Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4С Алгебралық бөлшектер | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі | |||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ауданов М.К | |||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Алгебралық бөлшектерді қысқарту. Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдау. | |||||||||||||
Сабақтың типі | Жаңа тақырыпты меңгерту | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.1.29 Алгебралық бөлшектері бар өрнектерді ықшамдайды | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып, бөлшекті қысқартуды орындай алу | |||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Бөлім бойынша лексика және терминология Алгебралық бөлшектер анықтамасын айта алады, алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін түсіндіре алады. Келесі терминдерді дұрыс қолданады:
| |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту. Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау; | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет ресурстарын қолдану дағдыларын дамыту (Bilimland.kz сайтын қолдану) | |||||||||||||
Бастапқы білім | Өрнектерді түрлендіре білу, алгебралық бөлшектерге амалдар қолдану, қысқаша көбейту формулаларын қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу дағдысы | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушыларды жұптарға бөлу. Оқушылар қысқаша көбейту формулаларының оң және сол бөлігін сәйкестендіру арқылы жұптарға бөлінеді. ІІ. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтау. - Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылау. - Бағалау парағын оқушыларға үлестіру | Қысқаша көбейту формулалары жазылған таратпа қағаздар Үлестірме 1 Слайд 1-2 | ||||||||||||
Сабақтың ортасы Жаңа материалды меңгерту 5 минут 10 минут 10 минут 2 минут 8 минут 2 минут | 1. Білу. Тақырыпты меңгеруде қолданылатын тәсілдерді еске түсіру:
Оқушылар көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге қатысты есептерге ауызша жауап береді. 2. Түсіну. «Джигсо» әдісін қолданып оқулықпен оқушылар өздігінен жұмыс жасау арқылы тақырыпты түсіндіру процесін орындайды. Әрбір жұп келесі екінші жұпқа түсіндіреді. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қойып, мақсатқа қарай жетелейді. Екі жұп түсіндіру жұмыстарынан кейін бір-бір мысалдан түсіндіру арқылы қаншалықты дәрежеде түсінгендерін көрсетеді. Олардың түсіндіру жұмыстарына қосымша ретінде http://bilimland.kz/kk/home#lesson=11536сайтының видео ресурсын қолданамыз: 3. Қолдану – талдау. «Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы І.Оқушылар жұптасып №493 1) және 3) есептерін орындайды, шығарылу жолдарын бір-біріне түсіндіреді.Үлгерімі төмен 3 оқушыны тақтаға шығарып бөлшектерді қысқартуға бірнеше есептер беріледі. Қажет болса түсіндіру жұмысы жүргізіледі Сергіту сәті ІІ. Деңгейлік тапсырмалар: Оқулықпен жұмыс. І деңгей – №494 (1,3) ІІ деңгей – №499 (1,3) ІІІ деңгей - № 505(1,3) 4. Жинақтау. 1) алгебралық бөлшектерді қысқарту амалының өмірде қайда қолдануға болатыны туралы оқушылармен бірге қолданбалы бағытын талқылау жүргізу және оқушылардың пікірлерін тыңдау | Слайд 3, 4 Ә.Н.Шыныбеков Алгебра 7 кл Алматы «Атамұра» 2012 жыл 108-115 б. http://bilimland.kz/ kk/home#lesson=11536 Дидактикалық материал Ә.Н.Шыныбеков Алгебра 7 кл Алматы «Атамұра» 2012 жыл 114 б. Слайд 5 Слайд 6 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | 5. Бағалау. Оқушылар бағалау парағы бойынша бір-бірін және өзін-өзі бағалайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Үй жұмысы:
№509 1), 3) есептерді шығару Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: «Бағдаршам» әдісі - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім ? - немен жұмысты жалғастыру қажет ? сұрақтарына жауап жазады | Слайд 7 Ә.Н.Шыныбеков Алгебра 7 кл Алматы «Атамұра» 2012 жыл 115 б. Слайд 8, 9 | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз Арнайы критерий арқылы өзін-өзі бағалау | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?