Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу Сәндік-қолданбалы өнер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Тақырып: 83-сабақ. Біртаңбалы санға қалдықпен бөлу Сәндік-қолданбалы өнер
Оқу мақсаттары: 3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.
- Тірек сөздер: қалдықпен бөлу
- қалдық
- қалдық бөлгіштен аз.
Ресурстар:
- фишкалар
- дәптер
- фотосуреттер
- тақта, үлестірмелі материалдар
- жұлдызша
- смайликтер
- сигналды карталар
- моншақтар
- түймелер
- жаңғақтар
- карта ойынына қажетті кеспе қағаздар
- санау материалдары
- Сабаққа қатысты деректі материалдар
- Бұл сабақта қалдықпен бөлуді үйренеді.
- Қалдықпен бөлуде нәтижені екі санмен жазады.
- Бірінші санды толық емес бөлінді, екіншісін – қалдық деп атайды.
- Қалдықпен бөлу кезінде бөлінгішке жақын,бөлгішке қалдықсыз бөлінетін санды табу керек.
- Бірақ қалдық үнемі бөлгіштен кем болатынын есте сақтау қажет.
Сабаққа арналған ескертулер
Осы кезеңдегі тапсырмада санды қалдықпен
бөлудің пәндік мазмұнын ашу, бөлудің тәжірибелік
дағдысын қалыптастыру.
Ынталандыру.
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы
Оқушыларды"Таңдау"әдісі бойынша 3топқа бөліңіз, яғни 3 көшбасшы шығып,өзіне топ мүшелерін таңдайды. Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – сәндік-қолданбалы бұйымдар суреттері (суреттер артына көбейту, бөлуге байланысты өрнектер жазылған) Жанға жайлы музыка қойылып, оқушылар қобдишаны бір-біріне сырғытып отырады. Музыка тоқтағанда қобдиша алдына келген оқушы бұйым таңдайды. Ішінде жазылған өрнектің мәнін табады Фотосуреттерді көрсету арқылы шеберге қандай математикалық білім қажет болатынын сұраңыз.Оқушылардың пікірін тыңдаңыз
. Белсендіру. "Карта" әдісі
Көбейту мен бөлу кестесі бойынша оқып-білгенін қолдану үшін мақсатты түрде, бұрын суреттелген, дидактикалық ойындар ұйымдастырыңыз. Балаларды кестені қайталауға белсенді араласуына ықпал ету үшін, "Карта"әдісін пайдаланыңыз.
3 топқа бірдей етіп, көбейту, бөлу кестесі жазылған тапсырмалар беріп, араластырып, өрнек пен оның жауабын беттестіруді ұсыныңыз.Қай топ дұрыс әрі тез орындаса сол топ жеңіске жетіп, сыйлыққа сәндік-қолданбалы фабрикасына жолдама алатынын айтыңыз.Тапсырманы тексеріп болған соң отшашу арқылы бағалатыңыз.
Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
Тәжірибелік жұмыс
Жаңа материалды оқушылар жақсы меңгеру үшін тәжірибе түрінде көрсеткеніңіз тиімдірек болады.Тақтаға шыққан оқушыларға алдымен 3, кейін 6 дәптерден, содан кейін 12 дәптерден таратуды ұсыныңыз.(есептің шешімін тақтаға жазып отыру керек), содан кейін 7 дәптер (бұдан 7 дәптерді үштен таратуға болмайтыны анықталады, 2 рет 3 дәптерден берілсе, 1 дәптер қалады). Оқушылар қалдықпен бөлуді алғаш кездестіріп тұрғандықтан, олар оны қалай жазу керек екенін білмейді, сондықтан жазылуын тақтаға жазып көрсетіңіз.Оқушылардың дұрыс жасалған жұмысын фишка беру арқылы бағалаңыз.
Жаңаны ашу.
Тәжірибелік жұмыс
(Ө.) Жаңаны ашу үшін оқушыларға тәжірибелік жұмыс орындатыңыз.Тақтада мына жазба орындалады 7 : 3 = 2 (1 қалдық).
Содан кейін оқушылар санау материалдарын қолданып, осыған ұқсас есептеуді көрсетуі керек. Кейбір жағдайларда қалдықсыз бөлінгені, ал кейбір жағдайларда қалдықпен болуы маңызды. Тақтада жазылғандарды салыстыра отырып, оқушылар мынадай шешімге келеді, кейбір сандарды бөлгенде қалдық қалады, ал кейбірін бөлгенде қалдық қалмайды екен. Сонымен қатар оқушылар қалдық әркезде бөлгіштен кем болатынын өз бетімен түсіну керек.Слайдты ашып, қалдықпен бөлу туралы айтыңыз.
Қалдықпен бөлу дегеніміз – бір натурал санды
екінші натурал санға бөлгенде қалдығы нөлге тең
болмайтын, бірақ үнемі бөлгіштен кіші болатын сан.
Осыдан кейін қалдықпен бөлуді тексеру жолымен таныстырыңыз.
Қалдықпен бөлуді тексерудің алгоритмі:
1. Толық емес бөліндіні бөлгішке көбейт.
2. Алынған нәтижеге қалдықты қос.
3. Шыққан нәтижені бөлінгішпен салыстыр.
Егер
бөлінгіш бөлгіштен кем болса, бөліндінің мәні
нөлге, ал қалдық бөлінгішке тең болады.
Оқушылар бірнеше мысал келтіруі мүмкін. Тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексеріп, смайликтермен бағалаңыз.
Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту.
Оқушыларға №1 тапсырманы орындатыңыз,орындамас бұрын есепті талдатыңыз.
а) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 6-дан салды.Қанша қорап қажет болды?
18:6=3 (қорап)
Жауабы:3 қорап қажет болды
ә) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 4-тен салды? Қанша қорап қажет болды және қанша моншақ қалды?
18:4=4 (2 қалдық)
Жауабы: 4 қорап қажет болды және 2 моншақ қалды.Орындап болған соң қалдықпен бөлуді тексеру жолын жасатыңыз.
Тексеру:
4∙4+2=18 моншақ
Балаларға қалдықпен бөлудің жазбасын оқуды үйретіңіз: «18-ді 4-ке бөлсек, 4 және 2 қалдық шығады» немесе «Бөлінгіш – 18, бөлгіш – 4, бөлінді – 4 және қалдық – 2». Бұл кезеңде осы сабақтың тұсаукесерін қолданыңыз..
Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.
Жасыл түс- "Түсіндім"
Сары түс-"Сұрағым бар"
Қызыл түс- Түсінбедім
Сәттілік критерийлері бар тапсырма бойынша дәптердегі өздік жұмысты орындатыңыз.
Бөлуді орында, тексер:
83:9=9 (қ.2 9∙9+2= 83
39:6=6 (қ.3) 6∙6+3=39
49:5= 9 (қ.4) 9∙5+4=49
50:6=8 (қ2) 8∙6+2=50
Өзін-өзі бағалау
Орындап болғаннан кейін өзін-өзі тексеру үшін үлгі беріп,мысалдардан қайсысы қиындық тудырғанын сұраңыз, қиындық туындаған оқушыға көмек көрсетіңіз, көмекке сыныптағы жақсы оқитыноқушыны тартсаңыз болады.
Жаңаны қолдану.
№2 тапсырма.Қалдықпен бөлуге мәтіндік есеп шығару ұсыныңыз.Осы тапсырмаға жаңғақты қолдарына беріп, тәжірибелік жұмыс арқылы орындатыңыз.Немесе слайдты арқылы орындатыңыз.
а) Ағайынды 2 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру керек.Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?
10:2=5 (0 қалдық)
Жауабы: әрқайсысына 5 жаңғақтан тиеді, қалдық қалмайды.
ә) Ағайынды 3 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет.Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?
10:3=3 (1 қалдық)
Жауабы: 3 жаңғақтан тиеді 1 жаңғақ қалады.
б) Ағайынды 4 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді?Қанша жаңғақ қалады?
10:4=2 (2 қалдық)
Жауабы:2 жаңғақтан тиеді, 2 жаңғақ қалады.
Тапсырманы әр топтың топ басшыларына топтардың тапсырмасын тексертіп, жұлдызшамен бағалатыңыз.
№3 тапсырмада кестені толтыруды тапсырыңыз..
Шырша ойыншықтары әр қорапқа 6-дан салынды.Қанша қорап қажет болғанын және қанша ойыншық қалатынын анықтау.
15:6=2 (3 қалдық)
19:6=3 (1 қалдық)
22:6=3 (4 қалдық)
23:6=3 (5 қалдық)
Сұрақ қойыңыз:
–Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындау керек екенін айтып бер?
–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?
Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, смайликтер арқылы бағалаңыз.
Өткенмен жұмыс.
№4 а) тапсырманы әртүрлі тәсілмен шығаруға беріңіз.алдымен талдау жасаңыз.
Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы келген болса, сен қанша кәдесый саттың?
Өрнек үлгісін құрастыруды ұсыныңыз
Саяхатшы-30
Сатып алды-?,4т.және 5к.
Кәдесый-?
30•(4+5)=270 к.
30∙4+30∙5=270к.
Жауабы:270 кәдесый сатты
Шығармашылық деңгей:
Шығармашылық деңгейде есептің санды деректерін өзгертіп, есепті қайта шығаруын ұсыныңыз.
ә) есептің санды деректерін өзгертіп есепті қайтадан шығар.
Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 6 түйеден және 8 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 20 саяхатшы келген болса, сен қанша кәдесый саттың?
Саяхатшы-20
Сатып алды-?,6т.және 8к.
Кәдесый-?
20•(6+8)=280 к.
20∙6+20∙8=280к.
Жауабы:280 кәдесый сатты
Тапсырманы тексеріп, отшашу арқылы бағалатыңыз.Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.
№5 тапсырманы"Кім мықты?"әдісі арқылы орындатуды тапсырыңыз Бұл тапсырма.оқушыларды жылдам есептеуге дағдыландырады.. Тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындаған оқушыны "Кеңесші" етіп тағайындап, оны оқушылардың жұмысын тексеріп, қажет жерінде көмек көрсетуге тартыңыз..
"Кеңесші" тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға түсінік береді.
30:4= 7(2) 35: 6= 5(5) 60:9=6(6) 50:8=6(2)
10:3=3(1) 20: 7= 2(6) 69:8=8(5) 17:3=5(2)
Кеңесші оқушылардың тапсырмаларын тексере отырып, фишкалармен бағалайды.
№6-тапсырманы "Тізбекті бұзба!" әдісі арқылы орындатыңыз.Әр топта 3 оқушы болады.
1-оқушы- өрнекті жазады
2-оқушы- амалдар тәртібін белгілейді
3-оқушы-өрнектің мәнін табады.
124+(219-51)= 292 927+(200+120):4=1007
906-(136+187-97)=680 67+(9∙4):3=79
1000-(218+108)=674 962-(8∙100):2= 562
Тапсырма орындалып болған соң топ басшылары топтарды аралап, жұмысты бағалайды.
Қосымша тапсырмалар ұсыныңыз
Қалдықпен бөл:
Оқушылар осы жерде кіші санды үлкен санға бөлуге қиналуы мүмкін, кіші санды үлкен санға бөлгенде бөлінді 0-ге, қалдық бөлгішке тең болатынын түсіндіріңіз.
1 : 7 = 0 (қ.7) 5 : 2 = 2 (қ.2)
6 : 5 = 1 (қ.1) 29 : 3 = 9 (қ.2)
18 : 4 = 4 (қ.2) 48 : 5 = 9 (қ.3)
Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесін.
Рефлексия.
Рефлексия жүргізу үшін оқушыларға өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсыныңыз: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:
- біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау;
- тексеруді орындау.
Дәптердегі жетістік жолағын қолдануды тапсырыңыз..
Блум текшесінің сұрақтары бойынша сұрақ құрастыруды тапсырыңыз: неге, ата, түсіндір.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?