Қысқаша көбейту формулалары. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.


7.3В Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қысқаша көбейту формулалары

Сабақ түрі:

«Қысқаша көбейту формулалары» бөлімі бойынша оқушылардың білімдерін жүйелеу және жалпылау.

Оқу мақсаттары

Қысқаша көбейту формулаларын

біледі және қолданады;

Қысқаша көбейту формулаларын

біледі және қолданады;

Тиімді және ауызша есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолданады

 Сабақ мақсаттары

«Қысқаша көбейту формулаларын» оңнан солға,солдан оңға қарай қолданады

 Бағалау критерийлері

Оқушылар

  • Көпмүшелермен амалдар орындау үшін формулаларды қолданады
  • Формулалар көмегімен теңдеулер шешеді
  • Есептеу барысында қысқаша көбейту формулаларын тиімді қолданады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- тараудың терминдері мен түсініктеріне сүйенеді;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Ортақ көбейткіш;
  • Толымсыз квадрат;
  • Топтау тәсілі;
  • Толық квадрат;
  • Көбейткіш.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Оқушылар:

- қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі;

- ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тәсілінің таңдалуын дәйектейді;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің орындалуын түсіндіреді. - қысқаша көбейту формулары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

- екі өрнектің қосындысының квадраты;

- екі өрнектің айырмасының квадраты;

- екі еселенген көбейтінді;

- үш еселенген көбейтінді;

- екі өрнектің қосындысының кубы;

- екі өрнектің айырмасының кубы;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы;

- екі өрнектің кубтарының айырмасы;

-көбейткіштерге жіктеу;

- ортақ көбейткіш;

- ең үлкен ортақ көбейткіш;

- топтау тәсілі;

- толық квадрат;

- толымсыз квадрат. - екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;

- коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші;

- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ... ;

- егер ... болса , онда көпмүшелердің көбейтіндісі нөлге тең;

- көпмүшенің ... бар мүшелерін(өрнекті) бірге топтаймыз;

- берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін ... қолданамыз;

- берілген өрнектен қосындының (айырманың) квадратын бөліп алу үшін...;

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзара ынтымақтастық, сыйластық, жауапкершілік, сенім құндылықтарын қалыптастыру. Болашақ тұлға қалыптастыру. Оқушылардың бойында 21 ғасырдың коммуникативті дағдыларын қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

Геометрия

Бастапқы білім

Дәреже, бірмүше, көпмүше, көпмүшеге алгебарлық операциялар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Сабақты ұйымдастыру кезеңі

( 2 минут)

Сабақ мақсатын қою (2 минут)

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру.

а) Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу,сабаққа қатысуын тексеру;

б)Жұпқа бөлу (1минут)

в) жұмыс жоспарымен таныстыру;

Сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаттарын тұжырымдау және жазу

Сабақ тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары

Сабақ мақсаты:

«Қысқаша көбейту формулалрын» оңнан солға,солдан оңға қарай қолданады

Сабаққа арналған презентация

Сабақтың ортасы

( 6 минут)

Бекіту

25 минут

2. Жұптық жұмыс

Бұл тапсырма қысқаша көбейту формулаларын еске түсіруге арналған. Оқушылар жұпта орындайды.

Оқушылар сәйкестендіруді орындап болған соң, Диофант туралы ақпарат алады.

Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында өмір сүрген ежелгі грек математигі. Оның еңбектері «анықталмаған теңдеулерді» шешуге арналған. Сонымен қатар теңдеулердегі белгісіздерді белгілеуді ойлап тапқан.

2 -3 тапсырмалар. Бұл тапсырмалар қысқаша көбейту формулаларын еске түсіріп, білімдерін қайта жаңғыртуға арналған. Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.Қиынды қ туып жатса, мұғалім нұсқау береді.

3. Топтық жұмыс.

Топтық жұмысты формативті бағалау үшін «Температураны өлшеу» әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады және ұстаз «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.

Оқушылар өзара тексеру жүргізіп, бағалау критерийлері бойынша өзін бағалайды.

Мысалы:

  • егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  • егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  • егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  • егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

Сабаққа арналған презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақты қорытындылау (5 минут)

Сабақты қорытындылау:

Оқушылар өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері арқылы бағалайды.

Мақсат: оқушылардың рефлексиясы, кері байланыс.

Оқушылар рефлексиясы үшін сұрақтар:

  • Мен сабақта .... жұмыс істедім, өйткені .....
  • Сабақ мен үшін ..... көрінді.
  • Мен сабақтағы өз жұмысыма .............
  • Сабақ барысында мен ........
  • Сабақ материалы маған ........
  • Менің көңіл күйім ............

Сабақтың келесі сабақпен байланысты екенін оқушыларға ескерту маңызды.

Үй жұмысы: екі өрнектің қосындысының, азайтындысының квадраты формуласының геометриялық мағынасын түсіндіру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмалар оңайдан күрделі деңгейге ауысып отыратындай берілген.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өздерін бағалайды. Бір – бірін бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу