Иррационал сандар және нақты сандар. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы Сабақ 1 | Иррационал сандар және нақты сандар | |||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру | |||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар иррационал және нақты сандар ұғымдарымен танысады | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар сандар жөніндегі математикалық терминдерді ауызша талқылауда қолданады. Пәндік лексика және терминология Рационал сан, иррационал сан, бүтін сан, бөлшек, бөлімі, ондық бөлшек, иррационал сан Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер иррационал сандар … ондық бөлшектерден тұрады X/Y иррационал сан бола ма? X иррационал сан болуы керек, өйткені … Y иррационал сан болмайды, өйткені… … сандары нақты сандар болады, өйткені ... | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар математикалық сөйлеу дағдысын дамытады, тапсырмалар сыни ойлауын дамытуға көмектеседі. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физиканың есептерін шығару кезінде қажет болады | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, жаңа материалды меңгеру кезінде тақырыпты түсіндіруге арналған бейнематериал қолданылады. | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар натурал, бүтін, рационал сандар ұғымдарын біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 2 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар дайын үлгі арқылы үй тапсырмаларын тексереді, қателерін анықтайды, түзетулер жасайды. | Презентация 1-2 слайдтар | ||||||||||
Сабақтың ортасы 6 мин 4 мин 8 мин 5 мин 10 мин 6 мин | Білімді жаңғырту Мұғалім оқушыларға жалпы жиын, сандар жиындарын еске түсіру мақсатында ауызша сұрақ қоя отырып жауаптарын алады:
Оқушылардың жауаптарын негізге ала отырып мұғалім жалпы сандар жиындарына тағы бір тоқталады және Эйлер диаграммасы арқылы тақтаға сызып көрсетеді. Осы диаграмма бойынша N – бүтін сандар жиынының ішкі жиыны, ал Z – рационал сандар жиынын ішкі жиыны екенін көрсетеді (). Жұппен жұмыс: сандарының қайсысы: а) оң бүтін сандар; б) теріс бүтін сандар; в) оң бөлшек сандар; г) теріс бөлшек сандар? Оқушылар жауаптарын өз дәптерлеріне жазады, кейін жұпта талқылайды. Дескрипторлар:
Жеке жұмыс Алдымен оқушыларға өздіктерінен орындауға уақыт беріледі, кейін мұғалімнің белгісімен әрбір есептің жауабына «ия» немесе «жоқ» деген карточкаларды көтеріп көрсетеді. Дұрыс па: Дескрипторлар:
Жалпы сыныпқа тапсырма:
Оқушылар 2-мысалды жай бөлшек түрінде көрсете алмайтындығын түсінеді. Жаңа материалға шолу Олай болса бұл сан рационал сан емес, бұндай сандарды иррационал сандар деп атайды. Анықтама: Иррационал сан деп кез келген шексіз периодсыз ондық бөлшекті айтамыз. Иррационал санды қатынасы түрінде және керісінше жаза алмаймыз. түріне келтірілмейтін кез келген сан иррационал сан болады. Тақтадағы тапсырма ауызша орындалады. Бейне материалға шолу https://bilimland.kz/kk/subject/algebra/8-synyp/irraczional-sandar-naqty-sandar-zhiyny Рационал сандар жиыны мен иррационал сандар жиыны нақты сандар жиынын құрайды. Яғни, нақты сандар жиын. Жеке тапсырма 0,8; 0; -19; 2,343443444…; ; -1,24242424...; ; 12,6(7); 5,727727772...;; π; 3,676776777… сандарды рационал немесе иррационал екенін анықтап екі шеңберге орналастырыңыз. Дескрипторлар:
Оқушылар тапсырманы орындап болған соң көршілерімен жауаптарын салыстырып, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. | 3 слайд 4 слайд 5 слайд Қосымша 1 6-12 слайдтар 13 слайд 14-15 слайдтар 16-18 слайдтар Қосымша 2 | ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия:
Үй тапсырмасы:
-5; 1,0303...; ; 0,66666...; 3,14; -3,242424...; 2,010010001...; ; -6,513..., .
| 19 слайд Қосымша 3 20 слайд | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Оқушылар жеке, жұппен жұмыстанады. Бұл олардың қабілеті жоғары оқушылардан көмек алуларына ықпал жасайды. | Сабақта өзара бағалау, өзін-өзі бағалау түрлері жүргізіледі. Сабақ кезінде мұғалім оқушыларға қолдау көрсетеді. | Сынып бөлмесі желдетіледі. Оқушылар жалығып кетпес үшін іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?