Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарих тағылымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ж.Бөдеш «Жалғыз» поэмасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану

 Сабақ мақсаттары

Поэмадан алынған үзінділерге топта талдау жасап, шығармашылық жұмыспен айналысу.

 Бағалау критерийлері

Үзінділерге талдау жасай алады;

Шығармашылықпен айналысады.

 Тілдік мақсаттар

Жалғыз, аққу, торғай, сұңқар, құзғын, Құрманазы, т.б.

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Тарих пәні

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, слайдтармен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Бастапқы білім

Жаңа сабақ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушыларды түгендеу;

Кезекшімен жұмыс жүргізу;

Сыныптың назарын тақтаға аудару;

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Мұғалімнің сөзі: Білетіндердің сөзіне сенсек, адам санасы белгілі бір деңгейге өскенде, өзін жалғыз сезіне бастайды. Сол жалғыздықтан қиналғанымен, рухы тынышталады. Баяғы замандағы ғұламалардың елден оқшауланып, бөлек ғұмыр кешулері де сондықтан болса керек.

1. Айтылған пікірмен қаншалықты келісесіз?

2. «Жалғыздықты кез келген шығармашылық иесі сезінеді» дегенмен келісесіз бе?

Сабақтың ортасы

25 минут

5 минут

Оқушылар үзіндіні жеке оқиды, топта талқылайды, жазба жұмысын орындайды.

1-топ.

 Рөл

 Аудитория

 Формат

 Тақырып

 Оқушы

 

 Ақын

 хат

Қолдау немесе қарсы болу мақсатында жазылады.

Арашадан қалған жан, жан емес ол, жалған жан.

Шапағат, мейірім күтпеймін мынау жалтақ жалғаннан” Сұңқар басын тасқа ұрды, Өз үкімін паш қылды. Жалғыздықтан қорықпаймын, топқа, жікке бөлінген, құм төбедей өрілген тобырлардан қорқамын.

Аш бөрідей бүкеңдеп, жортсам, жалғыз жортамын. Тырналар үшар тізіліп, бұлдырық ұшар топтанып.

Ал, құстардың тектісі — қырандар жалғыз самғайды.

Жер мен Көкті шарлайды.

Тексіз шиебөрілер оннан-бестен ұйлығып жүргенімен қампайып,

Бірін-бірі аңдиды, бір-бірінен қорқады.

2-топ.

Түсінемін

Анықтай

мын

Байланыстырамын

Ықпал етемін

Сенемін

1

2

«Түсінемін» бөліміне оқушы не түсінгенін, «Анықтаймын» бөліміне нені түсінбегенін, яғни талқылауды, толықтыруды қажет ететін өзі үшін жаңа мәліметті жазады, «Байланыстырамын» бөлімінде өмірден мысал келтіреді, «Ықпал етемін» бөлімінде осы дәстүрді не жақтайды, не даттайды, «Сенемін» бөлімінде шығарманың артықшылығын, келешектегі жайы туралы болжайды.

Күйші Құрманғазыға кілтсіз “Кісен аштырып” –

Күңіренген Қорқытқа тірідей көр қаздырған –

“Торайғырды” тағалап, ерке “Аққуға” наз қылған – Домбырам, сен де жалғызсың. Қобызым, сен де жалғызсың.

Ұшқыр қиял, кемел ой, шіреніп тартқан жебедей,

Дарияға салған кемедей тілім де жалғыз, ділім де.

Қатыгез қатал ғасырдың тепкісіне шыдаймын.

Ашынған даусым жетсе екен құлағына Құдайдың ...

Бауыры жерге тимеген, шалғысы күнге күймеген –

Ақ сұңқарды жаралы сауысқан, қарға, құзғындар –

Шоқып, түртіп талады.

Қауырсыны желге ұшып, қос топшысы қанады.

Арашалар ешкім жоқ Сұңқар маған қарады.

Мен Сұңқарға қарадым, тұнжырап түндей қабағым. Қаламымның ұшымен құзғынның көзін ағыздым.

Белбеуімді суырып сауысқан мен қарғаны –

Сансыратып сабадым. Ақ Сұңқар құс былай деп - сабырлықпен үн қатты:

“Жүрегімдей көрдің бе, қан жоса боп күн батты.

 3-топ. «Фишбоун» әдісі.

Төмендегі мәтінді оқи отырып, талдау жасаңыз. Ол үшін балық кескіндемесіндегі мына бейнені қолданыңыз, талдау барысында арнайы реттілікті сақтаңыз.

  •  Негізгі проблеманы анықтаңыз.
  •  Оны қалыптастырған себептерді табыңыз.
  •  Айғақтар мен дәлелдерді келтіріңіз.
  •  Қорытынды ұсыныс жасаңыз.

 Бұл ізденістеріңізді балық кескіндемесіне түсіріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлуге маған болмайды,

Тағдырым шіркін, сондай-ды.

Жер қалмады бұл маңда сүйегімді көмерге.

Жердің бәрі сатылған.

Сатылған жер қат-қабат тікенек сыммен қоршаулы.

Құстар да аспан самғаған, балық та суды шарлаған – Сатылып кеткен бәрі де.

Қалмағасын сүйем жер, сүйегімді көмерге –

Аяқ пен қолым ұйқасып, жүрегім күмбір күй тасып –

Қыл қобыздай мөңіреп жарғақ екі құлағым –

Санам құстай сілкініп - айналып кеттім өлеңге, айналып кеттім өнерге

4-топ.

«V» -егер сіздің оқып отырғаныңыз,сіздің белгілегеніңізбен сәйкес келсе, мәтін шетіне осы белгіні қоясыз.

«-» -егер сіз оқып отырғаныңыз,сіздің білгеніңізге сәйкес емес,басқаша болса «-» (алу) белгісін қоясыз.

«+» -егер алынған ақпарат сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, «+» (қосу ) белгісін қоясыз.

«?» -егер ақпарат сіз үшін түсініксіз немесе сізді қызықтырса,әрі қарай тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе, «?» сұрақ белгісін қоясыз.

«V» білгеніме сәйкес

«-» білгеніме сәйкес келмейді

«+» мен үшін жаңа

«?» мені таңқалдырды, зерттегім келеді.

Кең аула.

Шексіз кеңістік.

Қанатты жыр - менде бар, емеспін нөсер жауынға, найзағайға, желге зар.

Кең аулама ектім мен өз қолыммен түп емен,

Түп еменнің түбіне Ай туғанда түнегем.

Сол емендей қасқайып тағдырыма қасарып.

Сол емендей найқалып, сол емендей түнерем.

Кең аулама ектім мен, алма ағашын аласа,

Суармаған кешім жоқ.

Ұрпақтарым алмасын үзіп-үзіп жесін деп.

Кең ауламның ішінен шыңырау құдық қаздым мен,

Суы көздің жасындай, іше бергім келеді, сусыным бір басылмай.

Кең аулама сыйғасын, құс баулып, ат ұстадым.

Көрмейін деп тірідей бұл жалғанның қыспағын.

Дескрипторлар: Шығарма үзінділеріне топта талдау жасай алады;

Кесте, сызбаларға толық түсіреді;

Ойын еркін, жүйелі жеткізеді.

Бағалау: Топтар бірін-бірі бағдаршам түстері арқылы бағалайды:

Саралау қағидасы: тереңдету

http://adebiportal.kz/kz/news/view/10526

Сабақтың соңы

5 минут

Мені қызықтырды...

Мені ойландырды...

Маған қиын болды...

Мұғалімге ұсыныс...

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу