Материал шығыны.Есеп шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
135-сабақ.
Тақырып: Материал шығыны. Есеп шығару тәсілдері
Оқу мақсаты:
3.5.1.2 есептерді шығаруда бір заттың массасы,саны,жалпы массасы,бір затқа жұмсалғаны,заттардың саны,жалпы жұмсалғаны,ұзындығы,ені,ауданы шамалары арасындағы тәуелділікті пайдалану
Тірек сөздер: масса, өлшем, аудан, ұзындық
Сабақта қажетті ресурстар: кестелер, суреттер, кеспе қағаздар, үлестірмелі материал, парақтар.
Сабаққа пайдаланылатын деректі материалдар: Егер саны мен бір затқа жұмсалған мөлшері белгілі болса,онда жалпы жұмсалған мөлшерін көбейту арқылы табуға болады.
-Егер бір затқа жұмсалғаны мен жалпы жұмсалған мөлшері белгілі болса,онда заттың санын бөлу табуға болады. Егер заттың саны мен жалпы жұмсалған мөлшерін онда бір затқа жұмсалған материалды бөлу арқылы табуға болады.
Сабаққа қатысты ескертулер:
(ТЖ)Өзектендіру
Сабақты бүгін есептеу мекемесінде өтетінімізді жариялаудан бастаңыз. Әр топта өз есепшілері бар.Оларға тұтынушылар келіп жұмсалатын материалдардың мөлшерін есептеуді сұрайтынын айтыңыз. Мекеме жұмысшылары кестемен келеді, кестесін толтырып бересіңдер деп түсіндіріңіз. Кестені әр топқа таратып беріңіз,есепті дауыстап оқыңыз.
Оқушылар деректерді кестеге енгізіп,есептейді.
Ширату
Құрылысшыдан:1 шаршы метр аумаққа 57 кірпіш кетеді.Құрылысшы 8 шаршы метр қабырғаны кірпіштен қалауы тиіс.Оған неше кірпіш кетеді.(456 кірпіш)
Тігіншіден:Егер бір костюмге 5 метр мата кететін болса,75 метр мата 15 костюмге жете ме?(жетеді)
Әжейден:Үш жемпірге 12 орам тоқыма жібі кетеді.Бір жемпірге неше орам тоқыма жібі керек?(4 орам)
Жүк тасушыдан:Үлкен контейнерге 40 т жүк сыяды.880т
Жүкті тиеу үшін неше контейнер керек? (220 контейнер)
(С) Өрнек бойынша есеп құр
Суретте берілген тауарлардың бағасын оқытыңыз. Не белгілі екенін талдатыңыз. Қандай сұрақ қоюға болатынын сұраңыз, әрі қарай өрнек құрастыруын тапсырыңыз.
302х2+102х3=910 тг
Бағалау «Смайлик» арқылы бағалауды ұсыныңыз
(Ж) Кестені толтыр
Әр оқушыға кесте таратып беріңіз
Тік төртбұрыштың ұзындығы мен ені, ауданн табуға байланысты шамаларды тауып, кестені толтыруын сұраңыз
Бағалау « Бағдаршам» арқылы бағалатыңыз
(Ж) Кім жүйрік? Өрнектердің мәндерін тез есептеуді тапсырыңыз, бірі-бірін тексеруін сұраңыз
(250 - 50) +120=320800 -(350 - 300)=750560+(200 - 160)=600250 -(50+120)=80(800 - 350)- 300=150(560+200)- 160=600
Бағалау « Жұлдызша» арқылы дұрыс жауапқа баға бергізіңіз
Шығар.(Ө.Ж.)
Вокал тобына қатысушыларға костюмдер тігу үшін мата сатып алынды. Бір орамда – 65 м, ал екінші орамда біріншіден 15 м кем мата бар. Әр костюмге 5 м мата жұмсалғанда, мата таусылды. Неше костюм тігілді?
Тақтаға толтыратын кесте іліңіз.Сыныптағы оқушылар кезекпен кестеге жазылатын деректерді ұсынады, бір оқушы тақтада оларды кестеге енгізеді.Есептің сұрағын сынып болып талдауын сұраңыз. Есепті өз бетінше орындайды.Есептің шешу жолын тақтада көрсетуін тапсырыңыз.
Жауабы:1.65-15 =50(м) 3. 115:5=23(к)
2.65+50=115(м) (65+(65-15):5=23(к)
Өзін –өзі бағалау
Өрнектеуді тапсырыңыз
кг-мен
5т= 5000 кг
50ц=5000 кг2ц 50кг= 250 кг
3000г=3 кг1т 4ц= 1400 кг
80ц=8000 кг
2000г= 2 кг
30ц=3000кгсм - ге айналдыр.4 дм = 40 см6 дм 2 см=62 см3 м = 300 см5 м 2 дм = 520 см
Ауызша бағалау Жарайсың! Керемет!
(Д) «Зейінділік» ойыны
ОИӨЫМЕЯИАОЫҰСЫИЕЭСЫҮА жазбасындағы а әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастауын сұраңыз. Қандай сөз шықты?
(масса)
Масса туралы білімдерін жинақтайды
Бағалау «От шашу»
Сабақ бойынша кері байланыс жасатқызыңыз
Оқушылардың сабақ материалын қалай меңгергенін анықтау үшін
«Ыстық орындыққа» отырғызып, мына сұрақтарды қойыңыз:
-Егер саны мен бір затқа жұмсалған мөлшері белгілі болса,онда жалпы жұмсалған мөлшерін қалай табуға болады?
-Егер бір затқа жұмсалғаны мен жалпы жұмсалған мөлшері белгілі болса,онда заттың санын қалай табуға болады?
-Егер заттың саны мен жалпы жұмсалған мөлшерін қалай табуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?