Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Сабақтың жоспары

Қысқа мерзімді жоспар :

8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру

Сабақтың түрі

Дағдылар мен біліктерді дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.5

құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

 Сабақ мақсаттары

Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіре алады.

 Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білім мен түсіну

квадрат түбірдің қасиеттерін біледі, қысқаша көбейту формуласын біледі

Қолдану

Квадрат түбірі бар өрнектер үшін қысқаша көбейту формуласын және түбірлердің қасиеттерін қолданады.

Өрнекті түрлендіруді орындайды

Анализ

Көбейткіштерді жіктеудің тиімді әдістерін қолданады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар түрлендіруді орындаудың негізгі кезеңдерін түсіндіріп, орындалған амалдарды негіздейді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадраттық түбір, көбейткіш, квадраттық түбірлердің суммасы/ айырмасы, екі өрнектің қосындысының/айырмасының квадраты, түйіндес өрнек, бөлшектің алымындағы/ бөліміндегі иррационалдық.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Көбейткішті жақша сыртына шығарайық....

..... формуланы қолданайық

Бөлшектің алымы мен бөлімін ..... көбейтейік

Бөлшекті ...... қысқартайық

Өрнек түйіндес болады, егер .......

Құндылықтарды дарыту

Командада жұмыс жасау, математикалық есептерді шешуде конструктивті диалог жасау сияқты құндылықтарды дамыту. Құндылықтарды дамыту оқушылардың іс әрекеті арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Квадрат түбірлері бар өрнектермен жұмыс жасау дағдылары физикалық есептерді шешуде маңызды.

АКТ-ні қолдану дағдылары

Материалды бейнелеу үшін презентация қолданылады.

 Бастапқы білім

Оқушылар бөлшектің бөліміндегі иррациональдықтан құтыла алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

 Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын беру.

 

 Үй тапсырмасын талқылау. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Олар нәтижелердің сәйкестігін, тапсырмалардың шешімі қалай жасалғанын талқылайды.

 Оқушылардан бірлескен түрде үй тапсырмаларын талқылау олардың үй тапсырмаларын жетілдіруге, қандай қателіктер жіберілгенін, және оны қалай түсінуге болатынын сұраңыз.

Презентация Слайд 1-2

Оқушылардың дәптері

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин

18 мин

  Квадрат түбірлері бар өрнектерге қысқаша көбейту формуласын қолдануға арналған тапсырмаларды оқушылар ауызша орындайды. Оқушылар өз жауаптарын шағын тақталарда, немесе ламинатталған А4 парақтарына жаза алады. Осы жағдайда мұғалім осы дағдыны меңгеру деңгейін бағалай алады.

 

  Алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану ережелерін қайталайық.

 Презентацияның слайдында әртүрлі алымдары бар бөлшектерді қосу алгоритмі ұсынылады:

- - Бөлшектің әрбіреуіне қосымша көбейткіштерді табу, ол үшін...

- Бөлшектердің ортақ бөлімін табу үшін бірінші бөлшектің бөлімін көбейткіштердің көбейтіндісіне жазу керек. Ал қалған бөлімдерден осы көбейтіндіге қайталанбайтын көбейткіштерді жазу керек.

  • Бөлшектердің алымдарын толықтауыш көбейткішке көбейту керек
  • Бөлшектердің бөлімдерін көбейткішке көбейту
  • Бөлшектерге ... амалын орындау.

Алгоритм кезеңдері слайдта араластырып берілген. Оқушы тиісті алгоритмға сай алгебралық бөлшектермен қандай амалдар орындалғанын айқындау, алгоритмді тиісті тәртіппен жазу керек.

 

 Мұғалім бөлшекті көбейту және бөлу ережелерін қайталау үшін талқылау ұйымдастырады.

 

 Тапсырмаларды шешу

 Мұғалім тапсырмалары бар карточкалардың 4 түрін дайындайды. Оқушылар оларды іске асыру бойынша шағын топтарда жұмыс істейді. Топтардың әрқайсысы карточкалардың бірімен жұмыс істей бастайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін топ мұғалімге шешімдерін ұсынады. Мұғалім топтың барлық мүшелері шешімді жақсы түсінетініне көз жеткізу үшін нақтылаушы сұрақтар қояды. Бұл топ басқа топтарға тапсырманы тексеру үшін жауапты болады.

Слайд 3-4

Шағын тақталар, маркерлер

Слайд 5-6

Қосымша 1

Сабақтың соңы

3 мин

1 мин

 Рефлексия

 Оқушыларға өзін өзі бағалау парақтарын беру керек. Оқушылар қажетті доғаны бояп, бес балдық шкала бойынша өздерін бағалауы тиіс. Оқушылардың рефлексиясы осы тақырыпты меңгеру барысында проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді.

 Оқушылардан сұрау қажет:

  Неліктен сен ..... бойынша қиындықтар бар деп ойлайсың

 Балалар, сендер …қандай кеңес бере аласыңдар ?

 

 Үй тапсырмасын талқылау

 

Слайд 7

Қосымша 2

Слайд 8

Қосымша 3

Дифференциация –қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар топтарда жұмыс істейтін болады, бұл оқушыларға сыныптастарына кеңес беру мүмкіндігін береді. Мұғалімде оқушыларға қолдау көрсетеді.

Оқушылар басқа топтардың шешімдерін бағалайды. Мұғалім топтардың жұмысын бақылайды, оқу мақсаттарына деңгейіне қатысты ескертулерді жасайды.

Оқушыларға жүктемені азайту үшін түрлі іс-шаралар ұсынылатын болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу