Параллелепипедтің жазбасы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Кеңістіктік фигуралар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

108- сабақ.

Тақырыбы:

Параллелепипедтің жазбасы

Оқу мақсаты:

3.3.2.3. Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тік бұрышты

параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін

құрастыру

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Фигураның жазбасын көрсете алады, қажет жазбаны іріктей алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Жазбадан параллелепипедті қалай жасап алуға болатынын түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбірі :

Параллелепипед жайлы білімді пайдаланып, есептерді шығарады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар параллелепипедтің жазбасын қалай алу керектігін

түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: параллелепипед, сызба, жазба.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

  • Фигураның жазбасын қалай алуға болады?
  • Қандай фигуралар параллелепипедтің жазбасы болып табылады, ал қайсысы жазба болмайды?
  • Жазбадан параллелепипедті қалай жасап алуға болады?

Құндылықтар

Бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Текшенің моделі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

) «Миға шабуыл» оқушыларды сыни ойландыруға арналған кіріспе тапсырма.

Мына суреттегі сый қораптардың қайсысы текше пішіндес, ал қайсысы өзгеше? Талқыла

(Т) «Алдын-ала берілген атаулар» әдісі арқылы параллелепипед туралы ой жинақтау

Атаулар: Тік төртбұрыш Жақтары Төбелері Қорап

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.

Оқушыларға әр түрлі пішінді қораптарды көрсету. Тікбұрышты параллелепипедтермен таныстыру. Топтарға қақпағы бар қораптарды таратып, сұрақтар қою:

  • Фигураның жақтары нені білдіреді?

Бұл фигураның бұрыштары қандай?

-Текшенің жазбасын жинағанда қандай маңызды бөлікті ескеруіміз керек? Әзірлеу барысында қандай өлшемдер жасау қажет?

Оқушылардан қорапты бұзып, бүгілген қабырғаларын жазуды сұрау. Нәтижесінде не шыққанын сұрау. (жазба). Жазбаға қарап, жақтарын, қырлары мен төбелерін санау.

Жазбадан ұзындығын, енін, биіктігін өлшету. Тақтадағы ережемен таныстыру.

(ЖЖ)Сұраққа жауап бер. Оқушыларға жазбаны модельмен сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап беруді ұсыну. Сандарды ламинатталған параққа белгілеу.

Тікбұрышты параллелепипед пішінді әртүрлі қораптар, сызғыш.

3-4слайд

5 слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

3 мин

2 мин

5 мин

10 мин

(Т) Қаптауға арналған қораптар. Жазбаларға қарап, қайсысынан қорап жасауға болатынын болжау. Ол үшін оқушыларға торкөзді парақты таратып, топтағы жұмысты өзара бөліп, берілген жазбаны сызу. Оқушылар жазбаны қиып алып, сызық бойымен бүктеп, қорытынды шығарады. «Жұлдызша» арқылы бағалау. Оқушыларда жұлдызша пішіндес қиылған фигуралар болуы керек. Дұрыс жасалған қорап үлгісіне жұлдызша көрсетіп бағалайды.

(ӨЖ) Есепте. Оқушылар есепті өз бетінше шығарып, жауабын параққа жазады. Содан соң қалауы бойынша бір оқушыдан есептің шешуін айтып, өз әрекетін түсіндіруін, ал қалғандары өз шешімдерін тексеруді ұйымдастыру. Тік төртбұрыштың ауданын есептеуді қайталау.

(ЖЖ) «Ашық және Жабық сұрақтар» әдісі арқылы параллелепипедтің көлемін табу жайында білім игеру

 Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады. Мысалы, Сен параллелепипедті қандай фигураға ұқсатасың, неліктен? Параллелепипедтің көлемін табу үшін қандай іс-әрекет орындайсың? Суреттегі параллелепипедтің көлемін тап.

 Бағалау критерийлері арқылы бағалау

 Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.

(ЖЖ) Сәйкестендір.

А. Оқушылар кезектесіп тапсырманы жұппен орындайды. Содан соң модельді тақтада көрсетіп және оқушыларға жазбадан сәйкес келетін қабырғасын көрсетуді сұрау. Ал қалғандары тақтадағы оқушының әрекетімен келісетін болса, қол көтереді.

Ә. Жазба мен модельді сәйкестендіру жұмысын жүргізу. Оқушыларды «Отшашу» арқылы бағалау. Жазба мен модельдеу жұмысын дұрыс орындаған оқушылардың жауаптарын төменнен жоғары қарай шапалақтай отырып отшашуға ұқсас әрекет жасайды.

Шығармашылық тапсырма

Бұл жұмысты оқушылар жеке жасаған тиімді. Тақтадан суреттерді көрсету. Суретті пайдаланып, текше мен тік бұрышты параллелепипедтің көлемдерін кішкентай текшелермен тап. Жауап беру барысында ұқсастығы мен даралығын айтуды ұсыну.

Бағалау . «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар басбармақтары арқылы берілген тапсырманың жауаптарын бағалайды. Дұрыс жауап берген оқушыға: Тамаша! бармағын жоғары көтеріп; қателері болса: Орташа! бармағын жанына қарай бағыттайды; ал дұрыс емес жауапқа: Ұнамады! Бармағын төмен бағыттап көрсетеді.

Оқулық, торкөзді парақ, жазбалар, қайшы.

6-7-8 слайд

Өзара бағалау

парағы

8-10 слайд

11-12 слайд

Дайын модельдер мен жазбалар

13 слайд

Сабақтың соңы

7 мин

3 мин

Кері байланыс

Өткен материалды қалай меңгергенін анықтау үшін

параллелепипедтің қанша жағы болса, торкөзді парақтан сонша тіктөртбұрыш қиюды тапсыру. Олардан тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын құрастыруды сұрау. Тікбұрышты параллелепипедтің жанындағы жақтары шаршы болуы мүмкін бе?

Бағалау

Оқушылардан бүгінгі сабақтан алған әсерін бөлісу мақсатында сайқымазақтың тұсына қанатбелгі қоюға шақыру.

Таратпа қағаздар

14-15 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу