Функциялардың графиктерін түрлендіру. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


№10 Қысқа мерзімді жоспар:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 8.3A Квадраттық функция

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мұғалімнің аты-жөні: Коспанов Серуенбек

Қайрат Ж.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Функциялардың графиктерін түрлендіру

Оқыту мақсаты

8.5.1.6

y = f(x) + a, y = f(x - a), y = f(ax) және y=af(x) функциялар графиктерінің y = f(x) функция графигімен байланыстарын түсінеді

 Сабақ

 мақсаттары

Функция графиктерін түрлендіру

 Бағалау

 критерийі

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

y = f(x) + a, y = f(x + a), y = f(ax) және y = af(x) функцияларының графиктері y = f(x) функциясы графигімен қалай байланысатынын түсінеді;

функциялардың графиктерін салу үшін түрлендіруді қолданады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Функция графигі

Сызықтық/квадраттық/ бөлшек теңдеулер

Айнымалы/ось(тер)/масштаб/қисық

Қиылысу/қиылысу нүктесі

Сығу, ұқсас түрлендіру, координаталық осьтер бойымен жылжыту

Мәндер кестесі/нүктелер жиыны

Алмастыру/түрлендіру

Графикте нүктені белгілеу/теңдеу

Қисықты бейнелеу

Функцияның орынын ауыстыру

Жоғары/төмен/солға/оңға

Графикті интерпретациялау

Симметрия

Өзгерту

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

-Айталық /Егер сіздің функцияңыз ( ) болса,

( ) +2 функция графигі 2 бірлікке жоғары жылжиды

( ) -2 функцияның графигі 2 бірлікке төмен жылжиды

Шаманы 2 бірлікке өзгерту үшін, оң шама үшін 2 бірлік оңға, теріс шама үшін 2 бірлік солға жылжытыңыз

Y осіне қатысты симметриялы түрлендіру үшін, агументті (-1)-ге көбейтіңіз.

Х осіне қатысты симметриялы түрлендіру үшін функцияны (-1)ге көбейтіңіз

f(x) +a ( y-осі бойымен параллель жылжытады) және

f(x+a) ( x- осі бойымен параллель жылжытады)коэффициентке көбейту графикті сығады немесе созады:

y=a*f(x) график вертикаль ығысады,

(a - теріс мәндер қабылдағанда график бейнеленеді;

│a│ < 1 график сығылады;

│a│ > 1 график созылады).

y = f (ax) график горизонталь жылжиды (егер a – теріс мән қабылдаса, график бейнеленеді;

│a│ < 1 график сығылады;

│a│ > 1 график созылады)

Құндылықтарды

дарыту (Жаһандық азаматтықтың негізгі элементтері)

*Ж.А білу және түсіну: тұрақты даму,әлеуметтік әділеттілік және теңдік

*Ж.А құндылықтары: әлемдегі және қоршаған ортадағы жағдайларды жақсартуға белсенді қатысуға шешім қабылдау

*Ж.А.дағдылары: өзінің айналасындағыларға ашық, әділ қарым –қатынас және олардың құқықтарын құрметтеу

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика, химия, информатика

Негізгі

дағдылары 

АКТ қолдану дағдылары 

Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану, Интернет ресурстар  

Коммуникативті дағдылары:  «Ыстық орындық» әдісін қолдана отырып қайталау, оқушылар топта жұмыс жасай отырып жаңа тақырыпты бекітеді

Бастапқы білім

Қарапайым функциялардың графиктерін сала алады және олардың қасиеттерін біледі у=kx+b, y=kx, y=kx2, y=kx3, y=k/x,y=√x, y=|x|. «Симметрия» ұғымын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет.

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың ортасы

27 мин.

5мин

Өткен материалды «Ыстық орындық» әдісін қолдана отырып Квадраттық функция графигін түрлендіру тақырыбын қайталау.

Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге анықтау, бағалау критерийлеріне тоқталу.

Функция графиктерін түрлендіру.

  • y = f(x) + m, y = f(x) m функция графигін түрлендіру.
  • y = f(x + a), y = f(x-a) функция графиктерін түрлендіру.
  • y = f(ax) және y = af(x) функцияларының графиктерін түрлендіру.
  • Жеке жұмыс

Оқушыларға жұмыс парақтары таратылады. Өздігінен әртүрлі функциялардың графиктерінің түрлендірулерін орындайды.

Бағалау:

Оқушылар жұпта бір-бірімен графиктерін салыстырады, әртүрлі болса, басқа жұптың көмегіне жүгінеді, бірге талдайды, кері байланыс береді. Қажет жағдайда мұғалім кері байланыс береді.

  • Қосымша тапсырмалар

Зерек, алғыр оқушыларға таратылады.

Бағалау:

Мұғалім бағыттайды, кері байланыс береді, бағалайды.

Сабақты қорытындылау.

Сабақ тақырыбы мен мақсатына оралу, бағалау критерийлері бойынша кері байланыс алу және кері байланыс беру.

«Алгебра, 8 класс» Макарычев Ю.Н., Москва «Мнемозина», 2013 г.

3 мин.

Рефлексия:

Нені білдім?

Не түсініксіз?

Нені білгім келеді?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері

сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ә.Б. меңгерушісі: ____________ Валеева М.Б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу