Секунд\Наурыз мейрамы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
№161 сабақ Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар Тақырыбы: Cекунд. Наурыз мейрамы Сабаққа қажетті ресурстар: Қима қағаздар; Топтық жұмысқа арналған тапсырмалар жазылған карточкалар; Сюжетті суреттер;
Жоспар:
Ынталандыру.
Қол алысып, кәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріңе сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Өзектендіру.
Мұғалім сағаттың макеттері мен карточкаларды таратады. Оқушылар карточкаларда көрсетілген уақыттарды белгілеу үшін сағаттарға түрлі түсті қарындаштармен сағаттық, минуттық, секундтық тілдерін белгілейді.
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
– Уақытты білу не үшін қажет екен?
- Қандай уақыт өлшем бірліктерін білесің?
- Ең кіші уақыт өлшемі калай аталады?
- Біз уақытты анықтауда секунд өлшем бірлігін қолдана аламыз ба?
Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды.
Өзіндік жұмыс
Оқушылар оқулықтағы 1-тапсырманы өз беттерімен орындайды.
70 мин = 1 сағ 10 мин; 1 сағ 30 мин = 90 мин;
9 мин = 540 с; 67 с = 1 мин 7 с
85 с = 1 мин 25 с;
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз.
(Қосымша тапсырманы орындау).
– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?
(Қатені түзету).
– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 2-тапсырманы өз беттерімен орындауды ұсынады.
Оқулықтағы 3-тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
-Әр айналымда қай бала бірінші келді?
1-айналымда- Мұрат 2 мин 7 с;
2-айналымда – Санат 2 мин 0 с;
3-айналымда – Асқар 2 мин 9 с;
-Басқалардан неше секундқа жылдам келді?
-Кім жарыста жеңіске жетті?
Санат 9 мин 6 с;
Асқар 8 мин 17 с;
Қайрат 9 мин 14 с;
Мұрат 7 мин 14 с.
Кесте бойынша сұрақтар құрастыру, оны жолдастарына қою.
Кесте бойынша өзінің сұрақтарын құрастырады және оны сыныптастарына қояды.
Мұғалім оқулықтағы 4-тапсырмадағы есепке талдау жасатады. Жетекші сұрақтар қояды:
- Наурыз мерекесіне арналған қойылым сағат нешеде басталады? (18.00)
- Жолға қанша уақыт кетеді? (40 минут)
- Неше минут ерте келу керек? (15 минут)
- Бізге уақытында келу үшін қанша уақыт қажет?( 40 минут+ 15 минут=55минут)
Үйден нешеде шығу керек?(17.05)
Өткенмен жұмыс
Оқулықтағы 6-тапсырманы орындауды ұсынады.Есептерді оқытып, оған талдау жасатады. Есептерді тақтада орындатуға болады.
Мұғалім сағаттардағы уақытты анықтау жұмысын сыныппен ауызша ұйымдастырады. Оқушылар әрбір келесі сағатта қанша уақыт өткенін анықтайды.Алынған уақытты минут және секундпен өрнектейді. 1 көйлекке-4 м
3 сыныпта- 15 қыздан
Жұмсалғаны-? м
Шешуі: (3 · 15) · 4 = 180 (м)
Жауабы: барлық көйлекті тігуге 180 метр мата жұмсалады.
(ОТ) Сағаттардағы уақытты анықтау жұмысын ауызша ұйымдастыру. Оқушылар әрбір келесі сағатта қанша уақыт өткенін анықтайды.Алынған уақытты минут және секундпен өрнектейді.
а)25 с; ә)4 мин 27
(ОТ) Сұрақтарға болжаммен жауап береді.
а) иә. Жауапты дәлелдеп беру керек.
ә) міндетті емес. Жауапты дәлелдеп беру керек.
8-тапсырма зерттеуді талап етеді. Бұл тапсырма ықтималдыққа берілген. Сұрақтарға болжаммен жауап береді.
а) иә. Жауапты дәлелдеп беру керек.
ә) міндетті емес. Жауапты дәлелдеп беру керек.
Рефлексия.
Оқушылар «еркін микрофон» әдісімен кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалауды және ұсыныстарын береді.
- Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?