Кестеден тыс көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

92 сабақ. Тақырыбы:

Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау ;

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Алгоритмді қолданып, көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Түсіндіре отырып, көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың кейбірі:

Есептеулер жүргізгенде көбейтудің терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Кестеден тыс жағдайлардағы көбейту мен бөлудің

ауызша есептеу алгоритмін түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейту, бөлу, ауызша есептеу алгоритмі.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Өрнектердің мәндерін қалай табуға болады?

Алгоритмді қолданып, қалай есептеуге болады?

Көбейтудің қандай қасиеттерін қолдандық?

Құндылықтар

Патриоттыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

75:15 түріндегі бөлу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Кіріспе тапсырма

(Ұ.Ж) «Кім жылдам?» ойыны ойнау. Сынып оқушылары

3 топқа бөлініп, кезектесіп мысалдарды орындайды.Қате кеткен мысал болса, келесі оқушы жөндеуі керек. Егер қате кеткен мысалдар болса. Қай топ бірінші болса және дұрыс шығарса, сол топ жеңіске жетеді.

Тапсырма:

5∙7

6∙2

7∙8

40:5

63:7

5·6

6·4

7∙3

32:4

18:2

5∙9

6∙7

7∙5

48:6

27:3

5∙3

6·3

7∙9

24:3

45:5

5·8

6∙5

7·8

56:7

36:4

5∙4

6·7

7∙2

64:8

54:6

«Смайлик» арқылы бағалау

.Ж) Көбейтіндіні тап Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқушылар екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтеді. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар жұптасып дәптерлерін ауыстырады. Бір-бірінің жұмысын тексереді.

Тапсырма:

13·5 24∙2 16·8 36∙7

«Смайлик» арқылы бағалау

) Бөліндіні тап. Оқушылар тапсырманы өз бетінше шығарады. Оқушылар екі таңбалы санға бір таңбалы санды бөледі. Тапсырманы орындап болған соң оқушылар жұптасып дәптерлерін ауыстырады. Бір-бірінің жұмысын тексереді.

Тапсырма:

94:2 74:2 34:2 78:3 92:4 76:4

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

-Екі таңбалы санды бөлуде қандай әдіс ыңғайлы?

(жіктеу әдісі – бөлгішті көбейту кезінде бөліндінің

мәніне тең болатын бір таңбалы санды табу керек).

Слайд №2

Слайд №3

Слайд №4,5

Слайд№6

Слайд№7

Сабақтың ортасы

Есепті шығар

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен есепті түсініп оқиды. Оқушылар қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған парақтарға қысқаша шартын немесе сызбасын, шешуін, жауабын жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Дайын жауап арқылы оқушылар тексеріп, бағалайды.

Тапсырма:

А) Бір жейдеге 10 түйме тікті. 42 жейде мен 48 көйлекке неше түйме тікті?

Ә) Мерекелік концертке келген әрқайсысында 24 оқушысы бар 3 топ 6 қатарға тең бөлініп отырды.Әр қатарға неше оқушыдан отырған?

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Периметрін тап

.Ж) Оқушылар есепті өз бетінше шығарады. Оқушылар тік төртбұрыштың периметрін табады. Дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеріп, бағалайды.

Тапсырма:

Қабырғалары 4 см және 2 см болатын тіктөртбұрыш сыз. Периметрін тап.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Теңдеуді шеш

.Ж) Оқушылар теңдеуді өз бетінше орындайды. Шығарып болған соң, жұптасып бір –бірінің тапсырмасын тексереді.

Тапсырма:

х·3=69 х:42=2 90:х=5

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау

Өрнектің мәнін тап

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы алдымен жұппен орындайды. Содан кейін топтасып, ортақ шешімге келеді. Дұрыс жауабын ламинатталған параққа жазады. Тақтаға бір оқушы шығып, қорғайды. Бұл тапсырма арқылы санды қосу мен азайтуды разрядтардан аттап есептеу және кестеден тыс көбейту және бөлу дағдыларын пысықтайды.

Тапсырма:

(359 -284):15 (100-40):4

(248- 192) :14 (123-81):4

«Смайлик» арқылы бағалау

Шығарып көр

(Т.Ж) Оқушыларға тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жеке орындайды. Соын топтасып талқылайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған параққа жазады. Шығарып болған соң,топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп, бағалайды.

Тапсырма:

А) Егер 8 метр матадан 4 перде шығатын болса, онда 120 метр матадан неше перде тігуге болады?

Ә) Тігінші 45 м және 31 м екі бөлек мата бар. Ол осы маталардан әрқайсысына 2 метрден жұмсап, жейделер тікті. Барлық матадан неше жейде тігілді?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Слайд№8,9

Слайд№10

Слайд №11

Слайд №12

Слайд №13

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Не үйреніп, не білдік?

«Басбармақ» арқылы

-Барлығын түсіндім

- Енді түсініп келемін

- Түсінбедім

Слайд №14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу