Қосындыны санға көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

88 сабақ. Тақырыбы:Қосындыны санға көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc);a(b + c) = ab+ a c,

a(b– c) = ab – a c көрсету және қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Жазуларды пайдаланып, қосындыны санға көбейту және бөлу

тәсілдерін түсіндіреді.

Оқушылардың көпшілігі:

Ережеге сүйенбей-ақ, қосындыны санға көбейту және

бөлудің мәндерін таба алады.

Оқушылардыңкейбірі:

Өрнектердің мәндерін қолайлы тәсілмен табады.

Бағалау критерийлері

Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесінайтып, оны өрнектердің мәндерін табуға қалай қолданатынын түсіндіріп бере алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: қосындыны санға көбейту, амалдың қасиеті.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Екі өрнекті салыстырғанда не байқадың?

Екі санның көбейтіндісін санға қалай бөлу керек?

Көбейтіндіні санға бөлу ережесін қолданып, өрнектердің мәндерін қалай табуға болады?

Құндылықтар

Топтық жұмыстар барысында қазақтың зергерлік өнерін бағалауға және бір-бірін пікірін құрметтеуге дағдыланды.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосындыны санға бөлу. Есептерді шығару

Сабақ барысы

Жоспар

ланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындақ

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз.

Топқа бірігу

Оқушылар алдын –ала дайындалған қосу, азайту, көбейту, бөлудің компонеттері арқылы топқа бірігу.

1-топ «Қосылғыш»

2-топ «Азайғыш»

3-топ «Көбейткіш»

4-топ «Бөлінгіш»

Кіріспе тапсырма

Математикалық баскетбол

(Ұ.Ж) Сабақты оқушылармен математикалық баскетбол ойына арқылы бастау. Өрнекті шығарса баскетбол добы торға түседі. Оқушылар аузша есептеу дағдысын пысықтайды.

Сөздік бағалау жүргізу «Жақсы», «Өте жақсы», «Жарайсың»

Өрнек құр және оның мәнін тап

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырма жазылған қағаз таратып беру. Берілген тапсырма бойынша оқушылар өрнек құрады және мәнін табады. Оқушылар жұптасады, кезектесіп екі тәсілмен өрнекті шығарады. Шығарып болған соң жұптар арасында дәптерлерін аустырады және салыстыра отырып, тексереді. Бұл тапсырма арқылы қандай қорытынды шығаруға болатының сұраңыз.

Тапсырма:

а) 24 және 36 сандарының қосындысын 6 –ға бөлу;

ә) 80 және 12 сандарының қосындсын 2-ге бөлу;

б) 35 және 15 сандарының қосындысың 5- ке бөлу;

в) 90 және 18 сандарының қосындысың 9- ға бөлу.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Слайд №2

Слайд №3

Слайд №4

Слайд №5,6

Сабақтың ортасы

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы өзіндік жұмыс ретінде орындау. Өтілген тақырып болғандықтан оқушыларға қиындық туғызбайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қосындыны санға бөлу туралы алған білімін пысықтайды.

Тапсырма:

а) Бөліндіні қосындылармен алмастыр:

(50+5):5 = (40+80):4=

(80+8):8= (300+60):3=

(700+70):7= (400+8):2=

ә)Қосындыны бөлінді түрінде жаз:

90 :3+3:3= 900:3+60:3=

80:2+2:2= 800:2+40:2=

600:3+60:3= 200:4+20:4=

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Шығарып көр

(Т.Ж) Әрбір топтық әртүрлі тапсырма жазылған таратпа қағаз беру. Тапсырманы алдымен жұпта, сосын топта талқылап, ортақ шешімге келеді.Ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып тапсырманы түсіндіреді. Қалған оқушылар салыстыра отырып тексереді. Қате кетсе үш шапалақ арқылы білдіреді. Қателескен жерлерін жетекші сұрақтар қою арқылы түсіндіру. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қосындыны санға бөлу дағдысын қалыптастырады.

Тапсырма:

1)Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларын және жақшаларды қой: 2) Тиімді тәсілмен шығарып көр.

1-топ

40□32□8=9 300□200□5=100

2-топ

36□27□9=7 56□14□7= 10

3-топ

80□16□8=12 64□32□8=12

4-топ

600□30□6=105 25□15□5=8

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Өкіл

(Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма жазылған таратпа қағаз беру. Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, есепті түсіндіреді, есеп туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Топтар бірін –бірі бағалайды.

Тапсырма:

Құс фермасында түске дейін 320 жұмыртқа, ал түстен кейін 400 жұмыртқа жиналды. Барлық жұмыртқа 8 жәшікке тең бөлініп салынды. Әр жәшікке неше жұмыртқа салынды?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Теңдеуді шеш

(Ж.Ж) Оқушылар теңдеуді жеке орындайды. Тапсырманы орындап болған соң, жұптасып, дәптерлерін ауыстырады және дайын жауап арқылы тексереді. Қате кеткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. Бұл тапсырма арқылы теңдеу шешу туралы дағдыларын бекітеді.

Тапсырма:

х∙5=20+30 х∙6=42+18

«Смайлик» арқылы бағалау.

Слайд

№7,8,9

Слайд

№10,11

Слайд №12,13

Слайд№14

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Бөліндіні қосындымен қалай алмастыруға болады?

- Есеп шығарғанда қай тәсіл тиімді болды?

-Неліктен?

Рефлексия. Сауалнама

1. Сабақта мен ... жұмыс істедім

2. Мен өзімнің сабақтағы жұмысыма....

3. Cабақ мен үшін ... болды

4. Мен сабақта .....

5. Менің көңіл - күйім ...

6. Cабақтың материалы мен үшін..

Слайд №15



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу