалы сандарды баған

түрінде жазып есептеу дағдысын бекітеді. Оқушылар

баған түрінде есептеуді ламинатталған параққа жазады.

Тапсырманы орындап болған оқушыларға жетіспейтін

санды қалай тапқанын бір-біріне түсіндіреді. (әр сатыдағы сандардың қосындысы пирамиданың төбесіндегі санға тең болуы керек). Оқушылар жауаптарын басқа жұппен алмастырып тексереді. Бағалау үшін

қызыл және жасыл кеспеқағаздарды пайдаланады.

Жауабы:

а) 4507 – 2346 = 2161;

4507 – 1238 = 3269;

3269 – 1329 = 1940.

б) 8403 – 3795 = 4608;

8403 – 2340 = 6063;

6063 – 2464 = 3599

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

 

 

 

 

№8 слайд

 

№9 слайд

№10слайд

№11 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Жаңадан не білдіңдер? Жаз-

баша азайтуды орындауда не қиын болды?

Кімге қосымша көмек керек?» сұрақтарына жауап алу.

Кері байланыс

Оқушыларға сабақты бір сөзбен аяқтауды ұсыну: «Бүгінгі сабақ – ол (бұл)... Бүгін мен сабақта...»

«керемет», «күшті»,

«қуандым», «үйрендім», «үйреттім», «іздендім» «таптым»

«Стикерлер.

№12 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу