Қосындыны санға көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу
№88 сабақ. Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту және бөлу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану
3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b + c) = ab+ a c, a(b– c) = ab – a c көрсету және қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Қосындыны санға бөлу үшін екі қосылғыштың мәнін тауып, санға бөлуге болады. Сонымен қатар қосындыны санға бөлу үшін әр қосылғышты санға бөліп, шыққан нәтижені қосуға болады(а + b) : c = a : c + b : c.
Топқа бірігу
Оқушылар алдын –ала дайындалған қосу, азайту, көбейту, бөлудің компонеттері арқылы топқа бірігу.
1-топ «Қосылғыш»
2-топ «Азайғыш»
3-топ «Көбейткіш»
4-топ «Бөлінгіш»
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма
Математикалық баскетбол
(Ұ.Ж) Сабақты оқушылармен математикалық баскетбол ойына арқылы бастаңыз. Оқушылар кезектесіп мысалдарды орындайды.Мысалды шығарса баскетбол добы торға түседі. Бұл ойын арқылы оқушылар аузша есептеу дағдысын пысықтайды.
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жақсы», «Өте жақсы», «Жарайсың»
Өрнек құр және оның мәнін тап
(Ж.Ж) Сабақты одан әрі жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Берілген тапсырма бойынша оқушылар өрнек құрады және мәнін табады. Оқушылар жұптасады, кезектесіп екі тәсілмен өрнекті шығарады. Шығарып болған соң жұптар арасында дәптерлерін аустырады және салыстыра отырып тексереді. Бұл тапсырма арқылы қандай қорытынды шығаруға болатының сұраңыз.
Жауабы:
а) (24 +36):6=60:6=10 (24 +36):6=24:6+36:6=10
ә) (80 + 12): 2=92:2=46 (80 + 12): 2=80:2+12:2= 46
б) (35+15):5= 50:5=10 (35+15):5= 35:5+15:5=10 в) (90+18):9=108:9=12 (90+18):9=90:9+18:9=12
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
(Ж.Ж) Оқушыларға қима қағаз таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы өзіндік жұмыс ретінде орындайды. Өтілген тақырып болғандықтан оқушыларға қиындық туғызбайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қосындыны санға бөлу туралы алған білімін пысықтайды.
Жауабы:
а) (50+5):5 =50:5+5:5 (40+80):4=40:4+80:4
(80+8):8=80:8+8:8 (300+60):3=300:3+60:3
(700+70):7=700:7+70:7 (400+8):2=400:2+8:2
ә) 90 :3+3:3=(90+3):3 900:3+60:3=(900+60):3
80:2+2:2=(80+2):2 800:2+40:2=(800+40):2
600:3+60:3=(600+60):3 200:4+20:4=(200+20):4
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу
Шығарып көр
(Т.Ж) Әрбір топтық әртүрлі тапсырма жазылған таратпа қағаз беру. Тапсырманы алдымен жұпта, сосын топта талқылап, ортақ шешімге келеді.Ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып тапсырманы түсіндіреді. Қалған оқушылар салыстыра отырып тексереді. Қате кетсе үш шапалақ арқылы білдіреді.Қателескен жерлерін жетекші сұрақтар қою арқылы түсіндіру. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қосындыны санға бөлу дағдысын қалыптастырады.
Жауабы:
1)Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларын және жақшаларды қой:
2)Тиімді тәсілмен шығарып көр.
1-топ
(40+32) :8=9 (40+32) :8=40:8+32:8= 9
(300+ 200):5=100 (300+ 200):5=300:5+200:5=100
2-топ
(36+27):9=7 (36+27):9=36:9+27:9 = 7
(56+14):7= 10 (56+14):7=56:7+14:7= 10
3-топ
(80+16):8=12 (80+16):8=80:8+16:8=12
(64+32):8=12 (64+32):8=64:8+32:8=12
4-топ
(600+30):6=105 (600+30):6=600:6+30:6=105
(25+15):5=8 (25+15):5=25:5+15:5=8
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Өкіл
(Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беріңіз. Есептің шешуің амалдар арқылы, сосын өрнегін жазуды тапсырыңыз.Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, есепті түсіндіреді, есеп туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Топтар бірін –бірі бағалайды.
Жауабы:
- 320:8=40 (ж)
- 400:8=50 (ж)
(320+400):8=320:8+400:8=90 (ж)
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Теңдеуді шеш
(Ж.Ж) Сабақ соңында оқушылардың теңдеу шешу туралы дағдыларын бекітуге арналған тапсырма беріңіз.Оқушылар теңдеуді жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, жұптасып, дәптерлерін ауыстырады және дайын жауап арқылы тексереді. Қате кеткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізіңіз.
Жауабы:
- х=10 2) х=10
«Смайлик» арқылы бағалау.
Сабақ соңында кері байланыс ұйымдастырыңыз.
-Бөліндіні қосындымен қалай алмастыруға болады?
- Есеп шығарғанда қай тәсіл тиімді болды?
-Неліктен?
Сабақты «Сауалнама» әдісі арқылы рефлексия алумен аяқтаңыз.
1. Сабақта мен ... жұмыс істедім белсенді/белсенді емес
2. Мен өзімнің сабақтағы жұмысыма ризамын/ риза емеспін
3. Cабақ мен үшін ... болды қысқа / ұзақ
4. Мен сабақта шаршадым/ шаршамадым
5. Менің көңіл күйім жақсы болды / нашар болды
6. Cабақтың материалы мен үшін... түсінікті / түсініксіз болды
қажетті/қажетсіз
қызықты/ қызықсыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?