Секунд.Минут. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Математика 3- сынып
Мұғалімге әдістемелік нұсқаулық
Бөлімі: Уақыт
Тақырыбы:Секунд.Минут
Оқу мақсаты:
3.1.3.3 шамалар мәндерін уақыт(сек,мин,сағ,тәул, жыл,ғасыр) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар орындау
2.1.3.4 уақыт( сек,мин,сағ,тәул.ғасыр) бірліктері олардың арақатынасына сүйеніп түрлендіру
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
Уақыттың өлшем бірліктерімен (минутпен және секундпен) арифметикалық амалдарды орындайды;
Оқушылардың көпшілігі: Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіруді біледі.
Оқушылардың кейбіреуі:Уақыттың өлшем бірлігіне байланысты есептер шығарады
Ресурстар:А3 форматы, маркет, тапсырмалар жазылғант қағаздар, стикер.
Сабақты ойды жинақтауға берілген тапсырмамен бастаңыз. Ұжымдық жұмыс жасай отырып, суретте қандай пішіндер кездесетінін таптырыңыз. Барлық нұсқалары қарастыруды тапсырыңыз.
1- тапсырма.(ТЖ) Бұл тапсырманы топтық жұмыс арқылы орындатыңыз. Оқушыларға уақыт бірліктері туралы шағын зерттеу жұмысын құрастыру тапсырыңыз. Жұмыстың орындалу тәсіліне шек қойылмаңыз. Өз еріктерінде. (Оқушылар төрт топқа бөліңіз) Тапсырма орындалған соң әр топ өз жұмысын қорғатыңыз.(Олардың зерттеулерінен уақыт өлшемдері туралы толық мәлімет шығуын қадағалаңыз) Оқушылар өздеріне қажет деп санаған мәліметтерді дәптерге жазып отыруды ұсыныңыз. Жұмыс соңында мұғалім уақыт өлшемдері туралы түсінікті толықтырып кетеді.
Екі өлшем бірлігінің айырмашылығын айтқызыңыз.
Бір минуттан екінші минутқа дейін қандай аралық бар екенін өздері түсінуіне жол ашыңыз.
Жұмысты қол шапалақтау арқылы бағалаңыз.
2- тапсырма
(Ж.Ж) «Тауып көр!» Әр циферболаттан барлығы неше минут көрінбей тұрғанын табуға тапсырма беріңіз. Циферблатта минутты секундтан айырады. ( Белсенділігі жоғары оқушылар сұрақтарға жауап беру керек,ал белсенділігі төмен оқушыларға дұрысын таңдай алатын жауап нұсқаларын дайындаңыз)
Сөздік бағалау: «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»
3- тапсырма (Жұптық жарыс)
Кіріспе әңгіме өткізіңіз. Қандай мейрамдарда көңілді сайыстарды ұйымдастырады?
Қазір жұптық жарыс өткізіңіз. Кім баспалдақтарда орналасқан барлық тапсырмаларды жылдам және дұрыс орындап мәреге жетеді? Әр жұпта бір сарапшыдан тағайындаңыз. Оларға секундамер ұсыныңыз, уақытты белгілеп отыруға тапсырма беріңіз.
4- тапсырма (ӨЖ) Оқушыларға бос орындарды толтыруға тапсырма беріңіз.
Келесі сұрақтарды қойыңыз. «Бір минутта неше секунд бар (60)Үлкен шамадан (минут) кіші шамаға (секунд) қандай арифметикалық амалмен түрлендіртіңіз. (көбейтумен)Кіші шамадан (секунд) үлкен шамаға(минут) қандай арифметикалық амалмен түрлендіреміз?
Бағалау: Жауаптарын сәйкестендіру арқылы өзін-өзі бағалау жасатыңыз.
5- тапсырма (ҰЖ)
Сағат шеберханасына саяхат.
Сағат шеберханасынның суретін көрсету. Ондағы бірнеше сағаттарға назар аудару. Шеберханада электронды жанатын сағат қана жарамды. Қалғандары жөндеу жұмыстарын қажет ететінін ескертіңіз. Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойыңыз.
1.Сағаттардың қанша уақытқа қалып қойғанын немесе алға шығыр кеткенін тап
2. Жарты сағаттан кейін электронды сағат қанша уақытты көрсетеді.
3. 35 минут бұрын қандай уақытты көрсетті?
Жұмысты стикерлер арқылы бағалаңыз.
6- тапсырма (Д.Ж) Шығарып көр
Ең алдымен шығарылу алгоритмін талдатыңыз, кейін оқушыға жеке шығаруға мүмкіндік беріңіз. Шығарылуының алдында бүтіні немесе оның бөлігінің белгілі екендігін анықтатыңыз.(Бөлігі)
Бөлігі бойынша бүтінін табу үшін не істейміз?(Осы бөлікке сәйкес санды сәйкес бөліктің бөлігіне бөлу керек екенін естеріне түсіріңіз.
Б) Тапсырмасының шартын оқығаннан кейін,тағы қандай сұрақ қоюға болатынын сұраңыз.(Айдын барлығы қанша уақыт жұмсады?)Тапсырманы тексеруді жұптарда жүзеге асырыңыз.
Екі жұпты шығарылуын көрсету үшін тақтаға шығарыңыз, талдатыңыз.
Отшашу әдісі арқылы бағалаңыз.
7- тапсырма Жұптық жарыс.
Сағаттың тілі бйынша көрсетіліп тұрған уақыт аралықтарында қанша сағат өткенін тауға тапсырма беріңіз. Оқушылар жұптасып жарысып, жұмыстарын алмасып тексеріп, қателері болса түзетеді.
Бағалау: Басбармақ арқылы бағалау
Жұмыс соңын да өзара бағалау ұйымдастырыңыз.
Оқушылармен кері байланыс ұйымдастырыңыз.
«Жетістік баспалдағы»
«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?