№ 161 сабақ. Үштаңбалы сандарды қосу және азайту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қайталау

№ 161 сабақ. Үштаңбалы сандарды қосу және азайту

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

Үш таңбалы сандарды қосу ,азайту алгоритмін біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Үш таңбалы сандардың қосу,азайту алгоритмін түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбіреулері:

Қосу ,азайтуға байланысты есеп құрастыра алады және диаграмма жасай алады.

Ғылыми тіл

ОқушыларУақыт өлшемдерін ажыратады,уақыт өлшем бірліктерін салыстырады,амалдар орындайды,уақыт бірліктерін үлкеннен кішіге айналдыру,кішіден үлкеннен кішіге айналдыруалгоритмін түсінеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қандай уақыт бірліктерін білесің?

1 минут неше секундты құрайды? 1сағатта неше минут бар?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

1000-ға дейінгі сандарды нөмірлеуді, сандардың дағдылы қатарының пайда болу принципін, тиісті ауызша және жазбаша есептеу тәсілдерін , бір және қос таңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындай алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Кіріспе тапсырма.

Ұ.Ж. Сабақ «Лезде» ойыны арқылы оқушылардан ауызша лезде жауап алудан басталады.

1. 5 ондықты 3есе арттыр. (150)2. 2 жүздіктен тікелей кейін келетін сан. (201)3. 6 ондықтан 2 есе артық сан. (120)4. 1 дм -де неше см бар? (10 см)5. 30 бен 50 - дің қосындысы. (80)6. 35 алмұрт ағашы, 7 алма ағашы бар. Алма ағашы алмұрт ағашынан неше есе кем? (5 есе кем)7. Бірдей 9 жәшікте 54 кг жүзім бар. Бір жәшікте қанша кг жүзім бар? (6 кг)8. 40 л сүтті 5 литрден  бөліп құю керек. Неше ыдыс керек? (8 ыдыс)9. Кесіндінің төрттен бір бөлігі 8 см. Кесіндінің тұтас ұзындығы нешеге тең? (32 см)10. Байламда 9 кітап, ал қорапта 3 есе артық кітап бар. Қорапта қанша кітап бар? (27 кітап)

Әр дұрыс жауап үшін қалған оқушылар «шапалақ ұру» арқылы бағалау

Белгі кеспеқағаздары;

Ламинатталған қағаздың парақтары;

топқа арналған мысалдар мен жауаптар жазылған дөңгелек.

№4 слайд

Сабақтың басы

5 мин

Т.Ж. «Орныңды тап» Тақтаға мысалдар жауаптары ілінеді. Топқа бірнеше өрнектер беріледі. Топта ақылдаса отырып баған түрінде өрнек мәнін табады, тақтадағы жауаптың қасына барып тұрады. Тексеру жұмысы жүргізіледі, топ мүшесі үш таңбалы санды жазбаша қосу, азайту алгоритмі бойынша түсіндіреді.

Қалған оқушылар жауапты тыңдап,белгі кеспеқағаздарының көмегімен жауаппен келісетінін немесе келіспейтінін көрсетеді.

Сөздік бағалау жүргізу. «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы»

(Т.Ж.) « Есепте, тап!»Топтық жұмысты ұйымдастыру.Саралау мақсатында жекелеген оқушыларға осындай есептерді ойлап тауып,оны өз бетімен шығаруды ұсыну.

Элеваторға бірініші күні 976 ц бидай әкелінді, екінші күні бірінші күндегіден 359 ц бидай кем әкелінді. Екі күнде барлығы қанша ц бидай әкелінді?

Оқушыларға бірінші есепті талдап,шартын сызба арқылы жазуды ұсыну.Сұраңыз: Бірінші күні қанша ц бидай әкелінді? (976 ц)Екінші күні әкелінген бидай белгілі ме? (359 ц кем әкелінген) Екінші күні әкелінген бидайды қалай табуға болады? (976-359).Екі күнде барлығы қанша ц бидай әкелгендігін қалай табамыз?

Құс фабрикасында 845 жұмыртқы болған еді. Дүкендерге таратылып берілгеннен кейін онда 257 жұмыртқа қалды. Қалған жұмыртқаға қарағанда дүкендерге таратылған жұмыртқаның нешуі артық?

Қысқаша шарты:

Бар еді-845 жұмыртқа

Қалды-257

Таратылды-? ? артық

Жауабы: 845-257 =588 (таратылған жұмыртқа саны)

588-257=331(таратылған жұмыртқаның 331-і арт)

Екінші есепті оқушылар өз бетінше шығарады,ал топтағы бір оқушы тексереді.Оқушыларға өз тобының жұмысы туралы қорытынды шығаруды ұсыну.

«Екі жұлдыз ,бір ұсыныс» арқылы бағалау

Ж.Ж. «Талда,шығар»

Саяхат кезінде оқушылар автобуспен 236 км, ал поезбен одан 374 км артық жол жүрді. Оқушылар саяхат кезінде барлығы қанша км жол жүрді?

Есепті жұппен шығаруды ұсыну.сұраңыз: «Автобуспен қанша км жол жүрді? (236 км). Поезбен қанша км?(374 км артық)Алдымен нені анықтаймыз?(поезбен жүрген жолды анықтаймыз) Қандай амал арқылы орындаймыз? (236+374)Екі жылыжайдан қанша шегіргүл жинағанын қалай табуға болады?»

Оқушыларға сызба құрастырып,есепті шығаруды ұсыну.Тапсырманы орындаған соң,бірнеше жұпқа тақтада есептің шешуін көрсетуді ұсыну.

Автобуспен -236 км

Поезбен-? 374 км артық ? км

(236+374)+236=846

Жауабы: барлығы 846 км жол жүрген

Осылай екінші есепке сызба құрастырып ,шығаруды ұсыну.

Электр желісін жүргізушілерде 1000 м сым болды. Оның 372 метрін бірінші үйге, бірінші үйге қарағанда 299 м артық сымды екінші үйге жұмсады. Электр желісін жүргізушілерде әлі жүргізілмеген қанша сым қалды?

Бірінші үйге-372 м

Екінші үйге-? 299 м артық 1000 м

372+299=671м (екінші үйге жүргізілген сым)

1000-671=329м (қалған сым)

Ж.Ж. «Ойлан тап» Оқушыларға жұппен ламинатталған параққа теңдік дұрыс болатындай амалдар мен жақшаларды қоюды ұсыну. Екінші тапсырмада сандарды қойып,өрнектің мәнін табу керек.

600 420 4 40=515

  • : + = 299

600-(420:4-40)=515

420-351:3+4=299

«Өзара бағалау» Жұптар жұмыстарын ауыстырады да бағалау жасайды.

Ж.Ж. «Кім тапқыр» Оқушыларға кезекпен тексере отырып,бос торкөздерге түсіп қалған сандарды қоюды ұсыну.Тапсырманы орындаған соң жұптар арасында өзара тексеру жүргізу керек.

4 5 2 4

+ 6 + 6 + 6 + 2

8 5 9 8 4 5 8 1 0 8 6 7

2 9 5 6 8

- 2 4 - 3 - 2 - 4

4 1 3 5 5 2 3 3 1 5 6 3

лл

234 459 247 743

+ 625 +386 + 563 + 124

  • 845 810 867

627 985 856 810

- 214 - 433 - 525 - 247

413 552 331 563

«Критерий» арқылы бағалау

  • Үш таңбалы сандарды баған түрінде қосу, азайтуды шығаруды біледі
  • Түсіп қалған санды табу жолын қарастыра алады
  • Дұрыстығын кері амал арқылы тексере алады

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

 

 

 

 

№8 слайд

 

№9 слайд

№10слайд

№11 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Оқушыларға сабақты бір сөзбен аяқтауды ұсыныңыз: «Бүгінгі сабақ – ол (бұл)... Бүгін мен сабақта...»

«керемет», «күшті»,

«қуандым», «үйрендім», «үйреттім», «іздендім» «таптым»

«Стикерлер.

№12 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларғақолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер»арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалаут.б

«Екі жұлдыз ,бір ұсыныс» арқылы бағалау

«Өзара бағалау»

«Басбармақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу