Қосындыны санға көбейту және бөлу. Есептерді шығар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№89 сабақ. Тақырыбы: Қосындыны санға көбейту және бөлу. Есептерді шығар

Оқу мақсаты:(Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc);

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; қима қағаз, бағалау парағы

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Бұл сабақта мәтінмен берілген есептерді шығару,өрнек құру және қосындыны санға бөлудің ережесін қолдануды бекіту қажет. Қосындыны санға бөлу үшін әр қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижені қосады. (а + b) : c = a : c + b : c.

Топқа бірігу Оқушылар алдын –ала дайындалған қима қағаз арқылы топқа бірігу.

1-топ «Қосу»

2-топ «Азайту»

3-топ «Көбейту»

4-топ «Бөлу»

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе

Әуе шарын қондырайық

(Ұ.Ж) Сабақтың басында оқушылармен қосындыны санға бөлуді қайталау үшін «Әуе шарын қондырайық» ойынын ұйымдастырыңыз. Оқушылар кезектесіп мысалдарды ауызша шығарады. Егер жауабы дұрыс болса, онда әуе шарлары дұрыс жауапқа келіп қонады. Берген жауаптын дұрыстығына көз жеткізу үшін, бір өрнекті жауабын бірнеше оқушыдан сұрап, тексеріңіз.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Тамаша», «Керемет» т.с.с

Таға

(Т.Ж) Сабақты әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып берумен жалғастырыңыз. Оқушылар тапсырманы алдымен өзі орындайды, сосын топтасып ортақ шешімге келеді. Есепті екі тәсілмен шығарады. Ламинатталған параққа жазады. Топтар бір –бірімен парақтарын ауыстырып, дайын жауап арқылы салыстыра отырып тексереді. Бұл тапсырма арқылы қосындыны санға көбейту және бөлу туралы алған білімдерін толықтыра түседі.

Жауабы:

1- тәсіл: (36+32):4=17

2- тәсіл: 36:4+32:4=17

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Омарта

(Т.Ж) Топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар есепті талдайды, шығарады. Саралау үшін жекелеген оқушыларға есепті өз бетінше шығарып көруді тапсырыңыз. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, есептің шешуін тақтада көрсетуін сұраңыз.

Жауабы:

(35+28):7= 5+4=9(бидон)

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Есепті шығар

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар бірінші тапсырманы оқып, талдау жасасың. Жұптасып есепті шығарады. Бірнеше жұп өз жауаптарын тақтада таныстырады. Есептің шешуін оқушылармен біріге отырып талдаңыз. Оқушылар есеп шығару арқылы қосындыны санға бөлуді тиянақтайды.

Жауабы:

(14+12):2=13

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойыншық

(Ө.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған қима қағаз таратып беріңіз. Есепті оқушы өз бетінше шығарады. Алдымен есепті оқып, талдайды. Есепті тиімді тәсілмен шығаруды ұсыныңыз. Есепті шығарған соң, оқушылар бір –бірімен дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы өзара тексерсің.

Жауабы: (24+48) :8=3+6=9 (т)

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Сурет бойынша есеп құрастыр

(Т.Ж) Әрбір топқа сурет бойынша есеп құрастыруға тапсырма беріңіз. Оқушылар есепті құрастырады және шығарады. Ламинатталған параққа жазады. Тақтаға әрбір топтан бір оқушыдан шығады. Есепті түсіндіру. Қате кенткен есепті талқылап, қатемен жұмыс жасаңыз.

Жауабы: (14+16):3=30:3=10 (б)

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Сабақ соңында кері байланыс алыңыз

-Қосындыны санға бөлу ережесін пайдаланып, өрнектердің мәндерін қалай табуға болады?

Сабаққа «Тазалық» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

-Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар),

-Бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар).

- Бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықты-руым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу