Ақберен Елгезек (Алақандағы гүл)

 Ақберен Елгезек (Алақандағы гүл)

Келші, күнім!
Алақанымды ашайын,
Сен оған нәзік гүл екші.
Жасымды бүркіп шашайын,
Гүл болсын бізге тілекші.

Жайқалып тұрсын, құлпырсын,
Жұмбаймын алақанымды.
Төгілсін оған нұр тылсым,
Аялап балапанымды!

Ернімнен ұшқан жылуға соңғы,
Балқытам жаңа таңымды.
Жұдырық қас сұлуға мәңгі,
Жұмбаймын алақанымды.

Жұмбақ бір шапақ шашылсын,
Дірілдек күлтесінен.
Бар мұңым іште басылсын,
Сұлулық еркесінен!

Сабағы нәзік ұмтылар биік,
Әжімдер арасынан.
Тамыры оның тартылар күйіп,
Жүректің жарасынан!


Сен үшін ғана, түн ішін ала,
Жаңа нұр жаратамын ба?!
Сен үшін ғана, сен үшін ғана,
Гүл өсіп тұр алақанымда!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!