№ 13 сабақ. Көптаңбалы сандарды қосу және азайту тәсілдері. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көптаңбалы сандарды нөмірлеу және олармен амалдар орындау

№ 13 сабақ. Көптаңбалы сандарды қосу және азайту тәсілдері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

4.1.2.8 көптаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Көптаңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолданады

Оқушылардың көпшілігі:

Көптаңбалы сандарды қосу,азайту алгоритмін түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Көптаңбалы сандарды қосу ,азайтуға байланысты есеп құрастыра алады және диаграмма жасай алады.

Ғылыми тіл

Алгоритмді дұрыс қолдану үшін көптаңбалы сандардың разрядтық құрамын,

разрядтық бірліктердің арақатынасын және қосу мен азайтудың кестелік жағдайларын білу керек. Есептеуде кездесетін қосу және азайту жағдайлары:

1) разрядтық бірліктенаттамау; 2) разрядтық бірліктен аттау; 3) бірнеше разрядтан

аттау; 4) азайғышта нөлдер болатын жағдай.

Талқылауға арналған сұрақтар:

«Көптаңбалы сандарды қосуды/азайтуды қалай орындадыңдар?».

«Алгоритм бойынша әрекет жасау деген нені білдіреді? Санды арттырғанда қандай

нәтиже аламыз? Есептеуді қалай орындадыңдар? Нәтиже неге байланысты? Алгоритм не үшін керек? Алгоритм бойынша жұмыс істеу/есептеу оңай ма?»

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Көптаңбалы сандарды нөмірлеуді, сандардың дағдылы қатарының пайда болу принципін, тиісті ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерін , үш және көп таңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық ахуал.

Оқушыларды шеңберге тұрғызу. Балалардың сабаққа жағымды ахуалын қалыптастыру.

Математика қызық пән ,

Бәріміз оны білеміз.

Қызықты есеп шығарып ,

Тез жауабын береміз!

Геометриялық фигуралар бойынша топқа бөліну, фигураларда жазылған көптаңбалы сандарды пайдаланып топтағы оқушылар жұптасып, жаттығу орындайды:

бірінші оқушы қосу амалына, екінші оқушы азайту ама-

лына мысал құрастырады. Соңында бірін-бірі тексереді,

бағалайды. Топтағы басқа оқушылардың мысалдарымен

танысып, өзіне жазып алады. Тапсырма орындалған соң «Көптаңбалы сандарды қосуды/азайтуды қалай орындадыңдар?» сұрағына жауап алу.

Белгі кеспеқағаздары;

Ламинатталған қағаздың парақтары;

топқа арналған мысалдар мен жауаптар жазылған парақшалар

№4 слайд

Сабақтың ортасы

Т.Ж. Алгоритм. Тапсырма алгоритм бойынша ауызша

есептеу дағдыларын қолдануды қарастырады.

1 – 2310,2 – 3300,

3 – 5900, 4 – 5920 сандарын шағын топтарға

бөліп тарату. Тапсырма орындалмас бұрын «Алгоритм бойынша әрекет жасау деген нені білдіреді? Санды арттырғанда қандай нәтиже аламыз? Есептеуді қалай орындадыңдар? Нәтиже неге байланысты? Алгоритм не үшін керек? Алгоритм бойынша жұмыс істеу/есептеу оңай ма?» сұрақтарына жауап алу. Барлық топтардың жауабы дайын болған соң бір оқушы топтың жауабын

таныстырады. Қалған оқушылар жауапты бағалайды.

Х

2310

3300

5900

5920

у

?

?

?

?

Жауабы:

2310 + 4100 = 6410; 6 410 < 10000 иә, демек, қайталаймыз

6410 + 4100 = 10510; 10510 < 10000 жоқ, демек у = 10510.

3300 + 4100 = 7400; 7400 < 10000 иә, демек, қайталаймыз

7400 + 4100 = 11500; 11500 < 10000 жоқ, демек у = 11500.

5900 + 4100 = 10000; 10000 < 10000 жоқ, демек, у =

10000.

5920 + 4100 = 10020; 10020 < 10000 жоқ, демек, у =

10020.

Үш санды қос. Тапсырма көптаңбалы сандарды

баған түрінде қосу алгоритмін бекітуге арналған. Егер

қосу нәтижесі бір ондықтан артып кетсе, жоғарғы раз-

рядқа 1, 2, 3 немесе одан да үлкен разрядтық бірлікті қосу

керек. Тапсырманы оқушылар жеке орындап, жауаптарын

тізбектеле бір-біріне түсіндіреді.

Жауабы:

272170

+ 38214

73857

384241

534290

+ 68730

61715

664735

37826

7576300

+ 96591000

10420512

Ж.Ж. Өшіргішке көмектес. Тапсырма оқушылардың көптаңбалы сандарды азайту алгоритмін түсінгенін тексеруге арналған. Жұптық жұмыс ұйымдастырылады: бірінші оқушы мысалды түсіндіріп шығарады, екінші оқушы тыңдайды,

бағалайды. Келесіде олар рөлдерімен алмасады. Жұптық

жұмыс барысын бақылап, оқушылардың дұрыс түсінуін

және түсіндіруін қадағалау.

Жауабы:

10 10 10

  • 0 0 0

-2 8 4 9

4 1 6 1

5

− 8 6 0 0

2 8 4 9

5 7 5 0

1

− 1 4 0 0 0

2 8 4 9

1 0 1 5 1

1

−3 0 0 0 0

2 8 4 9

1 7 1 5 1

2

− 6 0 0 0 0 0

2 8 4 9

5 0 7 1 5 1

9

Ө.Ж. Ойыншық вагондар. Тапсырма көптаңбалы сан-

дарды баған түрінде жазып қосу және азайту алгоритмін

қолдануға арналған. Оқушылар тапсырманы өзі жеке

орындап, жауабын бір-біріне түсіндіреді. . Саралау мақсатында вагондарды оқушылардың қабілетіне сәйкес беру (әр оқушы неше есеп шығара алады).

Жауабы:

234865–56437 = 178428;

9349–5403 = 3946;

59965+ 49872 = 109837;

120000–8074 = 111926

Ж.Ж. Орындап көр. Оқушыларға жұпқа бірігіп, «Сиқыр»

ойынын ойнауды ұйымдастыру. Тапсырма көптаңбалы сан-

дарды қосу мен азайтуды бекітуге көмектеседі. Барлық

амалдарды орындағаннан кейін олардың нәтижесі әрқа-

шан 5-ке тең екенін біледі. Неге осылай болатынын сұрау. Себебі келесі санды қосу деген жасырған санды

екі еселеп, оған 1-ді қосқанмен тең. Ал 9-ды қосқанда

екі еселенген санға 1-ді емес 10-ды қосу орын алады.

Ал 2-ге бөлу дегеніміз екі еселенген санды 2-ге бөлу

мен 10-ды 2-ге бөлуді білдіреді, демек бастапқы сан мен

5-тің қосындысы қалады деген сөз. Одан жасырған санды

азайтқанда 5 қалады. Оқушылардың жұмысын бағаланады.

Жауабы:

Мысалы, ойлаған сан: 34567 болсын. Сонда

34568 = 69135, 69135 + 9 = 69144, 69144 : 2 = 34572.

Бастапқы санды азайту: 34572 − 34567 = 5.

Т.Ж. Шығарып көр. Есепті сұрақ қою арқылы талдау жұмысын ұйымдастыру.

«Есептің шартынан не белгілі? Нені табу

керек? Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

Алдымен нені білу керек? Содан кейін нені табамыз?»

Есепті алдымен амалдар бойынша шығарып алып, содан

кейін жақшалы өрнек құрастырып шығаруды тапсыру.

Оқушылардың бір-біріне көмектесуіне болатынын хабарлау. Түсінбеген оқушыларға көмектесу.

Жауабы:

1) 1036 – 247 = 789 – ағылшын тілі оқулығының саны;

2) 1036 + 789 = 1825 – математика оқулығының саны;

1036 + (1036 – 247) = 1825.

Ойлан. Тапсырмада оқушылар көптаңбалы сандар-

ды баған түрінде жазып азайту алгоритмін қолданады.

Жұлдызшалардың орнына сәйкес разряд бірлігіндегі

цифрды тауып жазады. Оқушылардың өзін-өзі бағала-

уын ұйымдастыру үшін дұрыс жауабы жазылған үлгіні

көрсетіңіз. Кері байланыс жасаңыз.

4*596

+ 678*

35*78

89455

2*544

+ 7*6

185*

23152

379*6

+ 60*84

4415*

*450

148733

Жауабы:

47596

+6781

35078

89455

20544

+ 756

1852

23152

37946

+60184

44153

148733

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

 

 

 

 

+ +

+

-

-

№8 слайд

 

№9 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Жаңадан не білдіңдер? Жаз-

баша азайтуды орындауда не қиын болды?

Кімге қосымша көмек керек?» сұрақтарына жауап алу.

Кері байланыс

Оқушыларға сабақты бір сөзбен аяқтауды ұсыну: «Бүгінгі сабақ – ол (бұл)... Бүгін мен сабақта...»

«керемет», «күшті»,

«қуандым», «үйрендім», «үйреттім», «іздендім» «таптым»

«Стикерлер.

№10 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу