Көбейтіндіні санға бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу №93 сабақ. Тақырыбы: Көбейтіндіні санға бөлу | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану. 3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Кестеден тыс жағдайлардағы көбейту мен бөлудің ауызша есептеу алгоритмін түсіндіре алады. | |||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойы білім алу | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі. | |||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Кестеден тыс көбейту және бөлу | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Қол алысып, кәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу! Кіріспе тапсырма Математикалық дктант (Ұ.Ж.) Бұл тапсырма арқылы оқушылар көбейту бөлу кестесі туралы білімдерін пысықтайды.Оқушылар қойылған сұрақтардың тек жауабын ғана жазады.Дайын жауабы слайдтан көрсетіледі, оқушылар өзін- өзі тексеріп, бағалайды. Алдымен қатесі жоқ оқушылар тұрады. Содан кейін бір қате жіберген оқушылар, екі – үш қате жіберген оқушы тұрады. Қате жіберген оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек көрсету. Математикалық диктант.
Сөздік бағалау жүргізу «Өте жақсы», «Жақсы», «Тамаша» т.с.с Салыстыр (Ж.Ж)Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма беру. Оқушылар алдымен жеке орындайды.Сосын жұбымен дәптерін ауыстырып, өзара салыстыра отырып, тексереді. Тапсырма: 16: (4*2)* 16:8 16: (4*2)* 16:4:2 16: (4*2)* 16:2:4 -Не байқадық? -Көбейтіндіні санға бөлуді қандай тәсілмен табуға болады? Есіңе сақта *Екі көбейткіштің көбейтіндісін белгілі бір санға бөлу үшін кез келген бір көбейткішті бөліп (сан бөлінетін болса), бөліндінің мәнін екінші көбейткішке көбейтеміз: (a ∙ b) : c = (a : c) ∙ b = a ∙ (b : c) Сөздік бағалау жүргізу «Өте жақсы», «Жақсы», «Тамаша» т.с.с Мәнін тап (Ұ.Ж) Оқушылар тақтаға жеке шығып орындайды. Мысалдың тиімді тәсіл арқылы шығару жолын түсіндіреді. Бұл тапсырма арқылы көбейтіндіні санға бөлуді үйренеді. Тапсырма: (14·11):2 (24·4):3 (17·6):2 (66·7):6 Сөздік бағалау жүргізу «Өте жақсы», «Жақсы», «Тамаша» т.с.с
| Слайд №2 Слайд №3 Слайд №4,5 Слайд №6 Слайд №7 | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Ойланып көр! (Т.Ж.) Әрбір топқа әртүрлі тапсырма беріледі.Оқушылар алдымен топта орындайды. Шығарып болған соң әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды. Қате кеткен жағдайда сұрақтар қою арқылы түсіндіру. Оқушылар көбейтіндіні санға бөлуді туралы білімдерін тиянақтай түседі. Тапсырма: Санға бөлінетіндей етіп бөлгіштердің әрқайсысын көбейткіш-термен ауыстыр және шығар. 1-топ 210:42 315:35 2-топ 360:72 486:81 3-топ 189:21 720:36 «Смайлик» арқылы бағалау жүргізу «Ойлан, жұптас, бөліс» (Ж.Ж.) Оқушыларға тапсырма жазылған қағаз таратып беру. Бұл тапсырма арқылы жаңа тақырыпты бекітеді.Оқушылар есепті алдымен оқиды. Есептің шарты бойынша не белгілі, не белгісіз екенің табады, талдайды. Есепті әр түрлі тәсілмен есептейді. Оқушылар алдымен жеке орындайды, содан кейін жұбымен, одан кейін топта бөлісіп талқылайды. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып талдайды. Дайын жауап арқылы салыстыра отырып тексереді. Тапсырма: 7 қорапта 6 банкадан шие тосабы бар. Барлық шие тосабы 3 күнде бірдей мөлшерде сатылды. Әр күні қанша банка шие тосабы сатылды? «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Кестені толтыр. (Ж.Ж.) Оқушыларға тапсырма жазылған кесте таратып беру. Оқушылар алдымен жеке орындайды, содан кейін жұбымен, одан кейін топта бөлісіп талқылайды. Оқушылар кестені толтыру арқылы көбейтіндіні санға бөлуді тиянақтай түседі. Тапсырма: Кестені толтыр
«Смайлик» арқылы бағалау Орындап көр (Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырманы таратып беру. Тіктөртбұрыштың ауданын табуды еске түсіріп алу. Содан соң оқушылар есепті оқиды. Топта шығарады. Әрбір топтан бір оқушы шығып, түсіндіреді. Қате шығарған есепті жетекші сұрақтар қою арқылы қайта түсіндіру. Тапсырма:
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 5 см, бұл оның енінен 2 см-ге артық. Тіктөртбұрыштың периметрі мен ауданын тап.
Шаршының бір жағының ұзындығы 4 см, ал тіктөрт-бұрыштың жақтары 6 см және 2 см. Осы фигуралардың периметрлерін салыстыр. 3-топ Бірінші тіктөртбұрыштың ауданы екінші тіктөртбұрыштан 2 есе үлкен. Егер бірінші тіктөртбұрыштың ұзындығы 22 см, ал ені 4 см болса, екінші тіктөртбұрыштың ауданы қандай? «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау | Слайд№8,9 Слайд №10,11 Слайд №12,13 Слайд №14 Слайд №15 Слайд№16 Слайд №17 | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс СМС әдісі Оқушылар қағаздан жасалған ұялы телефонға сабақтың қалай өткенін және қаншалықты жемісті болғанын смс арқылы жазады. | Слайд№18 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?