Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру. Бөлшек бөлімін иррационалдықтан босату. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Сабақтың жоспары
Қысқа мерзімді жоспар : 8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек | Мектеп: | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру. Бөлшек бөлімін иррационалдықтан босату | |||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту; | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар бөлшек бөлімін иррационалдықтан босату үшін квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіреді | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босатудың негізгі ережелерін тұжырымдайды, өз ойын жеткізу барысында математикалық терминдерді қолдана отырып, тапсырманы орындаудың кезеңдерін түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Квадрат түбір, көбейткіш, квадрат түбірлердің қосындысы/ айырмасы, квадраттардың қосындысы/ айырмасы, түйіндес өрнек Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарады.... Бөлшектің негізгі қасиеттерін қолданайық... Бөлшектің алымы мен бөлімін ..... көбейтейік Бөлшекті ...... қысқартайық Екі өрнектің қосындының квадраты формуласын қолданайық........ | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту. Құндылықтарды дамыту оқушылардың іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Квадраттық түбірлермен жұмыс жасау дағдылары физикалық есептерді шешуде маңызды. | |||||||||||||
АКТ-ні қолдану дағдылары | Материалды бейнелеу үшін презентация қолданылады. | |||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар арифметикалық квадраттық түбірлердің қасиеттерін біледі, түбірдің мәнін таба алады, көбейткішті түбір астынан шығаруды және түбір астына кіргізуді біледі. | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бұрынғы білімдерін белсендіру Ауызша санау дағдысын және бөлімнің материалын қайталау үшін квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануға есептерді қарастырады. Әрбір тапсырма жеке карточкада жазылған, карточканың саны сыныптағы баланың санымен тең болы тиіс. Жұмыстың басында әрбір оқушы бір карточка және бір жауап парағын алады. Тапсырманы орындағаннан кейін, оқушы өзінің жауабын тиісті нөмерге сәйкес жазады, мұғалімнің «шапалақ» белгісінен кейін оны шеңбер бойынша басқа оқушыға береді. Оқушыға өзінің бастапқы карточкасы келгенше, бұл іс-әрекет жалғасады. Кейіннен тақтаға жауап парақтары ілініп, әрбір оқушы карточкадағы тапсырманың жауабымен тексереді ( маркермен + немесе - белгісін қояды). Минус белгісін алған оқушылар қателермен жұмыс жасайды. Олар өздерінің сыныптастарынан кеңес алуына болады. | Презентация Слайд 1-2 Слайд 3-4 П Қосымша 1 Лысенко Ф.Ф., Кулабухова С.Ю. Математика. Устные вычисления и быстрый счет. Тренировочные упражнения за курс 7 – 11 классов: учебно-методическое пособие – Ростов-на-Дону : Легион-М, 2010. – 231 с. | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 20 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушылар өздік оқуға арналған материал алады. Берілген мысалдарды қарастырып, келесі берілген мысалдағы бос орындарды толтырады, кейіннен шешімді жұпта талқылайды. Дағдырады бекіту Оқушылар бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату дағдыларын бекітуге арналған тапсырмаларды алады. Тапсырмалардың күрделілігі жоғарылай береді. Мұғалім сыныпты шолып өтіп, оқушыларға ауызша пікірлер береді. Кейбір тапсырмаларды іс-әрекетке түсінік бере отырып тақтаның алдында орындалуы мүмкін.
| Қосымша 2 Звавич Л.И., Рязановский А.Р. Алгебра. 8 кл.: Учеб. для общеобразоват. учреждений – М.: Мнемозина, 2001. – 223 с. : ил., стр. 109-110. Слайд 5 Қосымша 3 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Оқушыға көпмүшенің рационалды түбірі туралы теореманы меңгеруге бағытталған оқушыға хат жазуды сұраңыз (Қосымша 4). Оқушылар бос орынды толтырады. Бұл оған өзінің жұмысын сабақтың барысында талдауға мүмкіндік береді. Бұл хаттардың негізінде қарастырылған материалды білім алушылардың түсіну деңгейі туралы қосымша ақпарат ала алады.
Үй тапсырмасын талқылау | Қосымша 4 Слайд 6 Қосымша 5 | ||||||||||||
Дифференциация –қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||
Сабақтың басында материалдарды білу және түсіну үшін тапсырмалар ұсынылады. Сабақтың тақырыбын өздігінен меңгеру және бекіту барысында мұғалім қолдау көрсетеді. | Сабақ барысында мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды, оқушылар сабақтың басында өзара бағалау жүргізе алады. Сабақтың екінші жартысында оқушылардың жұмысын шолу мұғалімге оқу мақсаттарына жету деңгейін түсінуге мүмкіндік береді. | Оқушыларға жүктемені азайту үшін түрлі іс-шаралар ұсынылатын болады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?